Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4763 0 пікір 11 Ақпан, 2010 сағат 07:28

«Тек қана олардың балалары балаларымызға осы елде тұруға рұқсат еттік демесе болды».

РЕЖИМ ЖӘНЕ ЖАҢА БУЫН

- Осындай саяси ұстаныммен ол оппозицияға кетті, оппозицияны басқарды. Сонымен бірге, Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаева тобының онымен арадағы текетіресі жалғаса берді. Оның өзге саяси тұлғалармен де тайталасы болды.

Сөйтіп, 2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлын екі көмекшісімен бірге ұрлап әкетіп, екі күннен соң олардың атып өлтірілген денелері табылды. Қалайша бұлай болды? Қазақ соты бұл қылмысқа кеңсе қызметіндегі майда шенеунік Ержан Өтембаевты кінәлі қылып шығарды ғой. Ол Алтынбектің «сөз арасында айтқан пікіріне жәбірлене қалып, кек алу үшін» осы қылмысты ұйымдастырыпты.

- Бұны қайталаудың тіпті де қажеті жоқ. Өйткені, бұл ақылынан адасқан адамның сандырағы екендігін барлығы түсінеді. Бұл, тіпті, талқылауға татымайды. Бұл ақылы аздау адамдардың аяқ астынан, жүрдім-бардым ойдан құрастырған нұсқасы. Ол тек таңданыстан өзге ешнәрсе тудырмайды.

- Яғни, сіз бұл ресми нұсқаға сенбейсіз ғой?

- Бұған ешкім де сенбейді. Бұған сену үшін нағыз ақымақ болу керек. Мен басқа ешнәрсе айта алмаймын.

РЕЖИМ ЖӘНЕ ЖАҢА БУЫН

- Осындай саяси ұстаныммен ол оппозицияға кетті, оппозицияны басқарды. Сонымен бірге, Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаева тобының онымен арадағы текетіресі жалғаса берді. Оның өзге саяси тұлғалармен де тайталасы болды.

Сөйтіп, 2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлын екі көмекшісімен бірге ұрлап әкетіп, екі күннен соң олардың атып өлтірілген денелері табылды. Қалайша бұлай болды? Қазақ соты бұл қылмысқа кеңсе қызметіндегі майда шенеунік Ержан Өтембаевты кінәлі қылып шығарды ғой. Ол Алтынбектің «сөз арасында айтқан пікіріне жәбірлене қалып, кек алу үшін» осы қылмысты ұйымдастырыпты.

- Бұны қайталаудың тіпті де қажеті жоқ. Өйткені, бұл ақылынан адасқан адамның сандырағы екендігін барлығы түсінеді. Бұл, тіпті, талқылауға татымайды. Бұл ақылы аздау адамдардың аяқ астынан, жүрдім-бардым ойдан құрастырған нұсқасы. Ол тек таңданыстан өзге ешнәрсе тудырмайды.

- Яғни, сіз бұл ресми нұсқаға сенбейсіз ғой?

- Бұған ешкім де сенбейді. Бұған сену үшін нағыз ақымақ болу керек. Мен басқа ешнәрсе айта алмаймын.

- Салтанат, Алтынбектің бейітінің басында ата-анасы жылай да алмай қалды деп айттыңыз. Балаларыңыздың көз жасы жібермейді, бәрібір, шынайы тапсырыс берушілер жазаланады дедіңіз. Трагедиядан кейінгі осы төрт жылды балаларыңыз қалай өткізуде? Олар тез есейіп кеткен шығар?

- Иә, олар бір түннің ішінде есейіп кетті. Олар жақсы көретін, оларды жақсы көретін әкелерінің өлімі есейтті. Олардың қатынасын білу үшін бұл өлімнің олар үшін қандай қайғы екенін түсіну керек. Бұл оқиға олардың әділетке деген сенімін жоғалтты. Бұл қайғы ешқашан

Алтынбек Сәрсенбайұлы аяулы жары Салтанат Атушевамен бірге. Алматы, 2004 жыл.

