Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2682 0 пікір 4 Желтоқсан, 2009 сағат 11:35

«Транстелеком» мен Alcatel-Lucent 4 мың шақырымдық оптикалық-талшықты байланыс желісін салу туралы келісімге қол қойды

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ-  Ақжол Сәдешов. «Транстелеком» АҚ мен Alcatel-Lucent «Қазақстан темір жолы» АҚ телекоммуникациялық желілерін жетілдіру туралы келісімге қол қойды, оның аясында 4 мың шақырымдық оптикалық-талшықты байланыс желісін (ОТБЖ) салу жоспарланып отыр.

«Келісімшарттың мәні - ұзындығы 3950 км теміржолдың бойына магистарльді оптикалық-талшықты байланыс желісін салу», - деді келісімге қол қою рәсімінде «Транстелеком» АҚ президенті М. Аюпов. 

Alcatel-Lucent жоба аясында ҚТЖ-ның көліктік телекоммуникациялық инфрақұрылымын салып береді, ол жолаушылар мен жүк тасымалын модернизациялауға мүмкіндік береді.

«Жобаны қаржыландыру ҚТЖ кепілдігімен Еуропалық даму және қайта құру банкінің есебінен жүргізіледі», - деді ол.

Жобаның құны - $100 млн және жоба 2011 жылы мамырда тапсырылуы тиіс.

Осы жоба арқылы «Транстелеком» ҚТЖ қызметін кеңейтіп қана қоймай,  қосалқы провайдерлерге интернет мүмкіндіктерін арттырады.

«Біз Қазақстандағы екінші магистральдық оператор болуды жоспарлап отырмыз», - деді М. Аюпов.

«Транстелеком» АҚ 1999 жылы бас компаниясы - «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ компаниясының қолданыстағы байланыс желілерін техникалық пайдаланду қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

0 пікір