Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6300 0 пікір 2 Наурыз, 2010 сағат 09:34

Сталинизмнiң зардабы мен сарқыншақтары

Өткен аптада "Сталинизм: репрессияланған Қазақстан" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өттi. Оған Б.Қойшыбаев, М.Қойгелдi, А.Жандосов, А.Қапаева, Г.Кан, А.Гинзбург, тағы да басқа бiр топ тарихшы-ғалымдармен қатар, қоғам қайраткерлерi Сейдахмет Құттықадам, Айдос Сарым, сол бiр зұлмат заманның куәгерлерi, жапа шеккендер - Саят Iлиясұлы Жансүгiров, Аман Жәмилұлы Нұрмақов және басқалар қатысты. Айта кетерлiгi, Қазақстанда сталинизм жайында қоғамдық талқылау алғашқы рет өтiп отыр. "Алаш" ғылыми-зерттеу орталығы мен "Әдiлет" атты Қазақстанның тарихи-ағартушылық қауымдастығы "Сталин, 1937-38-жылдары ату жазасына кесiлгендердiң тiзiмi" атты кiтапшасын ұсынды.

"ЗАҢНЫҢ ҮЛКЕНI - КӨСЕМНIҢ ПIКIРI"

Сталинизм зардаптары қоғам жадынан ешқашан өшпеуi керек. Бұл - ұлттық қасiрет! Ұлттың пассионар тұлғалалары жаппай оққа ұшса, қазақ халқы аштықтан қойша қырылды. "Кiшi қазан" төңкерiсi салдарынан ғасырлар бойы қалыптасқан ауыл тұрмысын бұзып, елдi қырғынға ұшыратты. Ашаршылық 30-жылдары ғана емес, 1918-19, 1921-23-жылдары да болды. Ашаршылықтан 4 миллионнан аса көшпендi қазақ қырылды. Бейбiт Қойшыбаев кел­тiрген дерек бойынша, табиғи өсiмнiң азайғанын да есепке алсақ, адам шығыны - 10 миллионнан асып жығылады. 10 миллион деген жай ғана цифр емес, ол - 10 миллион адам, 10 миллион тағдыр, қыршыннан қиылған 10 миллион адам өмiрi.

Өткен аптада "Сталинизм: репрессияланған Қазақстан" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өттi. Оған Б.Қойшыбаев, М.Қойгелдi, А.Жандосов, А.Қапаева, Г.Кан, А.Гинзбург, тағы да басқа бiр топ тарихшы-ғалымдармен қатар, қоғам қайраткерлерi Сейдахмет Құттықадам, Айдос Сарым, сол бiр зұлмат заманның куәгерлерi, жапа шеккендер - Саят Iлиясұлы Жансүгiров, Аман Жәмилұлы Нұрмақов және басқалар қатысты. Айта кетерлiгi, Қазақстанда сталинизм жайында қоғамдық талқылау алғашқы рет өтiп отыр. "Алаш" ғылыми-зерттеу орталығы мен "Әдiлет" атты Қазақстанның тарихи-ағартушылық қауымдастығы "Сталин, 1937-38-жылдары ату жазасына кесiлгендердiң тiзiмi" атты кiтапшасын ұсынды.

"ЗАҢНЫҢ ҮЛКЕНI - КӨСЕМНIҢ ПIКIРI"

Сталинизм зардаптары қоғам жадынан ешқашан өшпеуi керек. Бұл - ұлттық қасiрет! Ұлттың пассионар тұлғалалары жаппай оққа ұшса, қазақ халқы аштықтан қойша қырылды. "Кiшi қазан" төңкерiсi салдарынан ғасырлар бойы қалыптасқан ауыл тұрмысын бұзып, елдi қырғынға ұшыратты. Ашаршылық 30-жылдары ғана емес, 1918-19, 1921-23-жылдары да болды. Ашаршылықтан 4 миллионнан аса көшпендi қазақ қырылды. Бейбiт Қойшыбаев кел­тiрген дерек бойынша, табиғи өсiмнiң азайғанын да есепке алсақ, адам шығыны - 10 миллионнан асып жығылады. 10 миллион деген жай ғана цифр емес, ол - 10 миллион адам, 10 миллион тағдыр, қыршыннан қиылған 10 миллион адам өмiрi.

