Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2602 0 пікір 7 Сәуір, 2010 сағат 13:45

Кеден Одағы Кремльдің жобасы емес, ал КСРО –ны қайта құру мүмкін емес, дейді АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі

Астана. 7 сәуір. ҚазТАГ  Данияр Темірбаев. АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Ричард Хоугландтың (Richard Hoagland) пікірінше,  Қазақстан, Ресей және Беларуссияның арасында құрылып жатқан Кеден Одағы (КО) кремльдің жобасы болып табылмайды.

«Ең алдымен, айтуға рұқсат етіңіздер, мен мұның кремльдің жобасы дегенге бірден келіспеймін, өйткені бұл шешімді үш тәуелсіз мемлекет қабылдап отыр. Және мен оны  Ресейлік жоба деп қарастырғым келмейді», - деді ол ҚазТАГ-қа берген сұхбатында.

«КО-ның американдық инвесторларға, атап айтқанда, американдық мұнай-газ компаниялардың қызметіне тигізер әсеріне немесе тиімділігіне келетін болсақ, - деп жалғастырды ол, - олар маған КО-ның құрылуына байланысты алаңдаушылықтарын бірде-бір рет айтқан емес».

Р. Хоугланд «Кедендік одақтардың әлемнің көптеген бөлігінде әдеттен тыс құбылыс болып табылмайтынына» назар аударды. «Мен сіздің мемлекетіңіздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл аймақта бірыңғай экономикалық кеңістікті құруды көп жылдан бері қолдап жүргенін білемін. Сондықтан мен үшін осы КО-ның құрылуы табиғи процесс болып көрінеді», - деп атап өтті американдық дипломат.

Сонымен қатар, ол КСРО-ны қайтадан құру мүмкіндігіне күмән келтірді. «Кеңес Одағын қайта құру немесе жандандыру мүмкін екеніне күмәнданамын. Бұлай неге айтып отырмын? Өйткені, 20 жыл бойы тәуелсіз дамыған әрбір мемлекет ө егемендігін мақтан етеді және оны қорғауға дайын», - деп атап өтті Р. Хоугланд.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1036
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 911
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 765