Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2840 0 пікір 6 Қараша, 2009 сағат 06:42

2009 жылдың қаңтар-қырқүйегінде Астана-Финанстың таза шығыны 116,7 млрд теңгені құрады – KASE

Алматы. 6 қараша. ҚазТАГ – 2009 жылдың қаңтар-қырқүйегінде Астана-Финанстың таза шығыны 116,7 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңде компанияның активтері 28% қысқарды. Қазақстандық қор биржасының (KASE) сайтында жұма күні жарық көрген компанияның аудиттелмеген жиынтық қаржы есебінде осындай мәліметтер келтірілген.

Провизиялар қалыптастырғанға дейінгі компанияның таза пайыздық кірісі қаңтар-қырқүйекте 7 млрд теңге, ал берілген займдар бойынша жасалған провизиялардың көлемі 103,97 млрд теңге болды. Таза пайыздық кіріс 96,96 млрд теңге теріс көрсеткішпен қалыптасты.

2009 жылдың қаңтар-қырқүйегінде компанияның активтері берілген займдар бойынша провизиялар құру есебінен 299,5 млрд теңгеден 215,7 млрд теңгеге дейін 28%  қысқарды.  Астана-Финанста 88,88 млрд теңге көлемінде жеке капиталдың дефициті қалыптасты.

Астана-Финанс холдингтік компаниясы - Қазақстанның банктік емес ұйымдарының арасында қаржы қызметтерін көрсетуші жетекші компаниялардың бірі. Компанияның активтері 2009 жылдың қаңтар-шілдесінде $1,8 млрд, жеке капиталдың дефициті $138,4 млн құрады. Аталған кезеңдегі таза шығыны $469,8 млн болды. 19 мамырда компания негізгі қарыздың төлемдерін және барлық ішкі міндеттері және сыртқы міндеттерінің біразы бойынша сыйақыларды төлеуді тоқтататынын мәлімдеді. Компания қарызын қайта құрылымдау жоспарын әзірлейтінін хабарлады. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі 4 маусымда компанияның үш лицензиясын үш ай мерзімге тоқтатты. 2009 жылдың қырқүйегінде компания ҚҚА берген барлық лицензияларды кері қайтарды. 5 қарашада компанияның ішкі (қазақстандық – ҚазТАГ) кредиторлар комитеті сыртқы кредиторлардың келісім бергеніне қарамастан компанияның қайта құрылымдау жоспарын қабылдамай тастады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2153
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1781
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533