Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3251 0 пікір 5 Ақпан, 2010 сағат 05:56

Алматы облысында прокуратура тарихи-мәдени маңызы бар жерлерді жеке меншікке беріп жіберудің заңсыз деп табылуын талап етуде

Талдықорған. 4 ақпан. ҚазТАГ – Алматы облысында Қарасай аудандық прокуратуасы БАҚ-тарда жарияланған мақалаларға негізінде жергілікті атқарушы органдардың тарихи-мәдени маңызы бар жерлерді жеке меншікке беріп жіберу әрекетінің заңдылығын тексерді. Бұл жайында Қарсай ауданының прокуратуасынан хабарлаған.

Тексеру барысында анықталғанындай, Қарағайлы ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі шешімімен азаматша Д.Шөпебаеваға жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жеке меншікке жалпы көлемі 0,1 га жер телімі берілген. Сонымен бірге, әйелге жеке меншік құқын беретін мемлекеттік акті мен кадастрлық нөмірі берілген. Кейінірек, сатып алу-сату келісім-шарты бойынша жер телімі В.Шажировқа сатылған. В.Шажиров жерде тұрғын үй салу барысында осы жерде орналасқан қорғанға елеулі зиян келтірген.

Ауданның тарихы мен мәдениетіне қорғанның қатыстылығын тексеру үшін прокуратура тарапынан тартылған археология институтының аға ғылыми қызметкері А.Нұржанов, Қарғалы өзенінің оң жақ жағалауына орналасқан, бірінен бірі 3,5 метрде орналасқан екі төмпешіктен (диаметрі 25 м, биіктігі 2,5-3 м) тұратын қорғанды қорым Іле Алатауының аңғарын біздің дәуірімізге дейінгі мыңыншы жылдары мекендеген сақ тайпаларына жататындығы жайында қорытынды жасады. Аталған қорым облыстық маңыздағы археологиялық және тарихи ескерткіш болып табылады. Бұған қатысты ескерткіштің есеп карточкасы, жоспары мен төлқұжаты бар. Қорғандар тарихи және мәдени ескерткіштер реестріне 1986 жылы енгізілген. Қазіргі уақытқа дейін ескерткіш зерттелмеген.

Сонымен бірге, ҚР Жер туралы кодексінің 127 бабына сәйкес, тарихи-мәдени мұра нысандары орналасқан жер телімдері, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткіштері тарихи-мәдени маңыздағы жерлер болып танылады.

ҚР Жер туралы кодексінің 84 бабының 2 бөлімінің 2 тармағының талабына сәйкес, «Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығы үшін мәжбүрлеп алудың бір жағдайы, жерді тарихи-мәдени мақсатқа беру болып табылады».

Осыған байланысты аудан прокуратурасы, ауылдық округ әкімінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі шешімінің және осының негізінде аталған жер теліміне жеке меншік құқын беретін мемлекеттік актінің,  оны аудандық әділет басқармасында тіркелуінің күшін жою, сонымен бірге, 2009 жылы 3 шілдедегі сатып алу-сату келісімшартын заңсыз деп табу және жер телімін мәжбүрлеп алу жөнінде Қарсай аудандық сотына талап-арыз түсірді.

Қазіргі уақытта талап-арыз аудандық сотта қаралу деңгейінде тұр, деп хабарлады Қарасай аудандық прокуратурасынан.

0 пікір