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұр­сынов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Мiржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, ЖаҺанша Дос­мұхамедов, тағы да басқа қазақ ұлттық-демократиялық зиялы қауымының тағдыры ойландырады. Ашаршылықты аз көрген большевиктер ұлттық интелегенцияны қудалап, наразы көршiлiкке қарсы жазалау отрядтарын жұмсады. Қазақстандағы ашаршылық - сталинизмнiң сорақы ақтаңдақ парағы. 1938 жылы Қазақстан үкiметiнiң мүшелерiн, қоғам қайраткерлерiн, ғалымдарымыз бен жазушыларымызды жаппай ата бастаған. Мекеме­лердiң, ұйымдардың басшыларын Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен жинап, үш аптаның iшiнде қырып салған.

А.Гинзбургтiң пiкiрiнше, Ста­лин­нiң дәуiрiнде бұл нәубеттер, сұмдық оқиғалар легi заң бұзушылықтан бол­ған жоқ. "Бұл - заңның талабы едi. Заңның ең үлкенi - көсемнiң пiкiрi, көзқарасы едi", - дейдi ол.

 

"КЕЛЕСI ОН ЖЫЛДА РЕСЕЙДЕ БIРДЕ-БIР АНТИСТАЛИНИСТ БОЛМАЙДЫ!"

Жақында Кремльдiң қысымымен Ақорда да Екiншi дүниежүзiлiк "соғыстың тарихын бұрмалауға" қарсы екенiн бiлдiрдi. Ресей "тарихты бұрмалау" үшiн 5 жылға үкiм кесудi ұйғарды. Бұл жайттар - сталинизмдi ұлықтаушы күштердiң бар екенiн, тiптi олар алып империя төрiнде отырғанын көрсетедi.

Қорқыныштысы да осы. Ресей қоғамында қазiр империяшыл, шовинистiк пиғыл күшейiп келедi. "Осы қарқынмен кете берсе, ХХI ғасырдағыдан да құбыжық Ресейдi көретiн боламыз", - дейдi саясаттанушы Айдос Сарым. Тарихшы-ғалым А.Жандосов та Ресейдегi Сталинизмге қатысты айтылып жатқан пiкiрлерге алаңдаушылық бiлдiрдi: "Завтра" атты ресейлiк газет соңғы санында Сталин тұсында ату жазасына кесiлгендер халықтың "небәрi екi пайызынан аспайды" деп жазды. Автор оқырмандарды екi пайызбен жұбатпақ. Қырылған адам емес, мал секiлдi сөйлейдi. Және мақала авторы он жылдан соң бiрде-бiр антисталинист қалмайды деп тон пiшедi".

"Фашизмдi жеңгенiмiздiң 65 жылдығын тойлағалы отырмыз. Қазақ халқы да ұл-қыздарын майдан­ға аттандырды. Сарбаздарымыздың жарымына жуығы "Отан үшiн", "Сталин үшiн" деген ұранмен ұрыстарда көз жұмды. Бiз фашизмдi жеңуге қосқан үлесi үшiн халқымыздың ерлiгiн қашанда мақтан тұтамыз. Алайда, бiз соғыстың алдындағы жиыр­ма жыл iшiнде қазақ халқының басына төнген нәубеттi, бүтiн бiр халықтың жер бетiнен жойылып кетуге шақ қалғанын да ұмытпауымыз керек", - дедi Бейбiт Қойшыбаев.

