Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2254 0 пікір 15 Ақпан, 2010 сағат 05:46

Ұлттық банк 2010 жылдың бірінші тоқсанында инфляция өседі деп күтеді

Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ– ҚР Ұлттық банкі 2010 жылдың бірінші тоқсанында инфляция 2,5-2,7% өседі деп күтеді. Бұл көрсеткіш 2009 жылы аталған аралықта 2% болған. 2010 жылы қаңтар-наурыздағы жылдық инфляция 6,9-7,1% аралығында болады деп күтілуде. Ұлттық банк дүйсенбі күні таратқан хабарда осындай деректер келтірілген.

«2010 жылдың бірінші тоқсанына инфляция 2,5-2,7% болады деген болжам бар (2009 жылдың бірінші тоқсанында – 2,0% - Ұлттықбанк). Жалпы айтқанда аталған деңгей алдыңғы жылдардағы 1-ші тоқсандардағы үрдіске сай келеді... 2010 жылдың екінші тоқсаындағы инфляция болжамы 1,3-1,5% деңгейінде (2009 жылдың екінші тоқсанында – 1,9% - Ұлттықбанк) болса, ол 2010 жылдың маусымының соңына жылдық инфляцияда 6,4-6,6% болады деп болжануда», - делінген Ұлттық банк құжатында.

Инфляцияға, Ұлттық банк болжамы бойынша, негізінен маусымдық факторы әсер етіп, бірінші тоқсанда ол өсіп, ал екінші тоқсанда төмендейді.

Бұл ретте Ұлттық банк 2010 жылы инфляция төмендей қояды деп күтпейді. Бірқатар факторлар инфляциялық қысымды арттырады.

«Біріншіден, 2010 жылғы жоспарланып отырған жалақы мен бірқатар әлеуметтік төлемдердің артуы, сұраныс көлемін арттырады да, ол өз кезегінде инфляциялық қысымды тудырады. Екіншіден, Кедендік одақтың құрылуынан 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап сырттан әкелінетін тауарларға деген кедендік баж салығының артуы жалпы импортталатын тауар бағасының артуына соқтырып, ол да инфляциялық қысым турады. Үшіншіден, 2010 жылы үкіметтің қолданып отырған дағдарысқа қарсы шаралары арқасында іскерлік белсенділіктің артуы сұранысты арттырып, инфляцияның да өсу қаупін тудырады», - делінген Ұлттық банк баяндамасында.

Жалпы айтқанда, 2010 жылы инфляция 6-8% аралығында болады деп болжануда.

Еске сала кетсек, 2009 жылы Қазақстандағы инфляция ҚР статистика агенттігінің мәліметтерінше 6,2% болған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1780
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1760
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1480
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1385