Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2251 0 пікір 9 Сәуір, 2010 сағат 05:48

Қазақстан ресейлік-украиналық ғарыштық жобаларға тең шарттармен қатысуды жоспарлап отыр – Қазғарыш басшысы

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Қазақстан ресейлік-украиналық ғарыштық жобаларға тең шарттармен қатысуды жоспарлап отыр, деп мәлім етті ҚР ұлттық ғарыш агенттігінің (Қазғарыш) басшысы Талғат Мұсабаев.

Ол «Байқоңыр» ғарыш айлағында екі қуатты зымырантасығышты пайдаланатын екі ресейлік-украиналық кәсіпорын (РС-20  баллистикалық зымыранын пайдалану жөніндегі «Днепр» жобасын жүзеге асырып жатқан «Космотрас» және «Зенит» зымырантасығышын пайдалану жөніндегі «Наземный старт» жобасын жүзеге асырып жатқан ресейлік-украиналық «МКУ» кәсіпорны – ҚазТАГ) бар екенін еске салды.

«Біз бұл кәсіпорынға («Космотрас» - ҚазТАГ) кіру бағытында алғашқы қадамдар жасап та қойдық. Акциялардың 10% алдық. Енді тең үлеске қол жеткізгенше технологиялық тізбекке кіреміз. Бұл мәселені Украина және Қазақстан президенттері Виктор Янукович пен Нұрсұлтан Назарбаев талқылады. Біз оған Ресей және Украина сияқты 33% тең үлеспен кіреміз деп үміттеніп отырмыз», - деді Т. Мұсабаев жұма күні сенаттың кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар, ол Қазақстан «Зенит» зымырантасығышының ұшырылымдарын жүзеге асыратын «МКУ» ресейлік-украиналық компаниясының үлесін сатып алуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1910
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2008
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1680
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1514