 

жоқ болып кетпейді, ешқандай уақыт оны жаза алмайды. Бұл қайғы үнемі бізбен бірге, біз осымен өмір сүруіміз керек, біз тірі қалуымыз керек.

- Сіздің қызыңыз Шолпан мен ұлыңыз Бекжан Англияда оқиды дейді. Шолпан Бекжаннан қанша жас үлкен?

- Төрт жасқа үлкен. Қызым - 20-да, ұлым - 16 жаста. Мен олардың қайғысын жеңілдетуге тырысамын. Мен Алтекеңе балаларына қорған боламын деп уәде бергенмін. Сондықтан, олармен бірге болу - менің бірінші міндетім.

- Сіздің балаларыңыз Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды енді қалай қабылдайды?

- Мен олармен Қазақстан жайында, қазіргі болып жатқан жағдайлар туралы әңгімелескім келсе, қызым бұны тыңдағысы келмейді. Өйткені, оның көңілі қалған. Және ол барлығына ренжулі. Оны райынан қайтару оңай емес. Бұндай әңгімелер әдетте: «Әр халық өз билеушісіне лайықты», - деген сөзімен аяқталады. Осымен әңгіме бітеді.

Ұлым басқашалау. Ол Қазақстанның өркениетті, демократиялық мемлекет болатынына, өз елімен мақтана алатынына, Қазақстанда тұратынына мақтанатындығына сенеді.

Бір ғана айтар мәселе - олар өз болашақтарын Қазақстаннан бөліп қарамайды. Сондықтан да онда болып жатқан барлық оқиғаларды қатты уайымдайды.

- Біздің әңгімеміз, демократиялық өзгерістердің болуын қалап, осы жолда опат болған саясаткердің балаларының тақырыбына бекер ойысқан жоқ. Қазақстанның ресми насихаты ел тәуелсіздігі енді ғана 18 жасқа толды деп қайталай бергенді жақсы көреді. Ендеше, Қазақстан тәуелсіздігінің осы бір 18 жасар құрдастары кімдер?

Міне, Қазақстанның саяси сахнасына саясаттан аулақ болуға тырысқан, бірақ, қазір «саяси сипаты бар» деп есептеліп отырған сотқа тартылған топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің балалары шықты.

Сіздің балаларыңыз бар. Алтынбектен үш ай бұрын өлтірілген диссидент Заманбек Нұрқаділовтің қызы - Мерей бар. Шаңырақтың, Жаңаөзеннің, Красный Трудовиктің балалары бар. Сіздіңше оларды қандай болашақ күтіп тұр?

Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Салтанат Атушева балалары Шолпан және Бекжанмен бірге. Алматы, 2004 жыл.

 

- Оларды не күтіп тұрғанын мен білмеймін. Мен Кассандра емеспін, сондықтан оларды не күтіп тұрғанын айта алмаймын. Біздің қоғамымыз ақыр соңында қазіргідей өмір сүруге болмайтынын, билікті өздерімен санасуға мәжбүрлеу керектігін түсінеді дегенге сенгім келеді.

Менің айтайын дегенім, біздің балаларымыз қазір билікте отырғандардың балалары билік құрып тұрған уақытта өмір сүрмейтін шығар деп үміттенемін. Және олар біздің балаларымызға: «Сендерге осы елде өмір сүруге рұқсат берілді, енді сендер тағы бір нәрсеге риза емессіңдер ме?» деп айтпайтын болар деп үміттенемін.

Бұл сөз менің көңілімде жатталып тұр. Оны бір жерден оқығанын есімде, Назарбаевтың балалары ма, күйеу балалары ма, біреуі айтқан еді бұл сөзді. Барлық мәселе осы сөздің мағынасында. Олар шынында да бізге осы елде өмір сүруге мүмкіндік беріп отырғанына шындап сенеді.

Біздің балаларымыз мұндай елде өмір сүрмейді деп үміттенемін.