"Соғыста Сталин жеңген жоқ, халық жеңдi. Соғыстың алғашқы жартысында кеңес әскерi жеңiлiп отырды. Немiстер Мәскеуге дейiн келдi. Не үшiн жеңiлдiк? Бiлiктi қолбасшыларды түгелдей атып тастағандықтан. Бұл қателiк емес пе? Сталинге бұл үшiн неге кешiрiммен қарауымыз керек? Халық жауға қарсы көтерiлгенде жеңдiк. Халық жеңдi", - дейдi Саят Iлиясұлы Жансүгiров.

Рас, кеңестiк дәуiр тұсында экономикада, ғылым мен мәдениетте көп жетiстiк болды. Алайда, бұл же­тiстiктер халықтың жан жарасын жаза алмақ емес. Өтемi де бола алмайды. Өйткенi, жеткенiмiз бен жоғалтқанымызды салыстыруға келмейдi. Мил­лиондаған адам қанымен жеткен жетiстiктiң құны бiр тиын! Өйткенi, адам өмiрiнен қымбат ештеңе жоқ. Жаппай саяси қуғын-сүргiнге, ашаршылыққа әкеп соққан сталинизмдi ешқандай дерек-дәйекпен ақтап алуға болмайды. Осы зұлмат жыл­дар­ға қатысты көп материалдар әлi де болса жарияланбай, мұрағаттарда шаң басып жатыр.

 

"БИЛIК ОЙЫНА КЕЛГЕНIН IСТЕДI"

Кеңес өкiметi орнаған соң большевиктер саяси қарсыластарын да, таптық қарсыластарын да, ұлт-азаттық қозғалыстардың өкiлдерiн де, республика дамуына қатысты өзiнiң принциптiк көзқарасы бар кеңестiк жұмысшыларды да қуғындады. "1918 жылдың көктемiнде-ақ олар ұлттық үкi­метке қатысты екiжүздi сая­сат ұстанды: "Алашорданың" автономды қызметiн мақұлдай отырып, астыртын халықты оларға қарсы қоюға үгiттей бастады. Тота­литаризмдi күшейту үшiн бiрнеше шаралар қабылдады. Сталин автономды республикаға одақтық мәртебе берiп, қазақ халқының басындағы ұлттық қасiреттi бүркелемек болды. 1937 жылы бүкiл елде саяси қуғын-сүргiн басталды. "Қазақстанды КСРО-дан бөлiп алып, Жапонияның протектораты етушi" "национал-фашистер" немесе "Жапонияның, Германия тыңшыларының" iстерi пайда болды", - дейдi баяндамасында Бейбiт Қойшыбаев.

Сталиннiң билiгi тұсында кез келген адам, мейлi ол қарапайым жұмысшы, мейлi ол жауапты қызметкер болса да, билiктiң алдында қорғансыз едi. Билiк ойына келгенiн iстедi. Айыпталушы адам басына кiрiп-шықпайтын қылмыстарды мойындауға мәжбүр болды. Жазалаушы органдар барын салып, қылмыстық жолмен адам төзбес азаптау тәсiлдерiн қолданды. Барлық жерде қорқыныш жайлап, болашаққа деген сенiм жоғалды.

Қазақстанның көпұлтты мемлекетке айналғаны да осы кез. Г.Кан келтiрген деректер бойынша, бiр ғана 1937 жылы Орталық Азияға Владивостоктан 200 мыңдай адамды пойыз­ға тиеп әкелдi. Қазақстанға кәрiстер, немiстер, шешендер, ингуштар, месхет-түрiктерi, қарашайлар мен балқарлар күштеп әкелiндi. Миллиондаған жер аударылғандар үшiн 50-жылдары Қазақстанның кейбiр аймақтарынан жергiлiктi тұрғындарды ығыстырып шығарды. Мәселен, Қостанай облысында "арнайы көшiп келушiлер" халықтың 80 пайызына жеткен.

