Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3097 0 пікір 14 Қаңтар, 2010 сағат 07:21

Өміржан Әбдіхалық. «Тозақ оттары жымыңдайды»

«... Ауылдың ортасынан қақ жарып жүретін жолдың үстінде төрт-бес  кішкене бала құм үйіп ойнап жатыр екен. Менен қорықты...біріне бірі жалтаңдап қарап: «Орыс келе жатыр...» деп тұра қашты... Біреуінің ат қып мінген талы қалды. Біреуінің шуда жіптен бау таққан құрығы қалды. Мен күлдім...» Бұл Биағаңның 1923 жылы Орынборда жазған «Көшпелі махаббат» деген әңгімесінен үзінді. (Бейімбет Майлин, шығармалар, үшінші том, 1962 жылы, Алматы)

Осы бір үзіндінің өзі бүгінгі қазақтың қайдан шыққанын, оның неге ұлттық қорғаныштық қабілетінің төмендеп кеткендігіне жауап беріп тұр. Қалай дейсіз ғой? Енді соған келейік.

«... Ауылдың ортасынан қақ жарып жүретін жолдың үстінде төрт-бес  кішкене бала құм үйіп ойнап жатыр екен. Менен қорықты...біріне бірі жалтаңдап қарап: «Орыс келе жатыр...» деп тұра қашты... Біреуінің ат қып мінген талы қалды. Біреуінің шуда жіптен бау таққан құрығы қалды. Мен күлдім...» Бұл Биағаңның 1923 жылы Орынборда жазған «Көшпелі махаббат» деген әңгімесінен үзінді. (Бейімбет Майлин, шығармалар, үшінші том, 1962 жылы, Алматы)

Осы бір үзіндінің өзі бүгінгі қазақтың қайдан шыққанын, оның неге ұлттық қорғаныштық қабілетінің төмендеп кеткендігіне жауап беріп тұр. Қалай дейсіз ғой? Енді соған келейік.

Биағаңның (Бейімбет Майлинді алашшылдықтан іргесін аулақ салмаған, Ұлт-анасына балта ала жүгірмегендер әлі күнге дейін осылай атайды) шығармалары түгелге дерлік қай жылы жазылғандығы көрсетілген. Біз осыған қарай отырып, өмірден алынған әдеби кейіпкердің мінезіне, оның тұрмысына, іс-әрекетіне көз жүгірте келіп, 20 ғасырдың басындағы қазақ психологиясына бойлаймыз. Ал, 20 ғасыр басындағы аласапыран шақтағы қазақ бүгінгі азат қазақтың атасы. Түп тегі. Жатыры.  Сонымен, әуелгідегі әңгіменің үзіндісіне қарасаңыз, «Менен қорықты...» деген сөзді оқисыз. Осы жерде құпияның бәрі үш нүкте де тұр. Балалар кімнен қорықты? Орысша киінген адамнан қорықты. Сол тұста қазақ жеріне дендеген келімсектің бәрі орыстар еді және олар өзгеше кинетін, олар қазақ үшін жасырын пиғылды, жат адамдар еді. Жатжұрттықтар қазақ жеріне атасынан қалған мұраға иелік еткендей енген болатын. Қазақты қанау, түрлі салықтар, шұрайлы жерден айыру, қызылкөз шолақ белсендіні арқасынан қағып елдің үстіне қамшы үйіртіп қойғанда әлгі балалар қорыққан, елдің есіне үрей болып енген өзгеше киімді, жат адам еді.

 

«Орыс келе жатыр...»

Әңгіменің үзіндісінде «Біреуінің ат қып мінген талы қалды. Біреуінің шуда жіптен бау таққан құрығы қалды» деген сөйлем бар. Құрық ұстап, ат мініп, өзінің мыңжылдық дәстүрлі тұрмысымен көшпелі капиталистік қоғамда өмір сүріп отырған қазақ қызылкөздің 1921-1922 жылдардағы қасақана жасаған ашаршылығынан кейін, ес білген қазақты қойып, ойын баласының өзі оны көргенде, әлгі костюм киген жатжұрттықты көргенде жансауғалап қашпағанда қайтсін. Орыс келе жатыр деп қашқан балалар ұлттық санаға кірген және күні бүгінге дейін ұлттық сананы сал қылып отырған үрейдің ең алғашқы көрінісі еді. Мен әлі ойланам... Орыстан қашқан балалардың ұрпағы қайда екен деп? Білесіз бе? Әй қайдам, менің есіме бүгінгі замандастарым түседі. Олар қоғамның әр саласында жүр. Биліктегілер де менің замандастарым. Менің замандастарымның туған тілін - анасының тілін білмейтіндігін сәт сайын көремін. Тілін білмеген соң ол адамнан өзінің ұлты туралы не деп сұрайсың? Оған неге сенде ұлттық намыс жоқ? Неге сен өз ұлтыңның мүддесіне қайшы келетін бастамаларды қолдайсың? Неге сен балаңды орыс мектебіне бересің? Неге сен туған ұлтыңды кем көресің? Тапқызған әкең, тапқан шешең қазақ болғанда сен тым құрыса сол екеуін неге мойындамайсың деп сұрағаның бос бесікті тербеткенмен бірдей.

 

«Орыс келе жатыр...»

Әңгіменің жазылғаны уақыты 1923 жыл деп көрсетілген. Бұл 1921-1922 жылғы 1 млн-нан астам қазақтың бас сүйегін далаға шашып кеткен аштықтан кейінгі бірінші жыл болатын. Бәлкім жалғасып жатқан кезі шығар... Орыстан қашқан балалардың ішінен кейін «Кедей теңдігі», «Жасасын партия» деп алашапқын болып, оқу-тоқусыз қызылкөзден қорыққанынан соның айтағына еріп, айғайына көніп, «коллективтендіруге», «тап күресіне», «халық жауын әшкерелеуге» жанын сала кірісіп, көзге түсіп, кеудесіне медаль тағып одан кейін іле-шала «ұлы отан соғысына» қатысып, келе салып «атомды сынап», кейін «тың игеріп» тастаған тума, ұлттық санасынан мүлдемге безінген үрей құшағында партияның  тапсырмасын адал орындаған мың сан қазақтың қызылкөз белсенділерінің шыққандығына және олардың өз ұлтына қарсы екілене сойыл ала жүгіріп, тамырын кеспекке талпынғанына қазақтың кәрі тарихының сарғайған беттері куә. Биағаңның әңгімелері куә.

Әңгіме үзіндісінің ең соңғы сөзі «Мен күлдім...» деген сөйлем. Автор сөйлем соңына үш нүкте қойған. Кейіпкер күлмеген. Кейіпкер «Орыс келе жатыр...» деп алды-артына қарамай, зәресі ұшып, қашып бара жатқан қазақ балаларының артынан қарап тұрып, олардың ертеңіне қамығып, тамағына өксік тығылып, көз жасын көрсетпей өксіп-өксіп жылаған. Олардың ертеңі - бүгінгі біз... Тағы да үш нүкте. Ал, мен я күлерімді, я жыларымды білмеймін...

 

«Орыс келе жатыр...»

Р.S. Бұл бүгінде «Неге біз осы осындаймыз ?» деп жиі айтылатын қазіргі ұлттық психологияның түп-тамырына өз бетімізше үңіліп көрмек болып әрекеттенген ісіміздің кіріспе жазбасы. Бұдан кейін Алла қаласа, қызылкөз, тікбақай кезеңнің ұлттық әдебиетке, ұлттық саяси ойлауға және тағы басқа ұлт ретіндегі саналық дербестігімізге жасаған қиянатына Биағаңның шығармаларынан және де басқа деректер арқылы жазып отырмақ ниеттеміз.

 

Абай болайық, Алашшыл болайық ағайын.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2542
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646