ӘЙЕЛІ КҮЙЕУІНЕ ҚАЛҚАН БОЛҒАН

- Салтанат, әңгімеміздің басында Қазақстандағы саясаткерлердің әйелдері әдетте күйеулерінің тасасында болады деп айттық. Бұндай үрдіс жалғаса беретін сияқты. Бірақ, тұтқындаулар мен қудалаулар толқыны әйелдері күйеулерін қорғап шығатын құбылысты алып келді.

Бұл - табиғи инстинкт. Мұндай жағдай көрші Өзбекстанда бар. Мұндай жағдай сталиндік ГУЛАГ-та болды. Ол кезде көтеріліске шыққан еркектерді құтқару үшін тұтқын - әйелдер танктің шынжыр табанының астына ұмтылды. Мұндай жағдайлар өте қиын кезеңдерде болатынын айта кету керек.

Міне, қазір де оқиғалар сахнасынан Жәмила Жәкішеваны, Раушан Есіргепованы, Жайнагүл Айдарханды және Айман Кәрімбаеваны көріп отырмыз. Олардың әлеуметтік мәртебесі әртүрлі, әртүрлі киінген, біреуі сәнді киімін күн сайын ауыстырса, екіншісі ертең баласын немен тамақтандыратынын білмейді.

Бірақ, олардың барлығын бір ғана нәрсе - күйеулерінің тұтқындалуы, олардың пікірінше, сүйікті адамдарын әділетсіздікпен тұтқындау біріктіреді. Бұл тұрғыда бүгін не болып жатыр? Бұл оқиғалардың толқынын сіз қалай қабылдайсыз?

- Күйеулерін әйелдерінің қорғап шығу себебі - олардан басқа қорғайтын ешкім болмағандықтан шығар, сірә. Өйткені, қоғам өте енжар, қоғам тек сырттай бақылап отырғанды ғана біледі. Олардың көпшілігі: бұл аналардың басындағы жағдай ғой, маған қатысы жоқ, менде мұндай жағдай болмайды деп ойлайды. Содан соң кезек оларға келеді. Осылайша біз жалғыз-жарым күйде қарсылық жасаймыз.

2006 жылдың ақпанында бүкіл ел есеңгіреп қалды. Біз көңіл айтқан хаттар мен жеделхаттарды Атыраудан, Шымкенттен және көптеген қалалар мен ауылдардан алып жаттық. Адамдар Алтекеңнің өлтірілуін өздерінің трагедиясындай қабылдады. Мен бұны ұмытпаймын. Содан кейін болған кейбір сәттер де есімде. Оған осының не керегі бар еді дегендей маған мүсіркей көз тастағандарды да байқадым. Олар түсінген жоқ.

Бірақ бірден айта кету керек, олар Алтекеңді білмейтін адамдар болатын. Және олар осының барлығы Алтекеңе не үшін керек болғанын шынымен де түсінбеді.

Бұл адамдар өздерін бақытты сезінеді. Олардың бастарында үйлері бар, әлдебір шетелдік қымбат көліктері бар, қазақтың барлық стандарттарымен дүрілдетіп, от-шашуларын жарқылдатып мерейтойларын өткізді, олар Еуропада демалды. Адамның толық бақытты болуы үшін бұдан артық не керек деп ойлайсың?

Осы адамдардың аңқаулығы мені үнемі таңдандыратын. Тұмсығымен жем толы астауға бас қойды, өзге ешнәрсенің керегі жоқ. Бастарын көтеруге шамалары жоқ. Айналайындар-ау, бастарыңды көтеріп, бір мезгіл жан-жақтарыңа қарасаңдаршы! Өйткені, өмір сүруге қажетті ең басты нәрсе жетпейді ғой! Осылардың өміріндей жақсы, бірақ өркениетті, адам құқы, меншік құқы құрметтелетін, адамның таңдауға құқы бар елде өмір сүру керек емес пе?!

Бізде оның бірі де жоқ. Ендеше сенің молшылықта өмір сүргеніңнің құны көк тиын. Ертең келіп тартып алып, өзіңді отырғызып қояды. Содан соң шындықты қайдан іздейсің? Бір адвокатты жалдайсың, екіншісін жалдайсың, пайда жоқ.

