Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2730 0 пікір 10 Ақпан, 2010 сағат 07:35

Тұжырымдама - тұғырың

Владимир КОЗЛОВ, тiркелмеген "Алға" партиясының жетекшiсi:

ОРЫСТIЛДI ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ

БIР АУЫЗ СӨЗ ЖОҚ

- Қазақстан Республикасының атауын "Қазақ Республикасына" өзгерту, қазақ ұлтын мемлекетқұрушы ұлт ретiнде мойындау, мемлекеттiк тiл проблемасын көтеру сияқты мәселелердi орыстiлдi жұртшылық екiұшты бағалап, қабылдайды. Бiрақ, мен бұлардың бәрiн де қолдаймын. Бұл елдегi қалыптасқан жағдай, ұлт патриоттары мұны тек қағазға түсiрiп, осыны бекiткiсi келедi. Ендi бiз не iстеуiмiз керек? Ең бастысы, қазақ тiлiнде айтыл­ған, мемлекеттiк тiлде жазылған нәрселердi орыстiлдi қауымға дұрыстап түсiндiруiмiз қажет. Мәселен, ұлт жанашырларының жиындарына мен де қатыстым. Бұл жерде Қазақстанды мекендейтiн орыстiлдi жұртшылыққа қатер төндiретiндей бiрде-бiр мәселе көтерiлген жоқ. Мұндайды ту етiп көтеру ұлт тұлғаларының ойына да кiрмейдi. Бұған анық көзiм жеттi. Мiне, осыны басқа азаматтарға да түсiндiрiп, анық айту керек. Бұл үшiн ұлт жанашырлары облыс-облыстарға шығып, аймақтарды аралап, Тұжырымдаманы халыққа түсiндiруi керек. Қазақтан басқа да ұлт өкiлдерiн тартсын бұл iске.

Тұжырымдамада көтерiлген Қазақ Республикасы атауын қайтару туралы идеяны мен қолдаймын. Бұл мәселе баяғыдан айтылып келе жатыр. Кеңес Одағы тұсында қазiргi мемлекет "Қазақ КСР" деп аталды. Бұл әбден дұрыс. "Қазақстан", "қазақстандық" дегенiмiз саяси ойын үшiн ғана керек. "Қазақстандық ұлт" идеясы мемлекетқұрушы ұлт пен өзге де этностар арасына сына қаққаны болмаса, басқа еш пайдасы жоқ.

Владимир АКИМОВ, ғалым, аудармашы:

ТҰЖЫРЫМДАМАДА «ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ» АНЫҚ ӘРI ДӘЛ КӨРСЕТIЛГЕН

- Ұлт дегенiмiз бiр ғана мәдениет, бiр ғана тiл, бiр ғана дiлдi ұстанатын қауымдастық. Қазақстандағы мемлекетқұрушы ұлт - қазақ ұлты. Осыны жоғары билiк өкiлдерi түсiнгiсi келмейтiн де сияқты. АҚШ-тың негiзiнде "қазақстандық ұлт" идеясын қоғамға ұсына отырып, олар мемлекетқұрушы ұлт пен басқа да этникалық топтардың арасына сына қақты. Бұл дұрыс емес. АҚШ-та мемлекетқұрушы ұлт атымен жоқ. Ал Қазақстанда бар. Яғни, американдық үлгiнi бiз ұстана алмаймыз. Бiр кездерi Кремль "совет халқы" идеясын ұсынды. Жасанды ұлт жасау билiктiң қолынан келмедi. Нәтижесiнде, миллиондаған адамдар маргиналдарға айналып, ұлттық бiтiм-болмысынан айырылды. Осындай қатерлi саясаттан бiздiң аулақ болғанымыз жөн.

Қоғамдық күштер ұсынған "Ұлттық саясат тұжырымдамасында" ұлттық идея ұғымы анық әрi дәл көрсетiлген. Қазақ ұлтын мемлекетқұрушы ұлт ретiнде мойындауымыз керек, ал ол ұлт қоғамның жетекшi күшiне айналуы тиiс. Сонда ғана ұлт саясатын тиiмдi шешуге болады.

Асылы ОСМАН, қоғам қайраткерi:

ҚАЗАҚСТАНДА БIР ҒАНА ҰЛТ БАР,ОЛ - ҚАЗАҚ ҰЛТЫ

- Менiңше, Тұжырымдамада екi басты мәселе негiзгi өзек етiп алынған. Оның бiрi - қазақты мемлекетқұрушы ұлт ретiнде мо­йындау болса, екiншiсi - "Қазақстан" атауын "Қазақ Республикасына" өзгерту. Екеуi де дұрыс әрi орынды мәселелер. Неге дейсiз ғой? Себебi, Қазақстанда бiр ғана ұлт бар, ол - қазақ ұлты! Басқасының бәрi де - этникалық топтар. Мұнымен ешкiм де таласа алмайды. Сондықтан да, елiмiздiң атауын Қазақ Республикасы деп атасақ дұрыс болар едi. "Ел бiрлiгi" доктринасы осы мәселенi ескерген жоқ. Онда қазақты да, орысты да, татарды да, чувашты да қатар қойып, бәрiн де ұлт ретiнде таныған.

Бұл құжаттағы бiр мәселемен келiспеймiн. Онда шетелдегi қазақтардың құқығын қорғау керек деген мәселе көтерiлген. Мұны қалай жүзеге асырмақ? Бiр мемлекеттiң iшкi iсiне екiншi елдiң араласуға құқы жоқ. Шеттегi қазақ бауырларымызды елге көшiру мәселесiн, оларға азаматтық беру туралы ұсыныс көтеруге болады, әрине. Бiрақ шетелдегi қазақтың құқығын қорғау қиынға соғатын тәрiздi. Мұны мемлекетаралық келiсiм арқылы ма, әлде басқа жолдар арқылы ма, басқаша бiр жолмен жүзеге асыру керек шығар. Ал негiзiнен, құжат өте орынды проблемаларды көтерген. Мұны қолдау керек.

«Жас Алаш», 9 ақпан 2010

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1205
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1096
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 834
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 977