Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2644 0 пікір 9 Қараша, 2009 сағат 07:03

«ҚазАгро» мақтаның сатып алу бағасын тоннасына 62 мың теңгеден бекітті

Алматы. 9 қараша. ҚазТАГ – «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі 2009 жылғы мақта өнімінің тоннасын 62 мың теңгеден сатып алуды ұйғарды, делінген компания таратқан хабарда.

«Холдинг бекіткен баға, біріншіден, ауыл шаруашылық диқандарын шығын көрмейтіндей жұмыспен қамтамасыз етіп, екіншіден, аталған аймақтағы мақта нарығының ойыншыларына бағыт болады. Биылғы жылы холдингтің тәуелді компаниясы – «Қазақстан Мақтасы» 40 мың тонна көлемінде мақта сатып алуды жоспарлаған», - делінген таратылған хабарда.

Құжатта көрсетілгендей, жыл сайын «Қазақстан Мақтасы» АҚ мақта шикізатының сатып алу бағасын Ливерпуль мақта қауымдастығы (ЛМҚ) индексінің кесімді бағасына талдау жасап барып, бекітіп отырады. Соңғы бес жылдағы ЛМҚ кесімді бағасының болжамы мен өзгеру динамикасына жасалған талдама, 2009 жылы әлемде мақта егісінің ауданы қысқарғанын қоса есептегенде, ЛМҚ кесімді бағасының күрт төмендеуі мүмкін деген макроэкономикалық белгі жоқ екенін көрсетеді. Одан басқа, трейдерлермен ЛМҚ индексіне жақындатылған ең аз кесімді бағаны бекіту мәселесі қарастырылып жатқаны да сатып алу бағасының көтерілуіне ықпалын тигізеді. 

«ҚазАгро» ҰБХ үкімет пен ҚР президентінің тапсырмасы бойынша өзінің еншілес «Азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компания» АҚ арқылы еліміздің оңтүстігінде мақта-тоқыма кластерін қалыптастыруға қатысып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2185
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2496
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679