Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2503 0 пікір 14 Желтоқсан, 2009 сағат 08:29

ҚАЖЕТ БОЛСА СОТҚА БЕРЕМІН

Интернет сайттарында мені ағаш атқа теріс мінгізіпті, тіпті «сатқын» деген атақ беріпті. Мұхтар Шахановпен арамызда «қазақстандық ұлт» туралы әңгіме болған кезде бастауын «американдық ұлттан» алатын, қазіргі билік тонын теріс айналдырып «Ел бірлігі» деп атаған масқараны қолдамайтынымды  айтып, бірден қарсы шыққанмын. Содан бері баспасөз мәслихаттарына, осы дауға қатысты түрлі жиындарға Мұхтармен бірге қатысып келе жатырмын. Мен соңына дейін М.Шахановтың жағында боламын.
Алдымен «Егемен Қазақстанда» (11.ХІІ.2009ж) жарық көрген кейіннен «Айқын» (12.ХІІ.2009ж) газеті көшіріп басқан мақаладағы «... Ал әр түрлі қағаз-үндеулерге қол жинап, болмағанды болды деп, сыртымыздан атымызды пайдаланғысы келіп жүрген азаматтарға айтатыным...» «... ұр да жық айқаймен, қоқан-лоқы жасаумен емес...»  деген секілді сөздердің барлығы менікі емес. Айтпағанды айтты деп жала жапқан газеттерді, қажет болса сотқа беруге бармын.

Асанәлі ӘШІМОВ

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1687
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1645
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1375
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1309