Сейсенбі, 7 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 662. Жазылғандар — 46. Қайтыс болғандар — 6
Жаңалықтар 1630 0 пікір 22 Ақпан, 2010 сағат 11:27

Snow Leopard Fund қар барысын сақтап қалудың ұлттық стратегиясын жасауды ұсынады

Өскемен. 22 ақпан. ҚазТАГ – Қар барысын сақтап қалу шараларын күшейту және бұл үшін барынша мемлекет қаржысын тарту мақсатында  Snow Leopard Fund қоры қар барысын сақтап қалудың ұлттық стратегиясын жасау жайында бастама көтерді.

Қор директоры, зоолог Олег Логиновтың айтуынша, бұл ұлттық стратегия қар барысын сақтап қалуға қатысты мемлекеттегі жасалып жатқан барлық әрекеттің негізі болуы үшін қажет. Ирбистің қызыл кітапқа енгеніне және Қазақстанның символы болғандығына қарамастан, браконьерлер оны аулауын әлі де тоқтатар емес. Адам мен жабайы мысықтың кездесуінің жартысынан астамы жазықсыз аңның жапа шегуімен тынады.

«Өкінішке қарай, қар барысы тұран жолбарысының жолын құшайын деп отыр. Яғни, толықтай жойылып кету алдында тұр. Бұған кім кінәлі және не істеу керек деген сұрақтарға жауап беру үшін бізге дәл осы стратегия керек. Және ол ұлттық стратегия болуы керек. Өйткені, президенттің араласуынсыз бұл проблеманы шешу қиын. Биылғы жыл әлемде биоәртүрлілік жылы деп жарияланды. Стратегияны жасауға және осы арқылы елдің халықаралық беделін көтеруге бұдан тиімді уақытты табудың өзі қиын», -деген пікір білдірді О.Логинов.

Қор директорының айтуынша, соңғы жылдары ТМД елдерінде белгілі бір аң түрлерін сақтап қалуға арналған көптеген стратегиялар пайда болды. Бірақ, оларға еліктеудің, оның үстіне оларды негізге алудың қажеті жоқ.

«Бұл құжаттардың оң қырларынан бөлек теріс жақтары да бар. Бізге қар барысын жақсы білетін зоолог-мамандардың басын қосып, жұмысшы тобын құру керек. Олар аталған жағдайға бүгінгі күн тұрғысынан ғылыми баға беріп, осы бір сирек кездесетін аңды сақтап қалуға қажетті шараларды айтуы керек», -деп атап өтті О.Логинов.

Snow Leopard Fund экологиялық қорын 2009 жылдың желтоқсан айында өскемендік зоологтар Олег және Ирина Логиновтар құрды. Қор сирек кездесетін аңның жағымды бейнесін қалыптастырып, және оны Қазақстанның тірі символы ретінде насихаттай отырып, қар барысының сақталып қалуына ықпал етпек.

0 пікір