 

"ШЕКАРАМЫЗДЫ БЕЛГIЛЕП БЕРГЕН - БОЛЬШЕВИКТЕР ЕМЕС, "АЛАШОРДА"

А.Қапаева кеңес өкiметi тұсында сауатсыздық жойылғанын тiлге тиек ете келе, мәдени процестер бiртiн-бiртiн идеологияға шырмала бастағанын көрсеттi. "30-жылдары идеоло­гия­лық бақылау күшейтiлдi. Саяси цензура орнады. Ғылымда да, мәдениетте де идеология басымдыққа ие болды. "Алашорда" партиясы екi мақсатты көздедi. Бiрiншiсi - қазақ халқын отаршылдық қамытынан босату. Екiншiсi - қазақ қоғамын өркениеттi халықаралық қауымдастыққа қосу. "Алаш" бағдарламасының жобасында «барша халық тегiн бiлiм алуы керек» деп көрсетiлген. "Қазақ", "Айқап" басылымдарында олар қазақ өмiрiнiң мәселелерi, қазақ қоғамын реформалау туралы мәселе көтерiп, Ресей империясының отарлық саясатының жағымсыз тұстарын ашық сынады. Байтұрсынов пен оның жақтастары 20-жылдары мәдениет пен бiлiм саласына үлкен еңбек сiңiрдi. Қазақ тiлi төте жазудан, латын қарпiне, арада он жыл өтпестен кириллицаға өттi. Соның салдарынан бiр адам үш мәрте сауат ашуға мәжбүр болды", - дейдi ол.

Тарихшы Мәмбет Қойгелдi Сталиннiң қазақтың саяси элитасымен қарым-қатынасына тоқталды. "Алып империядағы ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерiн шешуде билiкке жаңа келген большевиктер партиясының саясатын балташыға теңер едiм. Кеңес үкiметi құрамында ұлт iстерi бойынша комиссиариат белгiленiп, оның басшылығына грузин Джугашвили-Сталиннiң тағайындалуы боль­шевиктердiң көпұлтты мемлекеттегi ұлтаралық қарым-қатынасты игерiп, бiр iзге салуға ұмтылысы болатын. В.Ленин ендi ғана ұлт iстерi бойынша комиссар болып бекiтiлген Сталиннiң қызметiн жоғары бағалады. Ол ұлт саясатында Сталиндi ауыстыра алатын адам жоқ деп есептедi", - дейдi ол.

Баяндамада айтылған жайттарға кеңiрек тоқталып өтейiк. Большевиктер партиясы мен оның көсемдерi билiкке келгенде империяда, соның iшiнде қазақ елiнде ұлт-азаттық қозғалыстары өрлеп тұрған. Екi жақтың мүдделерi барынша кереғар болатын. Сондықтан аяусыз, ымырасыз күрес жүрдi.

Қазақ қоғамындағы ұлт-азаттық қозғалыс негiзiнде екi нәрсе жатыр: бiрiншiсi - жер мәселесi, екiншiсi - мемлекет ретiнде өзiн-өзi басқару мәселесi. Қазақстандағы қозғалыстар таптық мазмұнда емес, ұлттық бағытта, ұлттық мазмұнда болды. Байтұрсынов 1919 жылы Ленинге жаз­ған хатында: "Қазақстандағы ұлт мәселесiне қатысты большевиктердiң нақты бағдарламасы, iс-қимыл жоспары жоқ", - деп ашық жазған. Бiрақ Ленин де Байтұрсыновтың ұсыныстарын қабыл алмады. Большевиктер осылайша аз ұлттарды мемлекет­тiк дербестiкке байланысты толық табиғи құқынан айырды. Оның орнына зорлықпен сырты қызыл, тапшыл, интернационалшыл, ал iшкi мазмұны жағынан орыстық, ақ империялық жолға түстi.