Талдықорғанда өткен сот есімде. Бұл - өмірде болмайтын оқиға сияқты көрінген, өйткені бұл - мағынасыздық. Бұның мағынасыздық екенін бәрі де түсінеді. Фарстың орын алып жатқанын, өзінің жай ғана қолжаулық екенін судья да түсінеді. Бірақ барлығы байыпты, ақылды адамның бейнесіне еніп, сол фарста ойнауын жалғастыра береді. Соншалықты жағаңды ұстатарлық жағдай.

Ең қорқыныштысы - өзіңді қорғансыз сезінуің. Өйткені, тіпті Ресейде тұрсаң да халықаралық сотқа, Страсбург сотына шағымдана

Қаза тапқан оппозиция қайраткерлері Алтынбек Сәрсенбайұлы, Заманбек Нұрқаділов және тәуелсіз журналист Асхат Шәріпжановты еске алу жиыны. Дыбыс күшейткіш құралмен сөйлеп тұрған - Алтынбек Сәрсенбайұлының жесірі Салтанат Атушева. Сол жағында - Болат Әбілов, оң жағында - Зәуреш Батталова, одан әріректе Ораз Жандосов тұр. Алматы, 26 ақпан 2006 жыл.

 

аласың. Ал бізде түк те істей алмайсың. Барлық амалың таусылып қабырғаға тірелесің, болды.

Адамдардың осы бір аңқаулығы. Бұл жағдайда мені таңдандыратыны, риза қылатыны - Алтекең менің көргенімді ғана емес, одан арғыны да көрді, ол тереңірек түсінді, сондықтан осындай қадамға барды.

Ол осының барлығын қалай өзгерткісі келді - елестете алмаймын. Бұл не деген еңбек? Бұл үшін бір өмір жетпейді. Ол: «Мүмкін біз бұны көрмейтін шығармыз, бірақ мен бұның барлығын балаларым үшін жасаймын», - дейтін. «Балаларымның қазіргі біз сияқты өмір сүргенін қаламаймын», - дегенді жиі айтатын.

Ең өкініштісі, қазір біздің айтып жүрген проблемаларымызды енді 20-30 жылдан соң балаларымыз айтып жүретін болады. Түсінесіз бе? Дәл сол сөз, дәл сол проблема. Тек адамдар ғана өзгереді. Өмір сүрудің мағынасы жоғалып, тауың шағылып қалады.

Алтекең оппозицияға кетуінің маңызды бір факторы жайында: «Балаларыма мен жайында не деп айтатыны мен үшін өте маңызды; мен олардың әкелері үшін ұялуларына жол бергім келмейді», - дейтін. Өйткені, ол әкесін білген адамдардың өзіне деген қарым-қатынасын көрді. Және оның қандай қымбат дүние екендігін түсінді, бағалай білді.

- Сіз айтып отырған, әркім осы спектакльдегі өзінің рөлін ойнайтын бұл фарс неге алып келеді? Сіз халық бұның барлығын көріп отыр деп айтасыз. Халық бұдан ары не істейді, осының барлығына бұдан былай халықтың реакциясы қалай болады? Авторитарлық режимдер мәңгілік емес және кез-келген тоталитаризм өзінің ақырын даярлап жатыр дейді емес пе? Бұл жайында не айтасыз?

- Тарихшы ретінде бұның осылай екенін айта аламын. Ешқандай авторитаризм мәңгілік емес. Жалпы алғанда, ешкім де, ешнәрсе де мәңгілік емес. Мәселе қашан және қандай күшпен екендігінде.

Режим өзінен өзі өліп, құлай салмайды. Режимнің қирауы бүкіл қоғамның қирауына алып келуі мүмкін. Міне, осы жерде Қазақстанның тәуелсіздігінің мәселесі шығады.

Мен бұны қазақ зиялылары үшін, ұлт алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінетін адамдар үшін нөмірі бірінші мәселе шығар деп есептеймін. Кейде менде қазақ зиялыларынан тек Герольд Бельгер ғана қалған сияқты әсер болады.

