Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3008 0 пікір 15 Желтоқсан, 2009 сағат 06:21

Прагада ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Айман Мұсаходжаеваның концерті табысты өтті

Астана. 15 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Прагада Мариус Стравинскийдің жетекшілігіндегі «Академия Солистов» атты Қазақ мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаеваның концерті табысты өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Хабарда Еуропаның аса беделді концерт залдарының бірі саналатын Чехияның «Рудольфинум» филармониясының ғимаратындағы Антонин Дворжак залында ҚР елшілігі ұйымдастырған салтанат шаралары аясында өткен Айман Мұсаходжаеваның концертіне адамдар лық толғаны атап өтіледі. 

Қазақстандық композиторлар Тілес Қажығалиев, Алмас Серкебаев, Серік Еркімбековтердің шығармалары мен Моцарт, Дж.Россини сияқты классиктердің туындылары орындалды.

Густав Малердің Еуропалық қоры Айман Мұсаходжаеваға оның шығармашылық жұмысы мен классикалық музыканы дамытуға қосқан үлесі үшін награда табыс етті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Концерттен соң ҚР елшілігінің атынан салтанатты қабылдау болды. Чехияның саяси және қоғам қайраткерлерінің, дипломатиялық корпустың, жергілікті іскер топ өкілдерінің алдында Қазақстан елшісі Анарбек Қарашев сөз сөйлеп, қазақ-чех қарым-қатынастарының ілгерлемелі дамуын атап өтіп, Қазақстанның тәуелсіз жылдары қол жеткізген жетістіктері мен саяси және экономикалық реформаларын қорытындылады.

«Чехия парламентінің төменгі палатасының төрағасы Милослав Влчек өз сөзінде экономикалық байланыстарды нығайтуға шақырып,  Қазақстанды Еуроодақ үшін Орта Азияға шығатын қақпа деп атады», - делінген хабарда.

Қазақстанның Тәуелсіздік күнін тойлау аясында прагалық беделді «МИРО» галереясында өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Еуропалық Фрац Кафка клубының наградасын алған қазақстандық суретші Ләйлә Махаттың көрмесі ашылды. Көрме келесі жылғы қаңтардың соңына дейін ашық болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1672
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1621
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1287