Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3911 0 пікір 15 Ақпан, 2010 сағат 04:04

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ЕЛГЕ ҚАШАН КӨШІРІЛЕДІ?

Қытайдан келген бiр оралман жiгiт редакцияға хабарласты. Өзiн Дәурен деп таныстырған жас жiгiт: «Сiздерден басқа басылымдардан үмiтiм болған жоқ. Елге, қазаққа қауiп төнiп тұрған қиын жағдайды бүркеп қалуды өзiме жөн санамадым. Сол үшiн әке-шеше, бауыр-туғандарымның Қытайда тұратынына қарамай, айдаһарлы елдегi әдiлетсiз жағдайды жайып салуға келдiм», - дейдi ашуға булығып.

Дәурен Қазақстанға келгелi 8 жыл болыпты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­вер­ситетiнiң физика-математика факуль­тетiн биыл бiтiрген екен. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың бәрiне қанық азамат өз пiкiрiн сөз ләмiнен байқатады: «Атажұртымызда да қазақтардың жағдайы жетiсiп тұрған жоқ. Тiл, ұлт, жер мәселесi шаштан қалың. Бiрақ Қазақстан - елдiң iшi ғой. Бүгiн болмаса, ертең оңалармыз. Ал Қытайдағы қазақтардың жағдайы күн емес, сағат санап қиындап барады».

Дәуреннiң елге отбасымен бiржола оралуына екi түрлi себеп қолбайлау болып отырған көрiнедi. Бiрiншiсi, Қазақстанның Көшi-қон агенттiгiнен берiлетiн «Көшi-қон шақыртуы» екi жылдан берi себептен-себепсiз тоқтатылыпты. Ол жөнiнде Дәурен мырза құзырлы орындардың нақты себеп айтпай отырғанын жеткiздi. Екiншiсi, Қазақстаннан керi көшкен азаматтардың атажұрт жөнiндегi терiс әңгiмелерi себеп болса керек. Мұ­ның зауалы дүйiм елге жаман тиiп жат­қан көрiнедi.

Қытайдан келген бiр оралман жiгiт редакцияға хабарласты. Өзiн Дәурен деп таныстырған жас жiгiт: «Сiздерден басқа басылымдардан үмiтiм болған жоқ. Елге, қазаққа қауiп төнiп тұрған қиын жағдайды бүркеп қалуды өзiме жөн санамадым. Сол үшiн әке-шеше, бауыр-туғандарымның Қытайда тұратынына қарамай, айдаһарлы елдегi әдiлетсiз жағдайды жайып салуға келдiм», - дейдi ашуға булығып.

Дәурен Қазақстанға келгелi 8 жыл болыпты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­вер­ситетiнiң физика-математика факуль­тетiн биыл бiтiрген екен. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың бәрiне қанық азамат өз пiкiрiн сөз ләмiнен байқатады: «Атажұртымызда да қазақтардың жағдайы жетiсiп тұрған жоқ. Тiл, ұлт, жер мәселесi шаштан қалың. Бiрақ Қазақстан - елдiң iшi ғой. Бүгiн болмаса, ертең оңалармыз. Ал Қытайдағы қазақтардың жағдайы күн емес, сағат санап қиындап барады».

Дәуреннiң елге отбасымен бiржола оралуына екi түрлi себеп қолбайлау болып отырған көрiнедi. Бiрiншiсi, Қазақстанның Көшi-қон агенттiгiнен берiлетiн «Көшi-қон шақыртуы» екi жылдан берi себептен-себепсiз тоқтатылыпты. Ол жөнiнде Дәурен мырза құзырлы орындардың нақты себеп айтпай отырғанын жеткiздi. Екiншiсi, Қазақстаннан керi көшкен азаматтардың атажұрт жөнiндегi терiс әңгiмелерi себеп болса керек. Мұ­ның зауалы дүйiм елге жаман тиiп жат­қан көрiнедi.

Яғни керi көшкен елдiң әң­гiмесi мынау: «Қазақстан әлi де орыстан тұтастай тәуелсiздiк алған ел емес. Билiгi былыққан. Байы мен кедейiнiң арасы көк пен жердей. Қазақтар ауылды жерге ғана орналасқан, тұрмысы жұтаң. Басқа ұлттары, шеттен келген келiмсек­терi - «дүр», қазақ - мазақ екен. Елде сыбайласқан жемқорлық өршiп тұр...». Оны естiген ел Қазақстаннан тәп-тәуiр суынып қалған сияқты.