Сталин қазақ iсiмен 1918 жылдың наурыз айынан бастап айналыса бастады. Осы кезде "Алашорда" үкiме­тiнiң тапсырмасымен Кеңес өкiметiнiң басшыларына Екiншi қазақ съезiнiң шешiмдерiн жеткiзу үшiн Оралдан Мәскеуге Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер барады. Азамат соғысының алдында тұрған большевиктерге қазақ автономиясымен ымыраға келу аса маңызды едi. Сондықтан Ленин мен Сталин "Алашорда" өкiлдерiн қуана қарсы алды. Лениннiң тапсырмасы бойынша Сталин 19 нау­рызда "Алашорда" үкiметiмен келiссөз жүргiздi. Кеңес өкiметiнiң атынан сөйлеген ол екiншi қазақ құрылтайының шешiмi мен "Ресей халықтарының құқығы" туралы декларациясы үндес деп мәлiмдедi.

"Алашорда" үкiметi Кеңес өкiметiн тану туралы Сталин ұсынысын тал­қылап, Ресейдегi барлық автономиялардың кiндiк үкiметi екенiн мойындайтынын бiлдiрдi. Жалпықазақ құрылтайының қаулысы бойынша, "Алаш" автономиясын жариялады. "Алашорда" кеңесi "Алаш" автономия­сына кiретiн уездер мен облыстарды көрсетедi. "Кеңес өкiметi бiзге шекарамызды белгiлеп бердi деген пiкiр - түбегейлi қате. Шындықты бұрмалау. Бұл жаңсақ пiкiрдi қалыптастырған - кеңес өкiметi. Шын мәнiнде, шекарамыз "Алашорда" кеңесiнде белгiленген болатын", - дейдi           М. Қойгелдi.

Оның пiкiрiнше, кеңес өкiметi қазақ автономиясын жариялауға мәжбүр болған. Азамат соғысы жағдайында оларға бұдан басқа жол жоқ едi.

"Алашорда" тек қана қазақ ұлтының ғана емес, бүкiл қазақстандықтардың үкiметi болатынын, оның құрамына қазақтардан басқа ұлттардан (көбiнен көп, азынан аз) мүшелерi кiретiнiн, "Алаш" автономиясында заң шығаратын Һәм ел билейтiн үкiмет "Алашорда" болатынын, құрылтай жиналысы шақырылып, билiктiң сын-сипаты анықталғанға дейiн советтер тек қана "Алашордаға" жәрдем­шi ретiн­де мiндет атқаратыны ашық айтылды.

 

СТАЛИН "ҚАЗАҚ НАЦИОНАЛИЗМI ӨРТIН" ҚАЛАЙ СӨНДIРДI?

"Кеңес одағы "Алашорданың" бұл ұстанымдарына түсiнiстiкпен қараған сыңай танытқанымен, iс жүзiнде қабыл алған жоқ. Өйткенi, "Алашорданың" бұл ұсыныстарын қабыл алу - қазақ елiнiң ұлттық мемлекеттiлiк құқығын мойындаумен бiрдей деген сөз", - делiнедi баяндамада.

Сол себептi де Сталин қитұрқылық жасап ұлттық билiк болды, ұлттық мемлекет құруға ұмтылған "Алашордадан" iргесiн аулақ салып, Әлiби Жангелдинге назар аударды. Ол - қазақ даласындағы кеңес өкiметiнiң комиссары болатын. Кеңес өкiметi Алашорданың жауларымен жақындаса бастайды. Орынбордың кадет корпусын бiтiрген, губернатордың жанында қазақ басылымдары бойынша цензор қызметiн атқарған, сұлтан Мұхамедияр Тұңғачиндi кеңес өкiметi қолдады. Ол төң­керiске дейiн "Айқап" газетiне қарсы адам болатын. Тұңғачин берген ақпарат бойынша Байтұрсынов патша өкiметi тұсында бiрнеше рет түрмеге түскен. Бөкейханов өзiнiң мақаласында отставкаға кеткенiн, орнына "ислам дiнiнен шығып, христиан дiнiн қабылдаған, фамилиясын Степновқа, шапанын кительге айырбастаған" Жангелдиннiң келгенiн" ашық жазған. Ал Жангелдиннiң мақсаты қайткенде де «Алашорданы» сая­сат сахнасынан ығыстырып шығару болды.