Тәуелсіздіктің 18 жылында бізде бір де бір еркін, әділ сайлау болған жоқ қой. Бізде парламенттер таратылады, газеттер жабылады. Жазасыздығын сезінген билік өзі үшін қауіпті деген адамдарды өлтіре бастады. Және солай бола тұра билік демократия, адам құқы, еркін сайлаулар сияқты ұрандарды көтереді.

Биліктің арсыздығының өзі осында. Нәтижесінде, бағдарлар жоғалып, адамдардың барлығы осылай болуы керек шығар деп ойлай бастайды.

ЕҚЫҰ-ын БАСҚАРУҒА КЕЛГЕН АВТОРИТАРИЗМ

- Салтанат, Англияда жиі боласыз, балаларыңыз Батыста оқиды. Батыс үкіметтері Қазақстан демократиялық реформалар жолына түсті дейді. Биыл Қазақстанға ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасау мүмкіндігін берді. Бірінші рет постсоветтік ел осы беделді ұйымды басқаруға кірісті. Яғни, Батыс сізге қарағанда сәл өзгешелеу қарайды. Осылай ма?

- Мен бұл жерде бір ғана нәрсені айта аламын: Батыс өзінің көзіне түсіп тұрғаннан анағұрлым үлкенірек дүниені көргісі келеді. Батыс әлдебір ойын ережесін сақтағысы келеді. Және бұл жерде тек моральдық және саяси себеп қана емес, сонымен бірге, экономикалық себеп те бар.

Біздің қолымызда олар мұқтаж болып отырған энергетикалық ресурстар бар. Сондықтан олар қандай да бір шегініске барады. Меніңше, одан да бөлек көптеген факторлар: Қазақстанның географиялық орналасуы, Қытаймен және Ресеймен көрші орналасқандығы рөл ойнайды деп ойлаймын.

Батыс бізге авторитаризмнен демократияға дейін өсіп, жетіліңдер, содан соң сөйлесеміз деп итере салмайды. Бұл дұрыс, бұл менің қалайтын ең соңғы сценариім. Өйткені, өз көршілерімізді білеміз. Біз дәл сол Ресейді де, онда не болып жатқанын да білеміз. Қытайды да білеміз.

Және білесіз бе, идеялардың маңызын жою - өте қауіпті. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге қол жеткізгенде осы ұйым үшін үрейлене бастадым. Өйткені, бұрынғы партократтарымыздың кез-келген идеяны, тіпті өте тамаша деген идеяны мағынасыздыққа дейін жеткізе салуы өте қауіпті және жұқпалы.

Ал енді шындығына келсек, «Фридом Хаустың» деректері бойынша Қазақстан еркіндік пен демократия деңгейі бойынша 190 елдің ішінде 170 орында тұр. Сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша Қазақстан 150 елдің ішінде 107 орында. Және осы ел ЕҚЫҰ төрағасы болады.

Сондықтан, Батыс - Қазақстанды демократиялық мемлекет деп таныды деген сөзіңізге статистикадағы осы екі фактімен жауап беремін. Басқа айтатын ешнәрсе жоқ.

ЕШКІМ ОНЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРА АЛМАЙДЫ

- Енді бұдан ары Қазақстанда не болмақ? Әңгімеміздің соңына қарай, демократиялық реформаларсыз Қазақстанның болашағы жоқ деп айтқан Алтынбек Сәрсенбайұлының саяси мұрасына тоқтала кетуге рұқсат етіңіз. Қазақ халқы демократиялық өзгерістерді талап ете алады ма?

- Дәл қазіргі уақытқа дейін демократиядан артық мемлекет құрылысын адам баласы ойлап тапқан жоқ. Сондықтан, бізге жаңадан велосипед ойлап шығарудың керегі жоқ. Барлығы ойланып, табылып қойған және тәжірибеде бар. Ең жақсысын таңдап алып, құру керек. Бірақ бұлай жасалып жатқан жоқ.

