Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3087 0 пікір 7 Желтоқсан, 2009 сағат 07:26

ӘБДIЛДИН ЖАЗҒАН АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ

Өткен аптаның сәрсенбiсiнде Қазақстан коммунистерiнiң серкесi, бүгiнгi билiктiң ымырасыз оппонентi Серiкболсын Әбдiлдин  «Ақиқат пен аңыз» кiтабының тұсаукесерiн өткiздi. Бұған дейiн екi рет басылып шыққан аталмыш туынды бұл жолы жаңа деректермен толықтырылған екен.

Дәл осы күнi Серiкболсын ағаның 72 жасқа толған туған күнi едi. Бiрақ бұл күнi өзiн кiтаптың авторы ретiнде таныстырған Секең тұсаукесер барысында туған күнге қатысты тiлектер айтуға үзiлдi-кесiлдi қарсы болды. Әр қазақтың азаматы Серiкболсын ағадай жетпiстен асып, халыққа қарайлас қауқар танытар болса, бәлкiм, бүгiнгi ел басындағылардың жетесi бiраз жерге жетер ме едi деген ойға қаласың. Басшысына сес көрсетер, халқына ақыл айтар ақылшы ағалардың өнегесiне зар қоғамды қиянат жайлайтыны рас. Көргенi мен түйгенi мол қоғам қайраткерiнiң билiк басындағы «әлдекiмнiң» шымбайына батар шындықты айтуға қақы да, құқы да бар. Ол шындық алып­қашпа жел сөз емес, Әбдiлдин өз көзiмен көрген тәуелсiз елдiң жаңа тарихындағы жалған жазуды жоққа шығаратын деректi ақиқат. Күнi бүгiнге дейiн «Әбдiлдиннiң айтқаны жаңсақ» деген сөздi ешкiмнiң аузынан естiмедiк.

Бiр бiлерiмiз - сол ақиқаттың куәсi болғандар аузын ашпақ түгiлi, өз көлеңкесiнен өзi қорқады. Шамасы, содан болар, әншейiнде билiкке жақпайтын сөз айтқандарды сотқа сүйреп жатса, Серiкболсын ағаның ақиқатқа жүгiнген алдыңғы екi кiтабын жауапқа тартқан билiктi көре алмадық. Әсте бұл «тыныш жатқан жыланды» айналып өтудiң әлпетiмен үндемей қалудың әрекетi болса керек. Егер алда-жалда дәл осы кiтап жауапқа тартылса, Қазақстанның жаңа тарихындағы талай бықсық ашылары қақ. Бәлкiм, билiктiң «аш құлақтан - қаш құлақ» деуi де содан болуы керек.

Ал Әбдiлдин айтқан ақиқат - жаңа тарихқа қосылар орны ерек еншi. Бұл кiтапты қолына ұстаған адам бiр сәт демiн iшiне тартып, жүрексiне оқиды. Себебi, бiздiң қоғамда ақиқатты айтушымен қатар, оны тұтынушы оқырман да жауапқа тартылатын заман туды.

Қоғам қайраткерiнiң соңғы он жылдан астам уақыттан бергi ой-пiкiрлерi «DАТ» жобасымен шыққан га­зеттерде аз жазылған жоқ. Ал Әб­дiл­диннiң соңғы кiтабындағы дерек­тердi жария ету - тағы да сотты болумен парапар. Содан да болар, осы мақаланы жазарда қамқор аға Ермұрат Бапи абайларсың деп ескерткен едi. Тағы бiр қуғынға iлiгiп кетпесе екен деген аға сөзiн ескерiп, кiтап жө­нiнде қысқаша баяндап кеткендi жөн көрдiк, теңiздiң дәмiн там­шы­сынан байқайтын оқырман өзi-ақ түсiнедi.

Серiкболсын Әбдiлдин - 80 жылдардан бастап, Нұрсұлтан Назарбаевпен қызметтес болған саясаткер. «Қазақстан Республикасының мемле­кет­тiк тәуелсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Заңды жариялаған және осы тарихи актiнi күшiне енгiзген Парламент Қаулысына 1991 ж. желтоқсанның 16-сында қол қойған азамат - Серiкболсын Әбдiлдин. Қазақстанның 1994 жылы таратылған Жоғарғы Кеңесiнiң төрағасы болды. Кейiннен президенттен iргесiн аулақ салып, Қазақстанның демократиялық оппозициясына өткен коммунист Әбдiлдин 1999 жылы президенттiк сайлауға түстi. Егер сол сайлаудың қорытындысы бұрмаланбаған жағдайда, бәлкiм, бiздiң елде ендiгi үшiншi президент ауысар ма едi.

