Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2780 0 пікір 3 Ақпан, 2010 сағат 06:14

ЭМРМ Аи-80 бензині мен дизель отынына шекті бағасын белгіледі; Аи-92/93 бензиндері үшін шекті баға бұрынғысынша қалды

Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ – Энергетика және минералды ресурстар министрлігі ақпан айына  Аи-80 маркалы бензин үшін бөлшек саудадағы шекті бағасын - 62 теңге және дизель отыны үшін - 67 теңге деңгейінде белгіледі. Сонымен бірге, Аи-92 және Аи-93 бензиндері үшін ең жоғары баға - 82 теңге деңгейінде қалды деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне ЭМРМ-дегі ақпарат көзі.

«Ақпан айына бөлшек саудада Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиндері үшін ең жоғары баға – 82 теңге, жаздық дизель отыны – 67 теңге, Аи-80 – 62 теңге болып белгіленді», - деді ол сейсенбі күні агенттік тілшісіне телефон арқылы.

Тиісті хаттамаға 25 қаңтарда, Энергетика министрлігі, әкімдіктер мен отандық мұнай өңдеу зауыттарының қатысуымен болған кеңес қорытындысы бойынша қол қойылды. Сонымен бірге, әңгімелесушінің айтуынша, үкімет жанар-жағармайдың көтерме бағасына шек қойылмайды.

Өздеріңізге белгілі, 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап үкімет бүкіл ел бойынша Аи-92/93 маркалы бензиннің сатылу бағасының шегін 82 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазірігі уақытта парламент мұнай және мұнай өнімдерінің айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту мәселесі бойынша заңға түзетулер енгізуді қарастыруда. Атап айтқанда, бұл түзетулер бойынша, жанармай нарығындағы көтерме саудамен айналысатын делдалдарға талапты күшейту қарастырылуда. Мәжілістің салалық комитеті заң жобасы бойынша қорытындыны мамыр айының соңына дейін даярлауды жоспарлап отыр.

0 пікір