Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2261 0 пікір 8 Сәуір, 2010 сағат 05:08

Қарағандыда БТА банктің жалған карталарынан $3,5 млн-нан аса қаржы ұрлаған алаяқтар 8 және 10 жылға сотталды

Қарағанды. 8 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қарағандының Қазыбек аудандық соты «БТА Банк» АҚ-ның есепшоттарынан жалған несие карталарының көмегімен $3,5 млн-нан аса қаржы ұрлаған алаяқтар тобының үстінен қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Олардың екеуі 8 және 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Бұл іс бойынша БТА банктің Қарағандыдағы филиалының қызметкері Евгений Петриков және қарағандылық кәсіпкерлер Сергей Чичин мен Игорь Золотухин айыпталып отыр.

Қарағанды облысының қаржы полициясы бұл факті бойынша қылмыстық істі 2008 жылдың қазан айында қозғаған болатын. Тергеу органдары анықтағандай, БТА банктің Қарағандыдағы филиалының екі қызметкері – карталық бизнес жөніндегі маман Любовь Глебова мен агенттік желіні дамыту жөніндегі үйлестіруші Олеся Суркова 2008 жылдың маусымынан қазан айына дейін несиелік лимиті 500 мың еуроға дейін баратын «vip» белгісі бар жалған несие карталарын шығарған. 

Бес айдың ішінде бұл карталар бойынша БТА банк $3,5 млн соманың қайтарымсыз несиесін берген. Қылмыскерлер бұл қаржыға пәтерлер, қымбат заттар, шетел көліктерін сатып алған.

Алаяқтар күнде тоғыз транзакциядан асырмай,  Т4-5 млн ақша алып отырған. Сотта «БТА Банк» АҚ-ның өкілдері түсіндіргендей, банк жүйесі автоматты режимде жұмыс істейді және ақшаны алудың күдікті әрекеті туралы бір картадан жасалған оныншы транзакциядан кейін ғана хабарлайды. Қылмыскерлер бұл туралы жақсы білген. Бірақ бір күні қателесіп, он транзакция жүргізген, осыдан кейін несие картасы күдіктілер қатарына жатқызылды. Нәтижесінде тексеру басталып, ол қызметкерлер О. Суркова мен Л. Глебоваға қарсы қылмыстық іс қозғаумен аяқталды.

Қаржы полициясы Суркованы бірден  қолға түсірді. Глебова қашып кетуге әрекет жасағанымен, қылмыстық қудалаудан құтыла алмады. Глебова тергеу оқшаулағышында бес ай отырса, Суркова үш тәулікке қамалды. Бірақ қылмыстық істі тергеу барысында банктің екі қызметкеріне тағылған барлық айыптар алынды. Олар заңға қарсы әрекеттерді Сергей Чичин мен Евгений Петриковтың мәжбүрлеуімен жасағанын мойындады. Осы екі адамға айып тағылып, әйелдер куәгерлер санатына көшірілді.

Сәрсенбі күні бірінші инстанцияның соты қылмыстық іс бойынша шешім шығарды.

Сергей Чичин қылмыстық кодекстің «қылмыстық топты құру және оны басқару», «алаяқтық», «заңсыз жолмен тапқан ақшаны заңдастыру» баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны мүлкін тәркілеумен, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Евгений Петриков алаяқтық жасап, қасақана түрде банк операциялары туралы жалған мәлімет бергені және қылмыстық топқа қатысқаны үшін айыпты ден танылды.  Сот оны мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Соттың шешімімен бұл екеуі банкке келтірген шығынды өтеуге міндеттелді, сот оның көлемін Т406 млн 193 мың көлемінде белгіледі.

Үшінші фигурант Игорь Золотухиннің қылмысты жасауға қосқан үлесі шамалы болған, ол қылмыстық қудалаудан қашуға әрекет жасаған Глебованы Алматыға жеткізіп салған. Сот оны сыбайлас деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, сот процеске куәгер ретінде қатысқан банктің қызметкерлері О. Суркова мен Л. Глебоваға қатысты анықтама шығарып, тергеу органдарына оларға қарсы қылмыстық тергеу амалдарын қайта бастауға кеңес берді.

Үкімді жариялау төрт сағаттан астам уақытқа созылды.

0 пікір

Үздік материалдар