Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2203 0 пікір 9 Ақпан, 2010 сағат 06:15

Үкімет тұрмысы төмендерге тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекітті

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан үкіметі өз қаулысымен тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсетудің ережелерін бекітті. ҚР премьер-министрі 30-шы желтоқсанда қол қойған құжат, сейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланды.

«1997 жылғы 16-ші сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 10-1 бабының 3)-ші бөлімшесіне сәйкес, ҚР үкіметі тұрғын үй көмегін көрсетудің келесідей ережелерін бекітуді қаулы етеді», - делінген құжатта. 

Құжатта айтылғандай, ережелердің өздері тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін анықтайды.

Ережеде, тұрғын үй көмегі тұрақты түрде осы жерде тұрып жатқан тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) жергілікті бюджет, есебінен бірінші кезекте, (баспананы) түбегейлі жөндеуге және (немесе) кондоминиумның ортақ мүлкін түбегейлі жөндеуге жиналатын жарна ретінде өтемге берілетіні көрсетілген. Көмек жекешелендірілген баспаналарда (пәтерлерде) тұрып жатқандарға немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана (пәтер) жалдаушы (қайта жалдаушы) отбасыларына (азаматтарға) көрсетіледі. Сондай-ақ көмек, егер байланыс қызметінде телефонның абоненттік төлемақысы ұлғайған болса, жергілікті атқару органдарымен жеке тұрғын үй қорынан жалға алған баспананың жалға беру бағасы көтерілсе, коммуналдық төлемдерге көрсетіледі.

Бұл ретте тұрмысы төмен отбасыларының (азаматтардың) тұрғын үй көмегіне есептелетін шығындары, жоғарыда аталған бағыттардың әр қайсысы бойынша шығындардың сомасы ретінде есептеледі.  

Тұрғын үй көмегі қызмет көрсетушілердің қызметінің шоттары бойынша көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті атқару органдары анықтайды. Оны төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.

Үкімет қаулысы оның басылымдарда бірінші жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1076
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 966
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 817