Қазақ және орыс тiлдерiнде қатар шыққан кiтапта бүгiнгi саяси билiктiң бiр адамның қолына қалай өткенi нақ­ты құжаттармен дәйектелген. Серiк­болсын ағаның айтуынша, екi ғасырдың тоғысында қоғамда, саясатта өтiрiк көбейдi. «Тiптi бәзбiреулер тарихты бұрмалап жазуға кiрiскен. Тәуелсiз мемлекеттiң жаңа тарихының қалыптасуына куә болып жүргендердi ескермей, саясатта, жалпы, ақпарат құралдарында адамның ойы түгiлi, түсiне кiрмейтiн қиялдар айтылып жатады. Сол себептi кiтаптың атын «Ақиқат пен аңыз» деп қойдым», - дейдi Секең.

Назарбаевты кеңестiк Қазақстанның билiгiне кезiнде Дiнмұхамед Қонаев әкелген, ал қағылез­дiгiмен, өте пысықтығымен министр­лердi шырқ үйiрiп, бәрiмiздiң де көңiлiмiздi тауып жүрген соң, бiздiң де үмiт арт­қанымыз рас. Бiрақ Жоғарғы Кеңестiң 13‑шi шақырылымын жедел таратып, екi аптадан кейiн Ассамблеяның бiрiншi съезiн шақыртты. Сол кезде Жоғарғы Кеңестiң шешiмi бойынша президенттiң тек қана референдум өткiзуге құзыры бар едi. Бiрақ референдум президенттiң айтуымен ғана жүрiп, Ассамблея шешiмi бойынша Қазақстанның екiншi Конституциясы қабылданды. Ол ел iшiнде «назарбаевтық» деген атқа ие болған Конституция едi.

Билiкке келгендер кеңестiк кезеңде қалыптасқан жүйенi жаңартамыз деген саясатты ұстанады. Ең алдымен өзiмiздiң елбасымыздан бастап, сол кездегi үкiмет басында отырған адамдар: «Нарықтық экономика дегендi басқарудың қажетi жоқ. Ол өзiн-өзi басқарып жүретiн жүйе», - деген лақап таратты.

1994-1998 жылдары елде қиыншылық болған уақытта қиындықтың барлығын «ақша жоқ» деумен түсiндiрдi. Ал, негiзiнде, Қазақстанның байлығы, Қазақстанның мүмкiншiлiгi еш уақытта Қазақстанның ақшасыз отырған жағдайын көрсет­пейдi. Тiптi мына 1996 жылы зейнетақы төлеуге, не болмаса басқа бiр әлеуметтiк жағдайды шешуге ақша жоқ деген уақыттың өзiнде 1 млрд долларды елбасы шет жаққа апарып тығып қойған.

Ол - ақша бар, мүмкiндiк бар, бiрақ халықтың соған қолын жеткiзбей, кәдiмгiдей қайыршы қылып ұстау деген сөз. Одан бұрын, 1994 жылдың ақпан айында, шетелдердегi банктерден есеп ашуға рұқсат беретiн жарлық шықты. Ол жарлық бойынша сiз шетелге апарасыз да, ақша саласыз. Оған өзiңiздiң аты-жөнiңiздi де жазбайсыз. Ол ақшаның қайдан шыққанын да жазбайсыз. Сондықтан да бiздiң байлығымыздың барлығы судай ағып шетке кеттi. Бүгiнгi заманда теледидардан, басқа ақпарат жүйелерiнен қаншама мақтансақ та, қарапайым халықтың жағдайы өте нашар».  Осының бәрiн көрмеу, ал көре тұра үндемей қалу - одан бетер қылмыс деп санаймын, - дейдi Серiкболсын Әбдiлдин.

Бұл еңбектi саясаткер әбден екшелеп, ой елегiнен өткiзiп, қоғамдағы айтылып жүрген пiкiрлерге сыни тұрғыдан баға бере отырып жазған. Шындыққа жүгiнсек, бiз естiп, оқып жүрген тәуелсiздiк тарихы мен билiк тарапынан айтылған мағлұматтардың аражiгi қабыспайды.

Бақытгүл МӘКIМБАЙ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 9 (34) от 2 декабря 2009 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1177
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1076
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 811
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 942