Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4525 0 пікір 25 Қараша, 2009 сағат 09:08

Рүстем, Рүстем!

Бүгінгі таң, мен үшін өмірімдегі ең сұрқайы, ең әділетсіз таң болды. Мен жақын досым, талантты ақын, дарынды режиссер, кино және театр актеры, Рүстем Есдәулетовтен айырылып қалдым.
Қайран Дос, үлкен жүректі азамат, бақұл бол! Жаның жәнната шалқысын!


Рүстем, Рүстем!
/қазанама/

Рүстем ақын,
Досым Рүстем, арысым!
Өмір барда,
Ажал бары тағы шын!
Сені жаным қимайды ғой,
Қимаған жиіледі жүрегімнің қағысы...

Рүстем, Рүстем!
Кеткенің бе келмеске,
Сертің қайда менен бұрын өлмеске?
Бұлдыр-бұлдыр тұлғаң еніп барады,
Адам көзі көрмеске... 

Рүстем! Рүстем!
Көзің қайда жайнаған,
Найзағайдай сөзің қайда ойнаған!?
Жек көремін ажал деген тажалды,
Таланттарға тоймаған!

Рүстем, Рүстем!
Салауат айт өткенге,
Күз бен жазға, қыс пен нәзік көктемге!
Сені таппай отырмын мен ойсырап,
Жер бетінде достығымыз біткен бе?

Рүстем, Рүстем!
Сәлем айтшы Тәңірге,
Мейірімін аямасын өмірге.
Телефонның жүрегіне қашалған,
Тиіспеймін, саган согар нөмірге!

Рүстем, Рүстем!
Жақыным сол, жақыным!
Жалғыз калды жалғаныңда ақының.
Жапырақтай қанаты бар періште,
«Жылама!» - деп сыбырлайды ақырын...

 

Ақберен Елгезек

Бүгінгі таң, мен үшін өмірімдегі ең сұрқайы, ең әділетсіз таң болды. Мен жақын досым, талантты ақын, дарынды режиссер, кино және театр актеры, Рүстем Есдәулетовтен айырылып қалдым.
Қайран Дос, үлкен жүректі азамат, бақұл бол! Жаның жәнната шалқысын!


Рүстем, Рүстем!
/қазанама/

Рүстем ақын,
Досым Рүстем, арысым!
Өмір барда,
Ажал бары тағы шын!
Сені жаным қимайды ғой,
Қимаған жиіледі жүрегімнің қағысы...

Рүстем, Рүстем!
Кеткенің бе келмеске,
Сертің қайда менен бұрын өлмеске?
Бұлдыр-бұлдыр тұлғаң еніп барады,
Адам көзі көрмеске... 

Рүстем! Рүстем!
Көзің қайда жайнаған,
Найзағайдай сөзің қайда ойнаған!?
Жек көремін ажал деген тажалды,
Таланттарға тоймаған!

Рүстем, Рүстем!
Салауат айт өткенге,
Күз бен жазға, қыс пен нәзік көктемге!
Сені таппай отырмын мен ойсырап,
Жер бетінде достығымыз біткен бе?

Рүстем, Рүстем!
Сәлем айтшы Тәңірге,
Мейірімін аямасын өмірге.
Телефонның жүрегіне қашалған,
Тиіспеймін, саган согар нөмірге!

Рүстем, Рүстем!
Жақыным сол, жақыным!
Жалғыз калды жалғаныңда ақының.
Жапырақтай қанаты бар періште,
«Жылама!» - деп сыбырлайды ақырын...

 

Ақберен Елгезек

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1058
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 943
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 796