Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2651 0 пікір 7 Сәуір, 2010 сағат 17:46

Бішкек бүлінді. Бакиев қашып кетті (ВИДЕО)

Таластан басталған билікке таластың дүмпуі Қырғыз астанасы Бішкек қаласын тағы да бүлікке салуда. Оқиға барысынан жылдам ақпарат таратып, ашық эфирден көрсетіп үлгерген телеарналардағы көріністерден байқағанымыз - оппозицияны жақтаушы топ қаруланып алған. Қолдарындағы автоматтардан әуелете оқ атып қояды.
Сағат 17.30  шамасында Талас пен Ыстықкөл облысын ереуіл жасаушылар басып алды. Дәл сол уақыттарда Ішкі істер министрі Молдамұса Қонғандиев соққыға жығылды. Жасанған топ Парламент үйін басып алған соң Бас прокуратураның ғимаратын өртеп жіберді. Одан кейін Қауіпсіздік комитетінің үйін бүктеп басты. Осы аралықта мемлекеттік телеарнаны қоршап алған үкіметтік емес ұйым өкілдері өз талаптарына жетіп эфирден сөз алып жатты.
Сағат 19.00-ге таяу оппозиция жетекшісі О. Текебаев ел астанасы бұқара халықтың билігіне өткендігін жария етіп, қалаға комендант бекітті.
7-сәуір күнгі жаппай ереуілден З0-дан астам адам көз жұмып, 200-ге жуық адам ауыр жарақат алды деген мәліметтер бар.
Билікке осындай ереуіл әм төңкеріс жолымен келген Құрманбек Бакиев оппозиция серкелерімен келіссөзге дайынмын деп отырған көрінеді.
Бішкектен шыққан соңғы дерекке сүйенсек, ереуілшілер Бакиевтің үйіне басып кіріп, дүние мүлкін отқа орап жатыр. Ал Бакиев ереуілшілермен тіл табысудың мүмкін еместігіне толық көзі жеткен соң қашып үлгеріпті.

Ескерту: оқиға тым шиеленісіп кеткеннен кейін кейбір мәліметтер жаңсақ болуы мүмкін және кем ақпарат жаңа деректермен толығып отыратын болады.

;hl=ru_RU&fs=1&color1=0x006699&color2=0x54abd6" />;hl=ru_RU&fs=1&color1=0x006699&color2=0x54abd6" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="385" width="480">
;hl=ru_RU&fs=1&color1=0x006699&color2=0x54abd6" />;hl=ru_RU&fs=1&color1=0x006699&color2=0x54abd6" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="385" width="640">

Фото:  http://www.ferghana.ru, http://www.report.kg, http://www.rfi.fr/, http://i37.photobucket.com

Видео: http://www.youtube.com

«Абай-ақпарат»

Қосымша видео

0 пікір