«Арғы беттегi ағайын жайы былтыр­ғы жаздағы ұйғырлар дүрмегiнен кейiн, бұ­рынғыдан да қүрделiленiп кеттi», - дейдi Дәурен Қытайдай жымысқы ел сая­сатымен айтқанда, батырлыққа барып. Есте­рiңiзде болса, 2009 жылдың шiлде айында ұйғырлар мен қытайлар арасында үлкен қантөгiс өттi. Сол оқиғадан кейiн қазақтар қоныстанған ауыл, аудандарда әңгiме өзгере бастапты. Халық: «Қазақстанға көшсек!»­ - деп, қопақтап отыр­ған көрiнедi. Себебi, жергiлiктi жерде «Үрiмжi дүрбелеңi» деп аталатын ұйғыр-қытай шайқасы ұлттар ынтымағына сызат түсiрiптi. «Қазiр ханзулар - өр, бас­қа ұлттар - жалтақ», - дейдi ҚазҰУ-дың түлегi. Дәуреннiң сөзiнен бiр байқағанымыз: Қытай үкiметi «Үрiмжi дүрбелең­iнен» кейiн «бүлiкшiл» ұйғырларды ғана емес, жергiлiктi жерде аз ұлт саналатын басқа: қазақ, қырғыз, моңғол, дүңгендерге де бiрдей саясат ұстана бастапты.

Қанша ұйғыр азаматы мен азаматшалары қытайлар қолынан опат болғаны жөнiнде нақты мәлiмет жоқ. Белгiлiсi - ұйғырлар оқиғасынан жазым болған санаулы ханзу ұлтының өкiлдерiне көрсетiлген көмек пен берiлген атақ-даңқ қана. Мысалы, ұйғырлар оқиғасы мезгiлiнде көз жұмған кез келген ханзу азаматына үкiмет қоржынынан бiрнеше жүз мың юань ақша төленiптi. Оның оқиғаға қатысы бар ма немесе қандай өлiммен өлгенi тексерiлiп, анықталмапты. Заңға сыйдырған бар дәлелдерi - уақыттың оқиғамен сәйкестiгi ғана сияқты. Ал ұйғырлар жағынан шыққан шығын, кеткен «есе» сол күйiнде қалған көрiнедi.

Дәурен: «Үрiмжiде қытайлардың пiкiрi өзгерiп кеттi. Көшеде келе жатқан басқа ұлт азаматтарын ханзулар кеуде­сiмен соғып өте бередi. Себебiн сұрап абырой таппайсың», - дейдi, кәдiмгiдей жабырқап.

Тағы бiр жағдай: бұрын бiртұтас қазақтар қоныстанған ауылдарда бiрiншi әкiм ханзу ұлтынан, басқалары қазақтардан сайланып жүрiптi. Ал қазiр әкiмдiктiң басынан бақайшығына дейiн бiртұтас қытайланған көрiнедi. Уәж айтуға бас екеу емес. Мектептер толықтай қытайшаланған. Басшылығы - ханзу ұлтының өкiлiнен. Оған да дау жоқ.

Өзге қызмет көрсету орындары да аз ұлттан «тазара» бастапты. Мәселен, Дәуреннiң биыл Пекин дәрiгерлер институтын бiтiрген бiр сыныптасы Құлжа қаласындағы үлкен емханалардың бiрiне дәрiгер болып жұмысқа тұрыпты. Бiрақ тамаша маман бола тұра, қатардағы дәрiгерлiк қызметпен шектелiп қалған сияқты. Асы­лы, Пекин мединститутына қазақтар емес, ханзылардың өзi әрең түсiп оқиды екен.

Осыдан бiрнеше жылдың алдында Қытай үкiметi Шыңжаңдағы аз ұлт балаларының iшкi Қытайдағы арнаулы мектептер мен жоғары оқу орындарында тегiн бiлiм алуына мүмкiндiк жасапты. Қазiр соның бiрi жоқ. Оқу қуған жас жеткiн­шек ханзу ұлты болмаса, қарық қып бiлiм ала алмайтын күйде. Оқу бiтiр­ген күнде де жұмысқа тұру мәселесi аз ұлт өкiлдерiне өкiмi қисық заң сияқты. Яғни шыққан тегiң бiрiншi орында тұрады. Сонымен бiрге қытай тiлiн ханзулармен тең бiлуге тиiссiң. Сондай-ақ қытай тiлiнен бiлiмiңдi сынайтын «НSK» деген емтиханнан өтуiң керек. Одан толымдылық куәлiк алу - ханзулардың өзiне де қиынға соғады екен. Егер «HSK» сынақ-тестiден өте алмасаң, қанша бiлiмдi, тәжiрибелi маман болғаныңа ешкiм қарамайды. Педагогика саласында да ханзу тiлiн бiлу маңызды. Себебi, қазiр аз ұлт мектептерi тұтастай қытайлануға көш­кен. Ұлты қазақ, ұйғыр кез келген мұғалiм оқушыларға қытай тiлiнде сабақ беруi шарт. Оған бiлiмi жетпесе, орнын босатады. Айдаһарлы елдегi мұндай тәжiрибе Қазақстанда да қолданылса, қазақ тiлiнiң мәселесi өздiгiнен шешiлер ме едi, кiм бiлсiн.

