Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жағымды жаңалық 19425 2 пікір 22 Сәуір, 2014 сағат 13:41

ОРАЛМАНДАР 1 ЖЫЛ ІШІНДЕ АЗАМАТТЫҚ АЛА АЛАДЫ

Өздеріңіз білетіндей, "Абай" порталы ашылғалы бері қазақ көші мен оралман мәселесін бір сәт назардан тыс қалдырған емес. Соңғы уақыттағы оралмандардың азаматтық алуын қиындықтан заң тармақтарына да дер уақытында тойтарыс берген. Міне, сүйінші жаңалық та жетіп отыр. BNews.kz сайтының хабарлауынша, ендігі жерде оралман ағайындар бір жыл ішінде Қазақстан азаматтығын алуына болады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлiмдеген. 

«Оралмандар жөнiнде өткен жылы жаңа заң қабылдаған болатын. Сол заңға сәйкес егер де Қазақстанда оралмандарды қабылдайтын аймақтар бекiтiлiп, сол өңiрлерге азаматтар барған кезде оларға оралман мәртебесi берiлген. Ал, егер олар басқа аймақтарға баратын болса, «оралман» мәртебесi алынып тасталған болатын. Бүгiн үкiметте бiз бұл мәселенi қайта қарап, қазiр бiздiң қандастарымыз республиканың қайсы облысына баратын болса да, сол жерде оларға оралман мәртебесi берiлетiн болды»,- дедi Т.Дүйсенова

«Екiншiден, жаңа заңымызда көрсетiлгендей, белгiлi бiр өңiрден басқа өңiрге көшсе, онда оралмандар шетел азаматтары сияқты өздерiнiң төлеу қабiлеттiлiгiн дәлелдеп, содан кейiн уақытша тұруға мүмкiндiк алатын едi. Қазiр мақұлданған шешiмге байланысты азаматтар, этникалық қазақтар, өзiнiң төлеу қабiлеттiлiгi жөнiнде еш дәлелдеме талап етілмейді, елiмiздiң азаматтығын алу үшiн үлкен тосқауылдар болмайды. Егер алдыңғы заңымызда шетелден келген қандастарымыз оралман мәтебесiн алып, 7 жылдан кейiн ғана мемлекеттiң азаматтығын ие болса, қазiр қайтып келгеннен кейiн 1 жылдың iшiнде азамат оралман мәртебесiн алады, содан кейiн 1 жылдан соң мемлекет азаматтығын ала алады», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, министр шетелден оралған азаматтардың бейiмделуi мен ықпалдасуы үдерiсiн жеделдету, жұмыспен қамту мәселелерi шешу мақсаттарында оралмандарды еңбек ресурстары жеткiлiксiз болып отырған өңiрлерге тартуға әрекет жасалып жатқанын жеткізді.

«Қайсы аймаққа барам десе де, ол - қандастарымыздың өз еркi. Бiз анықтаған еңбек ресурстары жетiспейтiн өңiрлерге баратын болса, онда ол азаматтарға қосымша әлеуметтік пакет берiлетiн болады», - деді Тамара ханым. 

Дина Құлмағанбетова

BNews.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600