Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2925 0 пікір 2 Наурыз, 2010 сағат 05:40

Полиция жүргізген «Айдап әкету» операциясы барысында, ТҚС қызметіне ешқандай бақылаудың жоқтығы Алматыда автокөліктердің ұрлануына септігін тигізіп отырғаны анықталды

Алматы. 1 наурыз. ҚазТАГ– Алматыда техникалық қызмет көрсету станцияларының (ТҚС) қызметіне ешқандай бақылау жүргізілмейтіндігі, автокөліктердің ұрлануына септігін тигізеді деп есептейді жол полициясы басқармасында (ЖПБ).

«Техникалық қызмет көрсету станцияларының қызметі мен ондағы жұмысшыларға қадағалаудың жоқтығы, ал олардың арасында шеттен келген, кейде бұрын сотталған азамттардың барлығы автокөліктердің ұрлануының бір себебі болып отыр», - деді ЖПБ бастық орынбасары Мұхтар Түсіпов. Оның осылай деп айтанын ІІД баспасөз қызметі дүйсенбі күні таратқан ақпараттық парақшасында келтіріпті. Қала полицейлері ақпанның 23-27-сі аралығында «автокөлік ұрлығына қарсы жүргізген шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталып» өткізіліп жатқан оперативті-профилактикалық «Айдап әкету» («Угон») шарасының бірінші кезеңінің нәтижесінде осындай қорытындыға келді.    

М. Түсіповтың айтуынша, көптеген жағдайда көлікті айтап әкетуіне автокөлік иесінің өзі кінәлі болған. Себебі олар жөнделуі тиіс автокөлік кілтін ТҚС жұмысшыларына қалдыруға мәжбүр болған. Олар өз кезегінде сеніп тастап кеткен көліктерді айдап әкетіп отырған.

Бұл ретте ол, ұрланған автокөліктердің көбі көрші Қырғыз Республикасына айдап әкетілетінін атап өтті. Соңғы уақыттары полицейлер ұрланған автокөліктердің сатылуына жаңа компьютерлік технологиялармен тосқауыл қойды.

Операция барысында қалалық автопаркингтер, гараждар мен автобөлшектер сатылатын 100-ден астам қосындар тексерілген. Арнайы операция барысында 8 автокөлік қылмысы анықталып, 9 ұрлыққа әрекеттің жолы кесілді. «12 автокөлік өздерінің шын иелеріне қайтарылып беріліп, 10 қылмыскер ұсталды», - делінген ЖПБ хабарында.

Сонымен қатар былтыр Алматыда автокөліктердің ұрлануы мен осындай қылмыстың ашылуы артып отырғандығын атап өтті. Биылғы жылдың басынан бері қалада автокөліктердің 53 ұрлану оқиғасы тіркелді. 14 ұрлық ашылды. Автокөлікті ұрлаумен айналысқан 13 топ ұсталды.

0 пікір