Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3702 0 пікір 11 Қаңтар, 2010 сағат 06:37

СҚО-да тәулігіне 120 тонна ұн шығаратын диірмен кешені іске қосылды

Петропавл. 11 қаңтар. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) Ғ. Мүсірепов ауданында тәулігіне 120 тонна ұн шығаратын диірмен кешені іске қосылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі. Жаңа өндірістің иесі – жергілікті «АЗКО» ЖШС.

ҚазТАГ тілшісіне диірмен кешенінің директоры Иван Лих хабарлағандай, астық дақылдарын өсірумен айналысатын ЖШС-те «дайын өнімді сатудың қиындығы тумайды – біздің ұнды қазірдің өзінде Тәжікстан мен Өзбекстанда күтіп отыр».

«Диірмен кешенінде заманауй түрік жабдықтары орнатылған. Бұл біздің кәсіпорынның 10 жылда салған 7-ші кәсіпорны», - дейді И. Лих.

Кешеннің ашылуында сөйлеген сөзінде «АЗКО» ЖШС бас директоры Владислав Азрапкин, кәсіпорында 30 жаңа жұмыс орны ашылғанын жеткізді.

Диірмен кешенінің іске қосылуына қатысқан СҚО әкімі Серік Біләлов, диірмен «облыстағы 200-ден астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар арасында лайықты орнын алатынына» сенім білдірді.

«Олардың басшылары өнім сапасын арттыру бағытында жұмыс жасап, жаңа жабдықтарды енгізіп, өнімдердің жаңа түрлерін өндіруді белсенді игеріп жатыр. Халық сұранысын толығымен қанағаттандыратын облыста шығарылатын өнімдердің түрлері 600-ден асады», - деді облыс әкімі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1719
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1690
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1416
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1342