Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 12323 2 пікір 22 Сәуір, 2014 сағат 12:17

"КӨКЖАЛДАР МЕКЕНІНЕН" БІР АРЛАН БӨЛІНДІ

Әйгілі «Көкжалдар мекені» теле жобасын жасаушы «Pana Film» холдингін құрушы ағайынды Шашмаздар екіге айырылды. Түркияның «Haberler.com» ақпараттық агенттігінің жазуынша Полат Алемдар бейнесін сомдаушы Нежати Шашмазбен інісі Раджи Шашмаз ренжісіп қалып, Раджи Шашмаз холдингтен кеткен. Он бір жыл бұрын Раджи Шашмаз танымалы Режиссер Осман Сынаппен бірлесіп «Көкжалдар мекені» жобасын қолға алаған болатын. Ол енді «Yalnız Kurt» (Жалғыз бөрі) болып жортпақ. Алағашқы қадамдарын құрлыс саласына 500 миллион доллар инвестиция құюдан бастаған Раджи Шашмаз алдағы уақытта туризм, медиа нарықтарында жаңа жобаларды қолға алатын болады. Раджи Шашмаз аталмыш теле сериялдың негізгі жандандырушысы. Ол сондай- ақ танымалы сценарист, Түркиядағы саяси ахуалды астарлап бейнелеген «Көкжалдар мекені», «Асау жүрек» теле сериялдарының сценарий жазармандарының бірі. Оның қолға алған «Көкжалдар мекені» жобасы он жыл бойы Түркияда үлкен резонанс тудырып келеді. Атап айтсақ «Көкжалдар мекені Ирақ», «Көкжалдар мекені Палестин» фильмдеріне АҚШ тиым салған, бұл фильмдер аталмыш өңірлерде болған АҚШ әскерлерінің зорлықтарын көрсеткен. Ал «Көкжалдар мекені Тұзақ» теле сериялы ішінде болатын Сирия елшілігіне басып кіру сюжетіне байланысты Сирия елшілігі реніш білдірген. 2003- 2005 жылдары түсірілген «Көкжалдар мекені» теле сериалының жалғасы болып табылатын «Көкжалдар мекені Тұзақ» қазіргі күнде Түркиядағы рейтингі ең жоғары бағдарлама. Жалғасты түсіріліп келе жатқан сериал ел ішіндегі саяси оқиғаларды қалыспай көрсетіп отырады.

НҰРҒАЛИ НҰРТАЙ

АБАЙ-АҚПАРАТ

 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2049
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2480
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2067
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1599