Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3538 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 20:11

Қытай қаржы құюда белсендi

Жаңадан құрылатын қазақ-қытай тiкелей инвестиция тарту қоры экономиканың шикiзаттық емес салаларын қаз тұрғызуға бағытталады. Қаражат құюда аса белсендi аспанасты елi дағдарыстың арқасында арзан келiсiмшарттарға миллиардтаған қаржы салуда.
2007 жылдың 17-18 тамызында Қазақстанға арнайы iссапармен келген аспанасты елiнiң Мемлекеттiк кеңесiнiң премьерi Вэнь Цзябаомен өткен кездесуден кейiн ҚР Президентi Н.Назарбаев аталған қорды құруға пәрмен берген едi. Сейсенбi күнi Пекинде өткен ресми кездесулер барысында “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ-ның басқарма төрағасы Қайрат Келiмбетов басқарған қазақстандық делегация қаржылық қуаты 200 млн. долларға тең қазақ-қытай тiкелей инвестиция қорын (CITIC — Kazyna Investment Fund) құруға қатысты бiрқатар құжаттарға қол қойды. Арнайы келiсiмдi қабылдаған “Kazyna Capital Management” (“Самұрық-Қазына” қорының еншiлес кәсiпорны) АҚ жетекшiсi Абай Алпамысов пен қытайлық CITIC Holdings Limited (CITIC Group компаниясының еншiлес кәсiпорны) кәсiпорнының басшысы Ван Фанлу аталған құрылымның басты мақсаты екi ел экономикасының шикiзаттық емес салаларын дамытуға баса назар аударатынын айтты.

Ресми деректерге сүйенсек, қор құрылғаннан кейiнгi алдағы екi жыл iшiнде әрқайсысы 400 млн. доллар болатын жаңа екi тiкелей инвестициялық қор құру жоспарланып отыр. Қаржылық қолдау Қытай мен Оңтүстiк-Шығыс Азияның инвесторлары тарапынан келмек.
Бүгiнде қытай инвесторлары Иран, Бразилия, Ресей, Венесуэла, Австралия мен Франциядағы қаржылық дағдарыстың кесiрiнен арзандап қалған кәсiпорындарды сатып алуда миллиардтаған доллар жұмсауда. Мысалы, үстiмiздегi жылдың басында ҚХР-дың металлургиялық алпауыты саналатын “Chinalco” кәсiпорны австралиялық “Rio Tinto” компаниясымен бiрге 19,5 млрд. долларға келiсiмге отырды. Бұл қытайлық компанияны кен өндiру қуаты жағынан алғанда, дүние жүзi бойынша екiншi орынға ие кәсiпорынға айналдырды. “China National Petroleum” Ресеймен 25 млрд. долларға, ал Венесуэламен 4 млрд. долларға тең келiсiм-шартқа отырды. Аталған екi ел Қытайды мұнаймен үздiксiз қамтамасыз етiп отыруға мiндеттi. Жер шарына тиесiлi табиғи газдың 8 пайызы шөккен Парсы шығанағының түбiндегi кен орындарын игеруге қатысты келiсiмге қол қойған Қытай инвестиция құюда аса белсендi. 2008 жылы Қытайдың шекара сыртынан сатып алған мүлiктерiнiң жалпы сомасы 52,1 млрд. долларға жеткен. Халықаралық сарапшылар қауымы үстiмiздегi жылы бұл көрсеткiш екi есеге дейiн ұлғаятынын болжап отыр. Бүгiнде қытайлар әсiресе, мұнай мен газ, кен орындары, металл, басқа да стратегиялық табиғи ресурстарға тiкелей инвестиция құюға баса назар аударады. Келiсiм-шарттарды түзудi құлашын кеңге жайған аспанасты елi келешекте әлемдiк нарықтағы бағаны қалыптастыратын басты бәсекелес елге айналары сөзсiз.
Қазақстанға келсек, елiмiздегi ең iрi екi мұнай газ жобасын жүзеге асыру мақсатында 5 млрд. доллар қаржы бөлген Қытай “МаңғыстауМұнайГаз” АҚ-на тиесiлi акцияның тең жартысын иемдену арқылы Қазақстан — Қытай газ құбырының бiр тармағы болып табылатын Бейнеу — Бозой — Шалқар — Самсоновка газ құбырын тартуға белсенiп отыр. Құбыр мемлекет меншiгiндегi “ҚазТрансГаз” компаниясы мен CNPC-ның еншiлес компаниясы Trans-Asia Gas Pipeline Limited компаниясына тиесiлi “Азиялық газ құбырына” (Қазақстан — Қытай) жалғасуы тиiс. Аталған құбыр жыл сайын 30 млрд. текше метр табиғи газ тасымалдауға қауқарлы. Ресми дерек көздерi ақапарат беруге құлшынбағанмен, кейбiр бұқаралық ақпарат құралдарының мәлiмдеуiнше, ресейлiк “Газпром-Нефть” пен үндiлердiң ONGC компаниясы таласқан тартыста қытайлар ММГ акциясының 50 пайызы 1,4 млрд. долларға сатып алуға ниет бiлдiрген көрiнедi. Ал Бейнеуден Самсоновкаға дейiн созылатын құбырдың құны 3,6 млрд. долларға тең. Қазақстан мен Қытайдың ортақ холдингi сатып алған ММГ акция құрамына кiретiн кен орындарына келсек, Қаламқас, Жетiбай тобы т.б. (мұнай мен газ қоры бар жалпы саны 36 кен орны бар). Қызылорда облысы аумағында жатқан Құмкөл кен орындарындағы мұнай өндiру жұмыстарына қатысты жобалар, Шымкенттегi мұнай өңдеу зауыты, Кеңқияқ — Атырау, Атасу — Алашанкой сияқты iрi жобаларда үлесi бар. Қытайлардың CNPC компаниясы “CNPC - Ақтөбемұнайгаз” АҚ-ның басты акционерi болып табылады. Сонымен қатар қытайлар Маңғыстаудың солтүстiк бөлiгiндегi кен орындарын игеруде белсендiлiк танытуда.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ
«Түркістан» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар