Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3354 0 пікір 27 Қаңтар, 2010 сағат 05:43

Қазақстанның бірқатар облыстарында бұрқасын болады деп күтілуде

Алматы. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Республиканың басым бөлігі сәрсенбі күні атмосфералық тұтас бөліктердің ағымының ықпалында болады. Қазақстанның солтүстігі мен орталығындағы ауа райын антициклон айқындайды, деп хабарлады ТЖМ.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, түнде Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында – кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақтанып, жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді, ал Алматы облысының жекелеген аудандарында бұрқасын тұрады. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында – кей жерлерде тұман, күндіз Қарағанды облысында жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жақын күндері Қайраққұм су қоймасынан жіберілген су көлемінің азаюы себепті Шардараға құйылатын су көлемі де азаяды. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы жекелеген өзендерде тоспалар пайда болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін. ОҚО-ның таулы өзендерінде су деңгейі өзгеріп тұрады.

0 пікір