Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2473 0 пікір 8 Сәуір, 2010 сағат 05:07

Қырғызстан президенті Ош қаласында – БАҚ

Бішкек. 8 сәуір. ҚазТАГ – Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев Ош қаласында жүр, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

«Қырғызстан президенті және қорғаныс министрі Бақытбек Қалыев Ошқа ұшып шықты. Қазіргі уақытта олар оңтүстік резиденцияда», - деп хабарлады «КАБАР» агенттігі.

Сонымен қатар, ақпарат агенттігінің хабарлауынша, халық үкімет ғимаратының ішіне кіріп кеткен. «Наразылық білдірушілер ғимараттың ішіндегінің бәрін қиратқан. Ресми тұлғалардан ешкім байқалған жоқ. Ғимаратта тонаушылық әрекеттері де орын алды», - деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«КАБАР» агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, билік және оппозиция өкілдерінің арасында кешеден бері Бішкекте жүргізіліп жатқан келіссөздер еш нәтиже бермеген. Келіссөздерге президент аппаратының жетекшісі Қаныбек Жороев, президент хатшылығының басшысы Оксана Малеваная, президенттің мемлекеттік кеңесшісі Эльмурза Сатыбалдиев, биліктің басқа өкілдері, сонымен қатар оппозиция лидерлері Алмаз Атамбаев, Өмірбек Текебаев, Роза Отунбаева, Темир Сәриев және басқалары қатысты.

Оппозиция өкілдері Данияр Үсенов пен Эльмурза Сатыбалдиевтан басқа басшылардың басым бөлігі өз міндеттерін атқаруды жалғастыра алатынын мәлім етті.

Ал түн жарымда ішкі істер министрі орынбасарларының бірі министрліктің ұжымына жаңа министр – парламенттің бұрынғы депутаты Болот Шерниязовты таныстырды. Бұл таныстыру ұлттық телерадиокомпанияның тікелей эфирінде көрсетілді.

Б.Шерниязов телеэфир арқылы халыққа үндеу жасап, жұртшылықты тәртіпсіздіктер мен тонаушылық әрекеттерге бармауға шақырды, ол ІІМ қызметкерлерін тәртіпсіздіктер мен тонаушылық оқиғалары орын алып жатқан жерлерге жіберді.

0 пікір

Үздік материалдар