Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Мәйекті 4527 0 пікір 19 Мамыр, 2014 сағат 10:35

АЗАТТЫҒЫ БОЛМАСА ЕЛ БОЛҒАНЫ НЕ КЕРЕК

Асылы жыр мен поэзия бөлек дүниелер. Жырды көшпелі өмір, поэзияны отырықшы өмір салты туғызады. ХХІ ғасырда жыраулар дәуірі қайта дәуірлейді дегенге сенгің келмейді, өйткені көшпелі дүние келмеске кетуде... Бірақ жыр қалмайды екен. Біз жариялап отырған дүние өлеңнен гөрі қазақы жыр екені даусыз.

Бәлкім, жыраулар дәуірі қайта туар... Себебі Ұлы дала рухсырап тұр!

 

Ай сенде де бір мұң бар
Жарығың бұлттан өтпейді.
Жұлдыздарда бір мін бар,
Сәулесін жерге төкпейді.
Қарашада кірбің бар,
Ханға сөзі жетпейді.
Аласада бір мұң бар,
Биіктік бойын шектейді....

Төбеде төре болмаса,
Төр болғаны не керек,
Бетегесі болмаса,
Бел болғаны не керек.
Азаттығы болмаса,
Ел болғаны не керек.
Қаз, аққуы қонбаса,
Көл болғаны не керек.

Қара судың бетінде
Қалқып алар қаймақ жоқ.
Хас шебердің қолында
Ою бар да оймақ жоқ.
Қаймана жұртта бір мін бар,
Ашу бар да айбат жоқ,
Азаматқа қарасам
Айла бар да айбат жоқ...

Жаманнан туған жақсы бар,
Топта сөзді бастаған.
Жақсыдан туған жаман бар
Ошақтан ойы аспаған.
Аруда да ару бар,
Етегін жел ашпаған...
Жақсы жігіт белгісі
Қасірет,қайғы көрседе,
Қайыспаған қашпаған.
Сабаздықтың белгісі
Сабырлы көл секілді,
Сабасынан аспаған...

Шыңға жалғыз шықпаңыз,
Құздың шеті жар болар,
Қарашаның белгісі
Қапалай жауған қар болар.
Адамдықтың белгісі,
Ұятпенен ар болар.
Сыңсығаны қурайдың,
Сыбызғы күйі зар болар.

Алты айшылық асулар,
Атанның белін талдырар.
Жаман болса туғаның,
Жақынын жұртта қалдырар.
Іскерліктің белгісі,
Тақыр жерді тау қылар,
Жақсы әйелдің белгісі,
Жоқ нәрсені бар қылар.

Алтын айдар Алты Алаш
Алла бізге жар болсын.
Жағалай қонсаң жайлауың,
Жағасы қайың, тал болсын.
Жазиралы қонысың,
Жайылған түлік мал болсын.
Жесең асың алдыңда,
Жая менен жал болсын.
Ішсең сусын қандырар,
Қымызбенен бал болсын.
Алдыңнан атқан таң болсын, 
Бәрі бізде бар болсын!!!
Әумин!

Əскерхан Бахат 

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2560
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2409
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663