Саяси мұрасы дейсіз бе? Уақыт көрсетеді. Оның осыдан бес-алты жыл бұрын жазған мақалаларын оқып отырсаң, оның осы күнге дейін

Алтынбек Сәрсенбайұлының бейітінің басындағы таста оның айтып кеткен сөзі қашалып жазылған.

 

зәру күйде тұрғанын байқайсың.

Әрине, демократиялық реформаларсыз Қазақстан қазіргі дағдарысты жағдайдан ешқашан шықпайды. Алтекең өзінің өмірімен, үлгі көрсетуімен адамдарға ықпал етті деп ойлаймын және олар бұны бағалайды.

Қазақстан - тәуелсіз, шынымен де тәуелсіз және демократиялық мемлекет болады. Және бұл жердегі Алтекеңнің сіңірген еңбегі де мойындалады.

- Оның кейбір пессимистік болжамдары шындыққа айналып келеді. Өкінішке қарай, әрине.

- Мүмкін бұдан өту керек шығар. Кез-келген ауру да алдымен асқынады, ең шегіне жетеді, тек содан соң ғана, мүмкін, жазыла бастайды.

Ол жайында менің есімде қалғандар көп. Мен ол жайында ешкімге айтпаймын. Бұл - менікі және мен үшін ол маңызды, бұл маған күш береді.

Және Алтекеңнің аты, мысалы, мен арқылы емес, оның атындағы қордың жұмысы арқылы, ол жайында жазылған мақалалар арқылы, оның өзі жазған мақалалар арқылы аталғанын қалар едім.

Біраз уақыт өткен соң, әсіресе менің балаларым мектеп, университет бітірген соң, олардың әкелерінің аты менімен немесе отбасындағы тағы біреулермен байланыстырылып айтылғанын қаламаймын.

Өйткені, оның орнын ешкім баса алмайды, бұл мүмкін емес. Өйткені, Алтекеңнің орны бөлек. Және осындай масштабтағы адамды мен әзірге көрмейтін сияқтымын.

- Сұқбатыңыз үшін рақмет, Салтанат.

11.02.2010

Ержан ҚАРАБЕК

www.azattyq.org

Суреттерде: Қазақ оппозициясының көсемі Алтынбек Сәрсенбайұлының жесірі Салтанат Атушева. Алматы, 2009 жыл.

 

Салтанат Атушева мен Алтынбек Сәрсенбайұлы қыздары Шолпанмен. Алматы, қыркүйек, 1989 жыл.

Алтынбек Сәрсенбайұлының әкесі мен анасы марқұмның бейітінің басына құлпытас орнатылған кезде. Алматы, 12 қыркүйек 2006 жыл.

 

«Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының құрылтайына жиналған қазақ оппозициясының қайраткерлері. Солдан оңға қарай: Ораз Жандосов, Заманбек Нұрқаділов, Жармахан Тұяқбай, Алтынбек Сарсенбайұлы, Болат Әбілов, Асылбек Қожахметов және Гүлжан Ерғалиева. Алматы, 2005 жыл.

 

Алтынбек Сәрсенбайұлы аяулы жары Салтанат Атушевамен бірге. Алматы, 2004 жыл.

 

 

Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Салтанат Атушева балалары Шолпан және Бекжанмен бірге. Алматы, 2004 жыл.

 

Қаза тапқан оппозиция қайраткерлері Алтынбек Сәрсенбайұлы, Заманбек Нұрқаділов және тәуелсіз журналист Асхат Шәріпжановты еске алу жиыны. Дыбыс күшейткіш құралмен сөйлеп тұрған - Алтынбек Сәрсенбайұлының жесірі Салтанат Атушева. Сол жағында - Болат Әбілов, оң жағында - Зәуреш Батталова, одан әріректе Ораз Жандосов тұр. Алматы, 26 ақпан 2006 жыл.

 

Алтынбек Сәрсенбайұлының бейітінің басындағы таста оның айтып кеткен сөзі қашалып жазылған.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1160
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1063
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 795
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 922