Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2826 0 пікір 3 Ақпан, 2010 сағат 06:08

Сот БАҚ-тарға Құлыбаевтың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін кез-келген ақпаратты жариялауға тыйым салды

Алматы. 2 ақпан. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Д.Махметованың төрайымдығымен өткен Алматы қаласының Медеу аудандық соты, бұқаралық ақпарат құралдарына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаевтың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін кез-келген ақпаратты жариялауға тыйым салды.

« ...жауапкерлер мен ..., өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына және өзге де тұлғаларға, Құлыбаев Тимур Асқарұлының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін кез-келген ақпаратты БАҚ-тарда және өзге де құралдарда, қағаздағы және электронды түрде жариялауға және таратуға тиым салынады», - делінген сот шешімінде. Сот шешімінің көшірмесі ҚазТАГ агенттігінде бар.

Алматы қаласы Медеу аудандық соты 1 ақпанда БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа және кейбір БАҚ-тарға қатысты Т.Құлыбаевтың талап-арызы бойынша азаматтық істі қарап, «Республика», «Голос Республики», «Взгляд» және «Курсив» газеттеріндегі «Әблязов таратқан, қытайлық CNPC компаниясынан пара алу түрінде қылмыстарды жасады делінген» жарияланымдарды «шындыққа сәйкес келмейді» деп таныды, - деп атап өтілген сот шешімінде.

Сот жоғарыда айтылған газеттерді, Т.Құлыбаев туралы материалдарды оның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін деректер деп жария түрде жоққа шығаруға міндеттеді.

Медеу соты, сонымен бірге, «Т.Құлыбаевтың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін деректері бар, БАҚ өнімдеріне, қағаз және электрондық түрдегі ақпарат тасушыларға арест қою туралы» және басылған, бірақ әлі таратылмаған баспа өнімдерін тоқтата тұруға қаулы шығарды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, «БТА банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Т.Құлыбаевқа қытайлық – CNPC Exploration & Development Company Ltd корпорациялары мен оның бірқатар еншілес құрылымдары, атап айтқанда, CNPC International Limited компаниясы, 165,9 миллион доллар сомада пара берді-міс деген фактілермен байланысты жағдайлардың анық-қанығына жету туралы  Қытай билігіне өтінішпен шыққан. М.Әблязов тиісті өтінішті ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның, сонымен бірге Қытай бас прокуроры мен мемлекеттік қауіпсіздік министрінің атына жіберген. 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1788
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1775
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1494
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1395