Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2367 0 пікір 18 Наурыз, 2010 сағат 06:06

Алматы облысындағы Қызы-Ағаш аулында су тасқынынан қаза болғандар саны 40 адамға дейін өсті

Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ– Алматы облысындағы Қызыл-Ағаш аулында су тасқынынан қаза болғандар саны 40 адамға дейін өсті, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.

Іздестіру-құтқару жұмыстарының басынан бастап қаза болған 40 адамның денесі табылды. Олардың арасында 11 ер азамат, 17 әйел, сондай-ақ 12 бала – 7 ұл бала да - 5 қыз бала, дейді министрлік, аймақтан ТЖМ-нің республикалық дағдарыс орталығына келіп түскен жедел мәліметтерге сілтемелеп.

Өткен сәрсенбі күнге 290 адам зақымданған деп танылды және олардың 22-сі балалар. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Ведомствоның мәліметтерінше, зардап шеккен тұрғындарға ыстық тамақ ұйымдастырылған. ҚР ТЖМ-нің №28237 және 52859 Азаматтық қорғаныс әскери бөлімшелерімен апат ауданына жалпы салмағы 380 тонна жүк жеткізілген. Одан басқа ауылға 179 тонна шөп орамы, 100 түк сабан мен 20 қап арпа жеткізіліп, олар халыққа таратылып жатыр. 

Қазір эвакуацияланған Ақсу ауданының тұрғындары бірнеше елді мекендерге орналастырылды: Талдықорған 990 адамды қабылдады, Қапал кенті – 57, Жансүгіров кенті – 112 адамды қабылдады.

Өткен күндері әскерилер мен арнайы қызмет өкілдері Қызыл-Ағаштың аулалары мен көшелерінен су тасқынында өлген 315 бас ірі-қара және ұсақ мал, 9 жылқы мен шамамен 170 үй құсын, сондай-ақ ит, мысық өлігін жинады. Барлығы осы уақытқа дейін 1013 бас жануар көмілді.

Іздестіру жұмыстары ауылдан солтүстік бағытқа, жалпы ауданы 15-17 шаршы километр жерде жүргізіліп жатыр.

ТЖМ мәліметтерінше Қызыл-Ағаш аулында электр қалпына келтіріліп, Көлтабан аулы да электрге қосылды.

Ақтоған кенті мен Қызыл-Ағаш аулындағы ауруханада екі радиобайланыс торабы орнатылды. Аумақтағы телефон байланысын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

17-ші наурызда сағат 18-де Қызыл-Ағаш, Егінсу, Ақтоған, Көлтабан, Алажиде елді мекендерінде байланыс толығымен қалпына келтірілді.

Ақсу ауданындағы апат салдарын жоюға 1423 адам, 317 техника мен 3 тікұшақ тартылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2052
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2484
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2071
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1599