Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2608 0 пікір 7 Сәуір, 2010 сағат 15:02

«Ел мен жерге ие бола алар ма екенсіңдер...»

«Ел мен жерге ие бола алар ма екенсіңдер...» Бұл -  көңілін сұрап барған Мұрат Әуезовке Жағда Бабалықұлының айтқан соңғы сөзі екен. Содан кейін демін жиып  алғандай болған ғазиз қарт Мұрат Мұхтарұлына мұңая қарап жатып:

«Ел мен жерге ие бола алар ма екенсiңдер... Қоғам әбден былығып, бүлiнiп кеттi ғой... Ендi Қазақстанға қара қытай қаптамаса неғылсын...»  -  деп бақұлдасыпты.

Шыңжаңда (ҚХР)  облыс әкiмi, министр дәрежесiндегi қызметтерді атқарған Жағда Бабалықұлы 1962 жылы Қазақстанға оралды. Атажұртына оралысымен ешкімге міндетін артпай, қатардағы көптің бірі бола жүріп елтану ісі - этнография ғылымының дамуына зор үлес қосты. Фәниден бақиға озған Бабалықұлының өлмес шығармаларын, зерттеу еңбектерін ерінбей ақтарып рухани айналымда ұстайтын ендігі міндет  ұрпақтар сабақтастығымен жалғасын табады деп білеміз.

Жағда Бабалықұлы қазақтың зар мұңын ақтарып жазған Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романына аты-жөні анық жазылған тағдырлы қазақтың бірі болып 93 жасында өмірден өтті. Ұзақ ғұмырында қазағын қалғымай сүйген, қадари халінше қалтқысыз қызмет еткен аяулы жанға жаныңыз жанатта болсын дейміз.

«Ел  мен жерге ие бола алар ма екенсіңдер?..»  Марқұмның осынау аманат етіп айтқан сөзін  естіген есті жұрттың қайғысына ортақпыз.

«Аbai.kz» ақпараттық порталының ұжымы

0 пікір