Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2298 0 пікір 9 Сәуір, 2010 сағат 05:47

Бакиев қалыптасқан жағдайды реттеуге Қазақстан мен Өзбекстан президенттері ғана көмек ұсынды дейді

Алматы. 9 сәуір. ҚазТАГ –  Биліктен аластатылған Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев тек Қазақстан мен Өзбекстан президенттері ғана жағдайды реттеуге көмек ұсынды деп отыр. Бұл туралы ол «Эхо Москвы» радиостанциясына бейсенбі күні кешкісін берген сұхбатында мәлім етті.

Ол радионың тілшісіне: «Мен 7-ші сәуір күні Қазақстан мен Өзбекстан президенттерімен байланыста болғанымды айтқым келеді. Олардың екеуі де: «Біз Сізге қандай көмек көрсетейік? Біз дайынбыз» деді. Мен оларға: біз өзіміз жағдайды реттеуге тырысамыз, бұл біздің ішкі ісіміз, деп айттым», - деді.

«Ал басқа мемлекеттермен әзірге байланыс болған жоқ», - деп қосты Қ. Бакиев. 

Бүгін (8-ші сәуір) ресей тарапынан байланысқа шығу әрекеті болған жоқ па? - дегенге ол: «Жоқ» деп жауап берді.

Биліктен аластатылған президент онымен АҚШ және еуропа мемлекет өкілдері байланысқа шыққан жоқ дейді.

Қ. Бакиев ол немен байланысты екенін білмейді. «Білесіз бе, (оның себебін) айту қиын. Бәлкім, олар жаңа билікке бой ұсынған шығар, бірақ, меніңше олар республикада не болып жатқанын, әсіресе астанада, Бішкекте не болып жатқаны туралы істің мән-жайын анық білмейді. Маған қалада құқық қорғау органдарының ғимараттарын қарумен басып алды деген мәлімет келіп түсті, басымен кеткен озбырлық орын алып отыр. Міне, осыған байланысты олар мәселенің мән жайын білмейді, сондықтан, бәлкім, осылай деп ойлайды. Бірақ бұл олардың таңдауы, мен олардың неге солай ойлайтындықтарын түсіндіріп жатпаймын. Бұл олардың өз ісі», - деді ол.

«Мен тек қана, әлем қауымдастығы да, бәлкім, бүгіндері Қырғызстан астанасында не болып жатқаны туралы үнқатулары керек деп ойлайтындығымды айтқым келеді», - деп қосты Қ. Бакиев.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1886
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1945
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1637
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1491