Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4227 0 пікір 22 Сәуір, 2014 сағат 18:04

ӘМІРХАН БАЛҚЫБЕКТІҢ РУХЫНА АС БЕРІЛДІ

Бүгін  Қазақстан жазушылар одағында марқұм Әмірхан Балқыбектің рухына арнап ас берілді. Қырық бесінде мезгілсіз сөнген ақынға құран бағышталды. Сыйлас ағалары мен сырлас достары орыны ойсырап тұрған Әмірхан Балқыбек туралы естеліктер айтты. Қимас көңілдің өлеңдері оқылды. Алдағы уақытта ақынның шығармалары мен белес – іздері туралы кітаптар шығарылатыны сөз болды.

17 мамырда ақынның туған жері Шардарада қырқы нәзірі беріледі. «Абай» порталы Әмірхан Балқыбектің шығармашылығы мен ол туралы естеліктерді үзбей жариялап отырады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2441
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2026
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587