Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2563 0 пікір 24 Сәуір, 2010 сағат 08:26

«Астана» шабандозы Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы атанды

Алматы. 24 сәуір. ҚазТАГ - «Астана» жарыскері Александр Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды astanafans.com

Бас классификацияда Винокуров секундтың 14 жүздігіне итальяндық Риккардо Риккодан (Flaminia Ceramica) озды. Үшінші орынды Рикконың жерлесі - Colnago - CSF Inox жарыскері Доминико Поззовиво алды (жеңімпаздан 42 секундқа қалып қойды).

Еске сала кетсек, Винокуров жарыстың бірінші кезеңіндегі жеткен жеңісінен кейін ешкімді өзінен оздырмай, жалпы есепті бастады.

Көпкүндік жарыстың соңғы кезеңін итальяндық Поззовиво жеңсе, екінші орында Рикко болды. Жеңімпаздар үштігіне тағы бір итальяндық Микеле Скарпони де ілікті. Винокуров төртінші болып мәреге жетті.

Жарыс аяқталған соң Александр Винокуров «Джиро де Трентино» веложарысының жеңімпазы ретінде, көшбасшының сары майкасын жарыс соңына дейін киемін деп ойламаған едім деп мойындады.

«Мен өте ризамын. Мен жарыстың бірінші кезеңін жеңген соң, сары майканы жарыс соңына дейін сақтаймын деп ойламаған едім. Рикко өте күшті және біз мәреге жеткенше ондан қатты секемдендім. Жеңіс дер кезінде келді, ал бұл маған жексенбі күнге Льеж-Бастонь-Льеж-ге міндет қоюға, ең бастысы - Итальяның Джиросына көтеріңкі көңілмен баруға мүмкіндік береді. Трентино туры биіктіктегі дайындықтан соңғы жарыс болуы тиіс. Бұл үлкен жетістік. Және мен осы қарқынмен жалғастырамын деп үміттенем», - деген оның сөздерін сайт жариялапты.

«Астана» велокомандасы «Джиро де Трентино» көпкүндігінде келесідей құраммен шықты: қазақстандық Александр Винокуров, Роман Киреев, Сергей Ренев, Болат Раимбеков, итальяндықтар Мирко Сельваджи, Паоло Тиралонго және австралиялық Скот Дэвис.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1540
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1410
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1157
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1163