Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2366 0 пікір 8 Желтоқсан, 2009 сағат 06:31

БТА Банк өз қарызын қайта құрылымдауға қатысты term sheet келісіміне қол қойды

Алматы. 8 желтоқсан. ҚазТАГ –  «БТА Банк» АҚ кредиторлармен өз қарызын қайта құрылымдауды реттейтін негізгі құжатқа қол қойды. Банктің баспасөз қызметі сейсенбі күні осындай ақпарат таратты.

«2009 жыллың 7 желтоқсанында кредиторлар комитеті және банк қаржылық қайта құрылымдауға қатысты Principal Commercial Terms Sheet (ары қарай – «Негізгі коммерциялық шарттар») құжатына қол қойды. Негізгі коммерциялық шарттарда банк кредиторларының түрлі тпотарына ұсынылатын құралдардың тізімі туралы толық ақпарат беріледі», - делінген банктің хабарламасында.

Құжат ақырғы мәнге ие емес және келешекте толықтырылуы мүмкін делінген.

«Бұл құжат тиісті мерзімде егжей-тегжей шарттармен толықтырылады, осылайша, ол ақырғы мәнге ие емес. Негізгі коммерциялық шарттар банктің қаржылық кредиторлары үшін заңды түрде міндетті құжат болып табылмайды», - делінген БТА банктің хабарламасында.

«Қайта құрылымдауды аяқтау бірқатар келісімдерді қажет етеді, соның ішінде банк кредиторлары жиналысының ҚР заңнамасына сәйкес қайта құрылымдауды мақұлдауы бар», - деп атап көрсетілген хабарламада.

Кредиторлар комитетіне ABN AMRO Bank (Нидерланды), Commerzbank Aktiengesellschaft, The D. E. Shaw group, Euler Hermes Kreditversicherungs AG (Германия Федеративті Республикасының мүдделеріне өкілеттік етеді), Fortis Investment Management UK Limited, Gramercy Advisors LLC, ING Asia Private Bank Limited, JP Morgan Chase Bank, N.A., KfW ( DEG - Deutsche Investitions- und Entwicklungsgesellschaft mbH и KfW IPEX-Bank GmbH еншілес құрылымдары), Mediobanca – Banca Di Credito Finanziario S.p.A., Standard Chartered Bank, Эксим Банк АҚШ and Wachovia Bank N.A.

БТА банк активтерінің көлемі бойынша қазақстандық банк жүйесінде екінші орында. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар-қырқүйегінде банктің активтері 2,13 трлн теңгені, жеке капиталдың дефициті 1,4 трлн теңгені құрады. Аталған кезеңде банктің таза шығыны 2,01 трлн теңге болды. 2009 жылдың 2 қарашасында банк акцияларының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланды. 2009 жылдың 18 наурызында банк акцияларының 75,1% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның иелігінде болды. 2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтататынын және банктің сыртқы қарызын қайта құрылымдау жоспары туралы мәлім етті. ҰӘҚ «БТА Банктің» акциялар пакетін ресейлік «Сбербанкке» сату бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. 2009 жылы банк $4 млрд соманың міндеттемелерін өтеуге тиіс болатын. 21 қырқүйекте банк пен кредиторлар комитеті қарызды қайта құрылымдау мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 26 қырқүйекте ҚҚА банктің қарызын қайта құрылымдаудың БТА банк ұсынған жоспарын мақұлдады. 2009 жылдың 30 қазанында  БТА банктің акциялары KASE-де делистингке жатқызылды. 10 қарашадан бері БТА банктің акциялары KASE-де «листинг емес құнды қағаздар» секторында саудаға жіберілді. 7 желтоқсанға дейін БТА ҚҚА-ға кредиторлар мақұлдаған банктің қарызын қайта құрылымдау жоспарын (term sheet) ұсынуға тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 543
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 279
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 308