Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2662 0 пікір 21 Наурыз, 2010 сағат 08:04

Бұрқасынға байланысты Ақтөбе, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жолдарда автокөлік қатынасына шектеу қойылды – көлік министрлігі

Астана. 21 наурыз. ҚазТАГ – Бұрқасын мен екпіндеп соққан желден жол көріну қашықтығының жоқтығына байланысты 21-ші наурыздағы таңғы 9-дан бастап Ақтөбе, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жолдарда автокөлік қатынасына шектеу қойылды, деп хабарлады көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында Самара – Шымкент автожолының Хромтау – Қарабұтақ (836-965 км) учаскесі мен Қарабұтақ – Қостанай (0-231 км) учаскелерінде қозғалыс шектеулі.

Алматы облысында Алматы – Өскемен тас жолының Үшарал – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы (558-615 км); Алматы – Өскемен тас жолындағы (319-382 км) Қызыл-Ағаш пен Биен аулындағы көпірлердің бұзылуына байланысты көліктің барлық түрлеріне жол жабық; Үшарал – Достық автожолының топырақ төсенішін су шаюына байланысты бұл жол да көліктің барлық түрлеріне жабық.

«Шектеулі учаскелерде «Қазавтожол» РМК-нің 34 техникасы жұмыс істеуде», - деп хабарлайды көлік министрлігі. 

Шығыс Қазақстан облысында Омбы-Майқапшағай автожолының Қалбатау – Зайсан (910-1256 км), Қалжыр – Теректі (22-125 км) учаскелерінде; Қарағанды –Аягөз – Бұғаз автожолының Қарағанды облысының шекарасы – Ақсуат (320-900 км, оның ішінде 852-ші шақырымындағы көпірді қоса алғанда); Таскескен – Бахты (0-187 км); Алматы-Өскемен автожолының Алматы облысының шекарасы – Ұлан (615-1054 км); Өскемен – Зыряновск автожолының учаскелерінде (0-166) көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Жолдың аталған учаскелерінде 75 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

«Гидрометеорологиялық орталық мониторингінің мәліметтерінше 21-24-ші наурызда еліміздің барлық солтүстік, орталық және шығыс облыстарында бұрқасындатып, желдің жылдамдығы 25 м/с болады. Оңтүстік және батыс облыстарында да күндіз күшті жел соғып, түнде тұман түседі. Осы себепті, төтенше жағдайларға ұрынып қалмау үшін, ауа райы жақсарғанша жақын күндері жолға шықпауларыңызды өтінеміз және Қазақстан гидрометеорологиялық қызметінің хабарларына назар салыңыздар!», - деп көлік министрліг республика тұрғындарын ескертеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1794
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400