Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2881 0 пікір 22 Қараша, 2009 сағат 08:04

Алматының қала маңы аймағының дамуының бас жоспарының жобасы жасақталды

Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ – Алматы әкімшілігінде сенбі күі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен өткен қалалық құрылыс кеңесінің кеңейтілген отырысында Алматының маңайын дамытудың бас жоспарының жобасы ұсынылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Кеңеске қала әкімдігінің өкілдері мен Алматы облыстық мәслихат депутаттары, қала мәслихатының депуттары, қала маңындағы құрылысты қадағалау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының мүшелері кірді.

Алматы маңының дамуының бас жоспарының жобасын жасаған «Урбо Стиль» жобалық фирма мен мердігер мекемелер. 

40 жылдан бері тупогеодезияға байланысты маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алматыдағы және қала маңындағы барлық өндірістік нысандар зерттелді, қала дамуымен байланысты қала маңының шекарасы айқындалды, қала маңындағы қозғалыс қарқыны зерттелді, қалаға жұмысқа келетіндер мен қала шетіне жұмысқа баратындардың ағымы, территорияның демографиялық және рекрациялық сыйымдылығы т.б. зерттелді.

Қала маңының дамуының тұжырымдамасы келесі тармақтардан тұрады: Алматыны қалыптастырудың ұлттық идеясы, туризм индустриясын жасау, өндірістік зона, көлік инфрақұрылымын, экологиялық мәселелерді шешу, яғни жасыл аймақ құру. Сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау т.б. сынды әлеуметтік мәндегі нысандар да қаралды.

Бұл мақсатқа былтыр республикалық бюджеттен 950 млн теңге бөлінген.

Хабарда айтылғандай, қала маңының даму жоспарын жасақтау барысында қала маңындағы аудан орталықтарының да даму жоспарлары ескеріліп, Алматы мен Алматы облысының дамуы да ескерілгені айтылады. Осы бас жоба аясында қала маңындағы елді мекендердің 58 бас жобасы жасалған.

Одан басқа, жобаның мерзімдері де анықталған: басталуы 2009 жыл, бірінші кезек – 2015 жыл, орталық кезең – 2025 жыл, есепті кезең – 2035 жыл, болжанған мерзім – 2040 жыл.

Аталған жоба бойынша, Алматының жаңадан жасалған қала маңы шекарасына 15,4 мың шаршы км жер енетін болды. Оған Жамбыл ауданының бір бөлігі, Қарасай, Іле, Талғар аудандары, Еңбекшіқазақ ауданының бір бөлігі мен Қапшағайдың қалалық әкімшілік территориясы кіреді.

А. Есімов, егер отырыс қорытындысында елеулі ескертулер болмаса, онда, ұсынылған жобаны Алматы  қаласының қала құрылыс кеңесінің хаттамасымен бекіту керек, мемлекеттік сараптамадан қорытынды алу керек, жобаны Алматы облысының және қалалық мәслихат сессиясында бекіту керек, ҚР үкіметінен де бекіту алы керектігін атап өтті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бас жобаны үкімет бекіткен соң, жобаға қатысты барлық құжаттар тиісті мекемелерге, жұмыстарында басшылыққа алып жүрулері үшін тапсрылады.

«Қыруар жұмыс атқарылды. Онда іс жүзінде бәрі ескерілді: өнеркәсіп қалай дамуы тиіс, көлік ағымы қандай болуы керек, энерго-, газ- және сумен қамтамасыз ету, медицина мен туризм мәдениетінің дамуы т.б. ескерілді. Енді бұл жұмысты аяғына дейін жеткізу керек», - деді Алматы әкімі.

Хабарда сондай-ақ, қазір қала маңындағы территорияларға жерді игеруге қатысты мораторий енгізілгені, жер телімдерінің пайдалану мақсатын өзгертуге, құрылысқа рұқсат беруге тыйым салынғаны айтылады.

«Мораторий ҚР үкіметі қала маңының бас жоспарының жобасын бекітпейінше күшінде болады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2155
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1781
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533