Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2061 0 пікір 11 Ақпан, 2010 сағат 09:47

Украина матушка-Ресейдің құшағына қайтадан құлады

The Financial Times газетінің кешегі жарияланымындағы бас тақырып осылай беріліпті. Украинада өткен Президент сайлауының нәтижесінде «Аймақтар» партиясының жетекшісі Виктор Янукобичтың (суретте) жеңіске жеткені мәлім болысымен әлемдік ақпарат көздері ойлы-қырлы пікір білдірудің бәсекесін қыздырып жіберді. Батыс баспасөзі Янукобичтың сайлауда саңлақ шығып Тимошенконың ұтылып қалғанына өкініш білдірсе, Ресейдің БАҚ-ы бөркін асапанға атып қуанып-ақ жатыр. Ал  Тимошенканың жақтастары болса сайлаудың қортындысына күмән келтіріп «бюллетендер Янукобичтың пайдасына қолдан жасалды» деп мәлімдеуде. Мысалы орыстілді Донецк, Луганск, Одесса қалаларында сондай күмәнді істің болғаны туралы Тимошенкоға тілеулес депутаттар да айта бастады. Әзірге сайлау туралы қазіргі билік басындағы Президент Виктор Ющенко көзқарасын ашық білдіре қойған жоқ.

Янукобичтың билік олимпіне оралуы  расында Украинаның Ресейге түбегейлі бет бұруын аңғартады. Өйткені Янукобич орысшыл саясаткер. Үнемі орыс тілінде сөйлеп Ресейге, Медведев-Путин тандеміне деген аса пейілді екенін танытып жүреді. Демек, енді Батысшыл Украинаның Ющенконың тұсында Еуроодаққа мүше болуға жасаған талабы табан астында тоқтауы мүмкін. Өйткені Ресей Украинаның аталған Одаққа бет бұрғанын еш құптаған емес. Сондай-ақ Украинаның Солтүстік Атлантикалық Одаққа (НАТО-ға) жасаған қадамы да жалғасын таппауы ықтимал. Ресейдің тәуелсіз Украина саясатында жақтырмаған бір ісі осы болатын. Ющенконың уағында украин ұлтшылдары Қырымнан Ресей флотын шығаруға күш салып бағып еді. Ресейшіл Янукобич бұл жайтты мүлдем қозғамайтын шығар. Ющенко голодоморды қолдан жасаған Сталинмен оның қанды қол қарақшыларын Халқаралық трибунал құрып соттау керектігін бастаған еді. Янукобич бұл тақырыпты да жауып тастаса таң қалмаймыз. Бұдан былай Янукобичтың билігіндегі Украинаның халқаралық валюта қорымен арасы алшақтай бастайды да Ресейге тәуелді бола түседі. Батыс саясаткерлері қазір осындай болжамдар айтуда. Сөйтіп бұрынғы КСРО елдерін қайтадан билеп-төстеудің қамына кіріскен Ресей қатарына бір кезде уысынан шығарып алған Украинаны қосып жатыр. Бұл жайтке біздің Астана  қуанбаса өкіне қоймайды. Өткенде «Егемен Қазақстан» газетінің 90 жылдығына орай баспасөз басшыларымен кездескен Президент Назарбаев бүгінгі Украина туралы құрыды, шаруасы шашырап кетті деген сыңайда пікір білдірді.
- Мен Украинаны жақсы біліемін. Қандай керемет мықты мемлекет еді. Сол Украина қазір не болды?  Шараусы шашырап кетті. Халқы күйзеліп тұр,- деді Елбасымыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1177
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1075
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 810
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 942