Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3325 0 пікір 3 Наурыз, 2010 сағат 05:47

Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ. Қазақ білсін

Қазақтың баласы әлі күнге әкім я прокурор, немесе банкир болудың соңында жүр.  Ондағы арман етері де белгілі. Ен-тегін қаржыдан қарпытып, мәнсапқа жеткесін екі ұртын майлап отыруды ғана ойлайды. Өз саласының мықты маманы болып, елдің мұңын, халықтың құқын жоқтау деген олар үшін күлкілі әңгіме. Қазір осындай мамандық иелері Қазақстанда сеңдей соғылысады. «Ағасы мен көкесі» бар бозөкпелер бар-жоқ мәнсапты бөлісе алмай таласады, ал төбе жақта тіреп тұрған құдіретті ешкімі жоқ жазғандар пара берер қуыс-тесікті жағалап жүргені жүрген. Бірақ қашанғы жүруге болады? Қазақ жасы үшін жақсы өмір сүрудің басқа жолы қалмаған ба? Жоқ, олай емес шығар. Төмендегі деректерге көз жүгіртіңіз. Біз бұны өзімізді кем, қор санағандықтан емес, қазақ білсін, қаперіне осы бір мүмкін жайттарды ала жүрсін деген оймен беріп отырмыз.

Ағылшын министрі нені аңғарды?

Қазақтың баласы әлі күнге әкім я прокурор, немесе банкир болудың соңында жүр.  Ондағы арман етері де белгілі. Ен-тегін қаржыдан қарпытып, мәнсапқа жеткесін екі ұртын майлап отыруды ғана ойлайды. Өз саласының мықты маманы болып, елдің мұңын, халықтың құқын жоқтау деген олар үшін күлкілі әңгіме. Қазір осындай мамандық иелері Қазақстанда сеңдей соғылысады. «Ағасы мен көкесі» бар бозөкпелер бар-жоқ мәнсапты бөлісе алмай таласады, ал төбе жақта тіреп тұрған құдіретті ешкімі жоқ жазғандар пара берер қуыс-тесікті жағалап жүргені жүрген. Бірақ қашанғы жүруге болады? Қазақ жасы үшін жақсы өмір сүрудің басқа жолы қалмаған ба? Жоқ, олай емес шығар. Төмендегі деректерге көз жүгіртіңіз. Біз бұны өзімізді кем, қор санағандықтан емес, қазақ білсін, қаперіне осы бір мүмкін жайттарды ала жүрсін деген оймен беріп отырмыз.

Ағылшын министрі нені аңғарды?

Біз осылай адами пендешілікпен алданып жүргенде, басқалар мынау жаратылыс дүниесінің мүлдем басқа құпиясына көз салып үлгеруде. Көз салды деген сөз, жақында соған қол саламыз дегені. Таяуда Англияның Ғылым және инновация министрі Пол Дрэйсон ағылшын жастарына мына қағиданы, иәки заңдылықты түсінетін уақыт әлдеқашан жеткенін қатаң ескертті. Яғни, кешегі күні бізге тек қиял-ғажайыптай болып елестейтін дүниелер бүгін міне нағыз ақиқат өмірге айналып отыр. Әрине, министрдің бұл уәжі көпке таныс. Бірақ, оның болып өткен жетістіктен гөрі, алда болар таңғажайыптарды меңзеп тұрғанын түсінгеніміз дұрыс секілді. Дрэйсон мырза британиялық жастарды ұзақ болашаққа бағыттап тұр. Оның себебі ағылшын ғалымдарының өзгеше ой-жоспарында жатыр. Сонымен...

Ұлыбритания ғалымдары неден үмітті?

Олардың пайымынша, ХХІ ғасырдағы супер болашаққа ие мамандықтар қазақы ұғыммен айтқанда буы бұрқыраған, ақаусыз адам ағзаларын өсіріп-өндіруге тікелей байланысты болады. Бұл, тіпті, ондаған мамандықтың басын біріктіретін бүкіл бір индустрияның дамуын жүзеге асырады. Мәселен, жаңа ағзаны жасайтындар, оны сақтайтын мамандар, сату жөніндегі менеджерлер, ағзаны өндіріп, оны адам денесіне қондыратын хирургтер деген секілді...

