Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2498 0 пікір 9 Қараша, 2009 сағат 04:50

Оңтүстік Қазақстанда автокөліктердің соқтығысуы салдарынан машиналардың бірі өртеніп, 4 адамнан құралған отбасы қаза тапты, бесінші адам ауруханаға жеткізілді

Астана. 9 қараша. ҚазТАГ – Жексенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданының аумағында болған жол-көлік апаты кезінде 51 және 40 жастағы ерлі-зайыпты және олардың 12 жастағы қыздары мен 10 жастағы ұлдары Hyundai автокөлігінің салонында шыққан өртте қаза тапты, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.

Ведомствоның республикалық дағдарыс орталығына түскен мәліметтерге сілтеме жасап хабарлауынша, Audi және Hyundai жеңіл автокөліктері  «Шымкент–Самара» тас жолының 59 –шы шақырымында 0 сағат 40 минут шамасында соқтығысқан.

Қатты соққыдан Hyundai көлігінде өрт шыққан. Жол-көлік апатына түскен бес адамның біреуі – Audi көлігінің 41жастағы жүргізушісі ғана аман қалды, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігі түрлі жарақаттар алған жүргізушіні ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды ТЖМ.

ОҚО ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің 4 жауынгері бір автоцистернаның көмегімен көліктегі өртпен бір сағат бойы арпалысты, делінген таратылған ақпаратта.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2193
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2581
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2502
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1680