Сталин "Үш жүз" атты социал-демократиялық партия құрдым, Алашордаға қарсымын» деген Көлбай Тоғысовты қолдау керек екенiн айтқан. "Сталин ұлттық пассионар тұлғаларды кеудесiнен итерiп, бейiмделгiш адамдарды қолдады. Бұл саясат 1920 жылдары да, Сталин өлгеннен кейiн де жүрдi", - дейдi М.Қойгелдi.

Кеңес өкiметi тұсында Қазақстанды 20 адам басқарды. Соның төртеуi ғана қазақ болды. Соның бiрi - Жұмабай Шаяхметов. М.Қойгелдiнiң пiкiрiнше, Сталин Шаяхметов кандидатурасын мынадай себептермен қолдаған: Жұмабай Шаяхметов - Солтүстiк Қазақстан облысындағы НКВД-ның үшiншi бөлiмiн басқарған адам. НКВД-да он жыл жұмыс iстедi. Партия басшылығына да осы қызметтен келдi. Ол қазақтың көр­нектi қайраткерiн жазалауда сан түрлi жаңа азаптау тәсiлдерiн енгiзген. Сталин үшiн Шаяхметов өз адамы едi.

"Сталиннiң тұсында Қазақстанды басқара алатын зиялы, бiлiктi, интеллектуалды тұлғалардың үлкен шоғыры болды. Бiлiм-бiлiгi тұрғысынан "Алашорда" Кеңес үкiметiнен әлдеқайда жоғары тұрды. "Алашорда" құрамында арнайы орта бiлiмi бар бiр-ақ адам болды. Ол - Ә.Отыншиев едi. Қалғандары түгелдей жоғары оқу орындарын бiтiрген-дi. Сталин бұлардың бiрiн де Қазақстан билiгiне өткiзген жоқ. Қазақстанды басқара алатын адамдардың бәрiн Мәскеуге шақырып алды. Сталин мұнысымен "Қазақстандағы национализм өртiн сөндiргiсi" келдi", - дейдi М.Қойгелдi.

Сталиннiң қазақ зиялылары мен қайраткерлерiнен хабарсыз болуы мүмкiн емес. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел, Жаһанша Досмұхамедовтермен түрлi себептер бойынша жүздесiп, кеңестiк ұстанымдағы Рысқұлов, Сейфуллин, Нұрмақов, Асфендияров және Мыңбаев сияқты қайраткерлермен кездесiп, түрлi мәселелерге қатысты пiкiр алысып тұрған. "Қазақтың саяси элитасын Сталин жақсы бiлдi. Қазақ зиялыларында сталиндiк билiкке деген қарсылық өте күштi болды", - дейдi М.Қойгелдi.

НКВД-ның бiр офицерi Голощекин мен Сәдуақасовқа жазған хатында: "Қазақстанда не болып жатқандарын бiлесiздер ме? Қазақ қайраткерлерiнiң үстiнен бақылау қойылды. Олардың қандай пiкiрде екенiн, кiмдермен қарым-қатынаста екенiн, интимдiк мә­селесiне дейiн бақылау қойдық. Бұл не деген сұмдық? Бұл қандай билiк? Мұндай нәрсенi тоқтатыңыздар" деп өтiнген. "Мұндай бақылау барлық мұсылман қайрат­керлерiнiң үстiнен қойылған болатын", - дейдi тарихшы.