Қытайдағы аз ұлт балаларын тегiн оқытуға шектеу қойылғалы ауылды жерде бос жүрген қазақ жастарының саны артыпты. Себебi, ақылы оқуға түсуге екiнiң бiрiнiң қалтасы көтере бермейдi. Iшкi Қытайдағы оқу орындарының бiлiм ақысы удай қымбат. Оны тау сағалап мал баққан, жер емiп егiн еккен қай қазақтың баласы төлей алсын?

Қытайдағы қазақтардың денi - ауылды жерде. Жанбағыс көзi - мал мен егiн шаруашылығы. Бiрақ бiр-екi жылдан берi жергiлiктi үкiметте қыстау мен жайлауды, егiстiк жердi сататын және ұзақ мерзiмде жалға беретiн заң қабылданыпты. Қазақтарда оны сатып алатын немесе жалдайтын күй қайдан болсын. «Атал­ған заң ханзу ұлтына тиiмдi болып, солардың ғана игiлiгiне жарап жатыр», - дейдi оралман жiгiт.

Қытай заңына қарсы тұру - Оспан батыр бастаған ел арыстары құрған Шығыс Түркiстан республикасы құлағаннан кейiн болмаған дәстүр. Қазақ жастарының бiлiм алуына шектеу қойып, ауылды жердiң «әукесiн» басу - қулығына құрық бойламайтын Қытайдың ғана iшкi саясаты болса керек.

Қазақта: «Құланның қасуына мылтықтың басуы дөп келдi» дейтiн мәтел бар. Ұйғырлар дүрбелеңi онсыз да «қызыл көз» атанып жүрген қазақтарға қиын соғып отырғаны белгiлi. Ендi қазақ тiлi, қазақ ұлты, қазақ мәселесi деп сөз айту ол елде - қылмыс. Өрдегi ағайынның ендiгi күйi мүшкiл. Сенетiн елi - Қазақстан. Туыстары - атажұрт қазақтары. Басқа ешкiмi жоқ. Бұл - даусыз шындық. Бiз мұны жүрекпен түсiнуге тиiспiз. Қытайға жалға жер бергелi жатқан Қазақстан Қытайдағы қазаққа араша түседi деген - шындыққа жанаспайтын әңгiме. Әйтсе де, қазағымыз Қытайға қор болып, ұлт алдында ұятқа қалғымыз келмесе, шеттегi ағайынды елге алдыратын уақыт жеттi.

 

Жазып алған -

Жұқамыр ШӨКЕ,

«D»

Қиылысы қиын қисап

 

Өткен жылы ҚАНША ОРАЛМАН  атамекенге оралды?

2009 жылы Қазақстанға 16 мың 335 отбасы немесе 75 485 оралман көшiп келдi деп, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитетiнiң төрағасы Қабылсаят Әбiшев ҚазТАГ тiлшiсiне мәлiм еттi. «Олардың жартысынан астамы Өзбекстаннан көшiп келдi (59%). Моңғолиядан келген отандастар 14% , Қытайдан - 10%, Түрiкменстаннан - 8% және Ресейден - 4,2% құрайды», - дедi Қ. Әбiшев.

Оның айтуынша, репатрианттардың көбiнде орташа немесе бiтпеген орта бiлiмi бар.

Оралмандарды қоныстандыру жағынан Алматы облысы алда келедi. Бұл жерге 3,9 мың отбасы оралды. Екiншi орында Оңтүстiк Қазақстан облысы - 2,8 мың отбасы. Одан кейiн Маңғыстау облысы (2,05 мың отбасы), Жамбыл облысы (1,95 мың отбасы) және Шығыс Қазақстан облысы (1,2 мың отбасы).

2009 жылы оралмандарға 12,3 млрд теңге көлемiнде мемлекеттiк қолдау көрсетiлген.

Еске сала кетсек, былтыр оралмандар үшiн квота жылдық 15 мыңнан 20 мыңға дейiн көбейтiлген. Қазақстан тәуелсiздiгiн алғалы жылдары, Қ.Әбiшевтiң айтуынша, 800 мың оралман көшiп келген.

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 06 (43) от 10 февраля 2010 г.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1718
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1689
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1415
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1341