Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2293 0 пікір 8 Сәуір, 2010 сағат 05:59

Акбар Рысқұлов: Бакиев билігіне төзу мүмкін болмады

Асқар Ақаевтың тұсында Қырғызстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі болған Акбар Рысқұлов мырзамен 7 сәуір оқиғасына байланысты сұхбаттасудың сәті түсті.

-         Акбар байке, ақпарат көздері кешеден бері «Бакиев елден қашып кетті» деп жатыр. Рас па?

-         Рас. Бой тасалап кетті.

-         Қайда барып жасырынғанынан еруілшілер хабардар ма?

-         Шағын самолетке мініп ұшып кетіпті деп естіп жатырмыз. Біреулер оны Қазақстанда жүр дейді. Біреулер Ош қаласында деседі. Дұрысы сол - Ош болса керек. Ол алысқа ұзай қойған жоқ. Меніңше Бакиев Ошта тығылып отыр.

-         Екінші мерзімге сайланған елбасшысының бой тасалап кеткені несі? Оппозиция өкілдерімен кездесіп бір мәмілеге келмеді ме екен?

-         Олай етуге оның еш мүмкіндігі қалған жоқ. Өзі билік басына төңкеріспен келіп еді. Төңкеріспен алған билігін тек жеке басының, айналасына жақын адамдардың мүддесіне ғана пайдаланды. Соны көріп біліп келген халық ақырында қатты ашынып, осылайша ереуілге шығуға мәжбүр болды.

-         Негізі дүрбелең Талас облысына губернатор сайлаудан шықты емес пе?

-         Иә.

-         Ереуілді сонда кімдер ұйымдастырды?

-         Оппозиция өкілдері. Ал оппозицияның жетекшілері болса тегіс қамауға алынған еді. Бәрін шетінен қамап, жоқ қылып білгенін жасап баққан диктатордың биліктен алған «сыбағасы» ақыры осы болды.

-         Оппозицияның ұйымдастырушылық қабілеті жоғары екен сіздерде...

-         Өйткені оларды халық қолдап кетті ғой. Оппозицияның саяси күресіндегі мәнді түсінген халық енді қарап отыру жарамайды деп, оларды қолдады. Жұртшылықтың жаппай ереуілге шығып кетуінің негізігі себебі - осы.

-         Елдегі қазба байлықтарға, мысалы алтын кеніне ресейліктер иелік етеді дегенді естиміз...

-         Жоқ, олай емес. Қырғыз жеріндегі барлық байлықты, бизнесті Бакиевтің айналасы басып алған.

-         Бакиевтің бауырлары мен жақын адамдары да қашып кеткен болар?

-         Олар көп дүние мүлікті сыртқа шығарып үлгерген көрінеді. Бірақ қашып үлгере алмады.

-         Енді оларды қайтпексіздер?

-         Олардың ақ қарасын уақытша өкімет өз құзырына алатын шығар.

-         Бішкекте уақытша өкімет құрылды ғой?

-         Иә, құрылды. Уақытша өкіметтің басшылығына Роза Отынбаева тағайындалды. Бішкектің мэрі міндетін парламент депутаты Иса Омарқұлов атқаруда. Бішкектің коменданты Тұрат Мадалбеков болды.

-         Ереуілшілердің арасында да, Бакиев билігін қорғамақ болған қарулы күштердің жағынан да адам шығыны болды деп естіп жатырмыз...

-         Адам шығыны туралы нақты дерегім жоқ. Қалай дегендеде ел аман. Қазақ-қырғыз бір туған халықпыз ғой. Алаңдап ахуал біліп жатқандарыңа шоң рахмат! Қазақ халқына сәлем деңіз. Біз туралы жаңсақ сөздерге бой алдырмай, екі елдің бұрыннан бар береке бірлігіне сенімді болсын. Қайтеміз, біздегі жағдай ошундай болып тұр...

Сұхбаттасқан - Дәурен Қуат

P.S. Акбар байкеге қоятын сауалымыз әлі де көп еді, алайда арадағы телефон байланысы кенеттен нашарлап кеткендіктен сұхбатымызды қысқа қайыруға тура келді.

Акбар Рыскулов -

Азияда ат ойноткон элденбиз
Азапты да, тозокту да женгенбиз, - деп жырлаған қырғыз ақыны.  Еңбек жолын «Лениншіл жаш» газетінен бастаған жорналшы, публицист. Ол 1994-2000 жылдар аралығында біздің елде елшілік миссиясын атқарып, екі мемлекет арасындағы  қарым қатынасты заманауи деңгейге лайықтап, еңбек еткен тұлға. Қазақстаннан кейін ол Малаизияда елші болды. Қазір кәсіпсіз. Бішкектегі үйінде жеке шығармашылық жұмыстарымен шұғылданады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1909
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2007
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1678
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1513