 

ҚҰЛДЫҚ ҚОҒАМҒА ОРАЛУ

ХХ ғасырда бұрын-соңды тарихта болмаған тоталитарлық диктатуралық режимдер пайда болды. Бiрiн-бiрi бiтiспес жау санағанымен, национал-социализм мен большевизм егiз қозыдай ұқсас болғаны баршаға мәлiм. А.Жандосов қазан төңкерiсiнен кейiн КСРО-да қандай қоғам құрыл­ғаны жайында сөз еттi. "Социализм болды ма? Олай деуге ешкiмнiң де аузы бармас. Сонда бұл қоғамды қалай атауға болады? КСРО-да 30-жылдары мемлекеттiк капитализмнiң, со­циализмнiң, феодализмнiң, азиялық өндiрiс тәсiлдерiнiң элемент­терi болды. Бiр сөзбен айтқанда, қойыртпақ құрылыс орнады. КСРО-да мынадай қоғамның топтары болды. Бiрiншiсi - құлдар - ГУЛАГ тұтқындары. Екiншiсi - басыбайлы шаруалар. Бұлар кеңестiк колхоз бен совхоздың жұмысшылары", - дейдi ол

 

УКРАИНА САБАҚТАРЫ

Алматыдағы Украинаның Бас консулдығының бас консулы Л.Протасова "1930 жылдардағы Украинадағы ашаршылықтың құжаттық куәлiктерi" атты баяндамасын оқыды. Ашаршылықтан Украинада да миллиондаған адам қырылған. Қаза болған адамдардың саны әртүрлi деректер бо­йынша, 5 миллионнан 10 миллионға дейiн жетедi. Ашаршылықтың кесiрiнен адам етiн жеу фактiлерi де тiркелген. Украинаның селолары, тiптi бүтiн бiр аймақ "қара тақтаға" iлiнген. "Қара тақтаға" iлiнген село тұрғындарының iшiп-жейтiн соңғы асын тартып алған. Бас сауғалап басқа жаққа кетпес үшiн НКВД әскерi қоршауға ал­ған. "Қара тақтаға" iлу - жаппай өлiм жазасына кесiлумен бiрдей болған. Сталин бұл қадамдарға не үшiн барған? Азаттық сүйгiш украин халқының Мәскеу билiгiне қарсы тұруына кедергi жасау үшiн". Протасова ханым Украин халқына қарсы жасалған геноцидтiң, ашаршылықтың қолдан ұйымдастырылғанын нақты дәлел­дейтiн тарихи құжаттарды молынан келтiрдi. Украинадағы ашаршылыққа қатысты бұлтартпас тарихи құжаттар Ресейдiң ақпарат кеңiстiгiнде тұншығып жатқан бiзге төбеден жай түскендей әсер қалдырды. Кремльдiң байбаламы көпе-көрнеу жалған екенiн ашық көрсетiп бередi. Украинаның бiзден артықшылықтары сол, сталинизмге мемлекеттiк деңгейде, украин халқының мүддесi тұрғысынан ешкiмге, ештеңеге жалтақтамастан әдiл баға берiлген.

 

Бiз болсақ әлi күнге дейiн ашаршылықтың, репрессияның құрбаны болған миллиондаған қазақтың, бабаларымыздың рухын сыйлай алмай, сталинизмге баға бере алмай келемiз. Жалтақтығымыздан! Сталинизм сарқыншақтарынан құтыла алмай жатқанымыздан! Құтылуды ойламақ түгiлi, үнсiз қолдайтынымыздан! Қазақстанда "кiмнiң қалай дауыс бергенi емес, бiздiң қалай санағанымыз маңызды" деген Сталиннiң қағидалары әлi де өмiршең бiзде. Саяси қарсыластар, басқаша ойлайтындар әлi де қудалануда. Қауiпсiздiк қызметiнiң қатысымен демократиялық бағыттағы тұлғалардың оққа ұшуы, азаптау арқылы "қылмысты мойындау", саяси белсендiлердiң үстiнен жаппай бақылау орнату, бұлардың бәрi - сталинизм элементтерi. Сталинизмге баға берiлмейiнше, сталинизмнiң зардабынан да, сарқыншақтарынан да құтыла алмаймыз.

 

Ш.ЖАРҚЫМБЕК

Жас Алаш №17 (15475) 2 наурыз, сейсенбі 2010

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1262
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1157
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 897
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1030