Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4051 0 пікір 14 Мамыр, 2014 сағат 15:03

УКРАИНА ШЕКАРАСЫНДА РЕСЕЙ ТЕХНИКАЛАРЫ

Бүгін АҚШ Украина шекарасы маңына орналасқан Ресей әскери техникаларының жаңа  фотосуреттерін жариялады. Бір апта бұрын ғана Ресей президенті Путин Украина шекарасындағы Ресей әскерлерінің әкетілгендігі туралы хабарлаған болатын. Сәйкесінше НАТО да Ресейді бақылауды тоқтатуы тиіс болған. BBC-дың орыс тілді жаңалықтарына жарияланған спутниктен түсірілген суреттер - Украина шекарасынан 75 шақырым территория ішінде Ресейдің ауыр соғыс техникалары тұрғанын көрсетуде. Фото суреттер АҚШ-тың НАТО жанындағы департаментінің ресми «Twitter» есебінде жарияланған. Екі фото сурет 9-12 мамыр аралығында түсірілген. Салыстырмалы түрде фото суреттер түсірілген Белгоград маңы мен Ростов аймағының 22 наурыздағы фотолары да қоса берілген. Соғыс техникалары шекара маңына 23 наурызда топтастырылған. Содан бері кері шегіну әрекеті байқалмаған. Бұл фотолардан Ми-8 және Ми-24 сияқты бомбалаушы тік ұшақтарды, брондалған машиналарды, шабуылдаушы танктарды, Су-30 секілді истребителдер мен Су-24 сияқты бомбалаушы ұшақты байқауға болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1672
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1621
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1288