Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2572 0 пікір 26 Сәуір, 2010 сағат 05:03

Футболдан Қазақстан чемпионатының жетінші турында «Ақтөбе» астаналық «Локомотив» командасынан басым түсті

Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ - Ел чемпионы «Ақтөбе» жетінші турдың шеңберіндегі бірнеше сәтсіздіктен кейін астаналық «Локомотивтен» 1:0 есебімен басым түсті. Жалғыз доптың авторы - Сергей Струков.

Көкшетаулық «Оқжетпес» «Атыраудан» - 0:6 есебімен ұтылды. Қонақтардан гол соққандар:  Тельман Зунунов пен Баурыжан Жолшиев екі реттен, Мариус Кроитору және Руслан Сақалбаев.

Лидерлер қақтығысында шымкенттік «Ордабасы» қостанайлық «Тобылдан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Алаң иелерінен Дәуренбек Тәжімбетов гол соқты. Жеңімпаздардан Мұрат Сүймағамбетов пен Ұлықбек Бақаев ерекшеленді.

Алматылық «Қайрат» қарағандылық «Шахтер» командасынан 0:1 есеппен жеңілді. Голды Никита Бильдинов соқты.

Павлодарлық «Ертіс» өз алаңында «Таразды» қабылдап, қарсыласты 2:1 есебімен тізе бүктірді.  Алаң иелерін жеңіске жетелегендер - Сергей Иванов пен Павел Шабалин. Қонақтардан жалғыз доптың авторы - Милан Йованович.

Ал талдықорғандық «Жетісу» Оралдың «Ақжайығын» 2:1 есебімен жеңді. Жеңімпаздар командасынан гол соққандар - Данило Белич пен Серік Досманбетов. Ал қарсыластардан Алексей Мальцев ерекшеленді.

Жетінші турдан кейін 17 ұпай жинаған қостанайлық «Тобыл» алға шықты. Екінші орында 13 ұпай жинаған қарағандылық «Шахтер». Лидерлер үштігін павлодарлық «Ертіс» қорытындылайды, оның ұпайы - 11.

Футболдан ел чемпионатының сегізінші туры 1 мамырда өтеді.

0 пікір