 

Ғалымдар бұндай мамандық иелерінің табыс көлемі алғашқы жылдары адам сенбес болатындығын болжап отыр. Бірақ бұл  футболистер қауымы үшін үйреншікті ақы түрі дейді. (Әрине, Еуропа аяқдопшыларын айтады).

 

Супер болашаққа ие мамандықтардың атауы қалай?

Британиялықтар ХХІ ғасырдағы супер мамандықтардың қазірше 14 түрін жариялап отыр. Біз солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік:

1.Наномедик. Бұл мамандық жоғары деңгейлі диагностикалық құрылғылар мен адам өмірін ұзартатын химиялық заттарды пайдалануға қажет. Осындай  құрылғылардың диагностикалық қызметі мен техникалық жақтан қолдауын үнемі қамтамасыз ету наномедиктерден қол үзе алмайды.

2. фермер - гендік инженер. Жақын болашақта табиғи азық-түлік жершары тұрғындарына жетпейтіні белгілі. Сондықтан да оның орнын генетикалық модификацияланған тағамдар ауыстырады. Ал, арнаулы фермаларда адамға қажетті гендермен өзгеріске ұшыраған сиыр, қой немесе басқада үй жануарлары өсірілетін болады. Мамандық сол үшін керек.

3. Есте сақтау қуатын ұлғайту маманы. Бұл мамандықтарға осы ғасырдың 20 жылдарында қажеттілік туындайы. Ақпарат көлемінің шеткен тыс көбеюі әсерінен адамдардың есте сақтау қабілетін жасанды жолмен арттыратын медиктер мен технологтар пайда болады.

4. Климат қорғаушы инженер. Олар күннен қалқалану мен ультракүлгін сәулелердің түсуін, әлемдік мұхит мұздарының еруін тежеу технологияларын әзірлейтін болады. Бұл әлбетте нағыз қажет мамандықтардың біріне айналмақ.

 

5. Космос ұшқыштары мен гидтер және сәулетшілер. Енді 1015 жылдан кейін космосқа көрші ауылға қыдырғандай бара береміз. Сол кезде космостық флот пайда болады. Ал, жастар ұшқыш және стюардесса болып қызмет істейді. Кейінірек космос сәулетшілері пайда болады.

 

Басқа мамандықтар

Бұдан өзге де өмірді ұзарту инженері, телегид, этика комиссары, Эпидемиологиялық полиция, виртуальды адвокат, әлеуметтік үйлестіруші қызметкер, аспандағы фермер, климат сақшысы, баламалы транспорт жасаушы секілді мамандықтардың тізімі бар. Әр қайсысының өз міндеті анық.

Өзімізге оралсақ

Жағдай түсінікті. Үйдегі су ағатын құбырдың құлағын  бұрай алмай отырып, «блатной» мамандықтарға ұмтыламыз. Ал, біз ол оқуды аяқтап, жұмыс таба алмай үйде жатқанда, басқалар сенің компьютеріңді, кіржуғыш машинаң мен телевизорыңды жөндеп беріп, бар-жоқ ақшаңды сыпырып алады. Ағылшындар айтқан әлгі мамандықтарды қойып, шикі мұнайды өндіретін кәсіпорындардың да есігінен қарай алмай жүрген жайымыз тағы бар. Сонда біз қазіргі қолда барды қарқ қыла алмай жүргенде болашақ туралы қашан ойланамыз?!

Тобықтай түйін

Құзғын, құмай деген құстар болады. Өздерінің тірі аң аулауға әлі жетпегесін, қыран бүркіттен қалған азықты аңдып, өлексе мен жемтікті талғажау етеді. Қазіргі біздің күйіміз де сол секілді ме, қалай?! Бізде де ғылыми-инновацияға ұмтылу деген ұран бар. Бірақ, ол біздің жастар үшін түйенің құлағына шертілген домбыра сияқты. Жастардың санасы материалдық игілікке жету дейтін арзан мақсатпен кодталған. Өкініштісі, озық елдер ғылым құпиясын ашып, жаратылыс сырына бойлай түскен сайын, біздің санамыздағы әлгі жалған мүдде кодының құпия сандары тіпті күрделене түсуде.

 

Суретте: Первый выпуск студентов программы MBA ВШБ МГУ в Республике Казахстан!

 

0 пікір

Үздік материалдар