Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3145 0 пікір 6 Қараша, 2009 сағат 05:46

Думан АНАШ. Азиада ойындарының әнұраны қандай болуы керек?

2011 жыл. Алматы мен Астана.

Азияның қар үстiнде оқтай зулайтын шаңғышылары мен мұз айдынын шиырлайтын коньки шеберлерi, зау биіктен сорғалап түсетін қыран сияқты тұғырдан секiретін спортшылары, қысқасы, қыс спортының дүлдүл жампоздары - Алматыда. Бiр сәт. Алайда, тарихтың қойнауына түсер сын парақтары жазылып жатар құнды да бағалы сәт.

Себебi... VII Қысқы Азия ойындары Қазақстанда алғаш рет өткiзiлгелi отыр. Байрақты бәсекенiң туын қисайтпай алып жүру Қазақстанға сын. Мiне, осы орайда тек спортшылардың ғана емес, барлық қазақстандықтар да бұл абыройды қылау жұқтырмай қорғаулары керек.

Әр Олимпиада ойындары, дүбiрлi құрлықаралық додалар жүлдегерлерге үлестіріп беретін алтын-күмiсiмен емес, ұйымдастыру шеберлiгiмен, елдiгiн, ұлттығын көрсетумен де ерекшеленiп отырады. Алысқа ұзамай-ақ, соңғы Қытай елiнде өткен Олимпиада ойындарын алайық. Осы салтанаты асқан бәсекеде Қытай өз спортшыларының ғана жыртысын жыртқан жоқ, сонымен бiрге ұлттық қазығының да берiктiгiн дәлелдеп бақты. Былайша айтқанда, мәдениеттi түрде үстем екенiн, биiк екенiн, ықпалды екенiн бiлдiрiп, жаһанға қыр көрсеттi. Бiр ғана «қытай», «китай», «China» сынды қойыртпаққа түскен ұлт титулын өздерiнiң төл атауы «жұңғо» сөзiмен алмастырып, әлемнiң санасына сiңiрiп жiбердi.

2011 жыл. Алматы мен Астана.

Азияның қар үстiнде оқтай зулайтын шаңғышылары мен мұз айдынын шиырлайтын коньки шеберлерi, зау биіктен сорғалап түсетін қыран сияқты тұғырдан секiретін спортшылары, қысқасы, қыс спортының дүлдүл жампоздары - Алматыда. Бiр сәт. Алайда, тарихтың қойнауына түсер сын парақтары жазылып жатар құнды да бағалы сәт.

Себебi... VII Қысқы Азия ойындары Қазақстанда алғаш рет өткiзiлгелi отыр. Байрақты бәсекенiң туын қисайтпай алып жүру Қазақстанға сын. Мiне, осы орайда тек спортшылардың ғана емес, барлық қазақстандықтар да бұл абыройды қылау жұқтырмай қорғаулары керек.

Әр Олимпиада ойындары, дүбiрлi құрлықаралық додалар жүлдегерлерге үлестіріп беретін алтын-күмiсiмен емес, ұйымдастыру шеберлiгiмен, елдiгiн, ұлттығын көрсетумен де ерекшеленiп отырады. Алысқа ұзамай-ақ, соңғы Қытай елiнде өткен Олимпиада ойындарын алайық. Осы салтанаты асқан бәсекеде Қытай өз спортшыларының ғана жыртысын жыртқан жоқ, сонымен бiрге ұлттық қазығының да берiктiгiн дәлелдеп бақты. Былайша айтқанда, мәдениеттi түрде үстем екенiн, биiк екенiн, ықпалды екенiн бiлдiрiп, жаһанға қыр көрсеттi. Бiр ғана «қытай», «китай», «China» сынды қойыртпаққа түскен ұлт титулын өздерiнiң төл атауы «жұңғо» сөзiмен алмастырып, әлемнiң санасына сiңiрiп жiбердi.

Сондықтан құрлықтық спорт додасын өткiзу тек инфрақұрылымдық, туристiк, спорттық саланы дамытуға ғана ықпал етедi деген жалаң түсiнiк болмаса керек. Спорт - әлемдiк идеология тармағының бiр ұшы. Елдiгiңдi танытам десең, Олимпиада өткiзiп көр.

Қазақстан осындай ауқымды жауапкершiлiкке ие болды. Әрине, Қысқы Олимпиада ойындарына таласқан елiмiзге Азиаданың отаны болу бақыты бұйырды.  Демек, бiз бұл үденiң маңайына жұдырықтай жұмылуымыз қажет.

Ең алдымен, Азиада әнұранына келейiк. Рас, әу баста Жұбан Молдағалиевтiң «Мен қазақпын» өлеңiне жазылған әннiң Азиада әнұраны болуы мүмкiн (әлде болады?..) деген қауесеттiң лезде таралғаны мәлiм. Десек те, бұл әннiң композициясы мен оны айту стилiнде Азиада масштабының ендiгiне кеңiнен құлаш сермеп тұрған туындыны көру қиын.

Олимпиада әндерiнiң тарихына көз жүгiртсеңiз, адамзаттық қуаныш пен сүйiнiштiң арқауына айналған классикалық топтамаларға сүңгiгендей боласыз. Күллi дүние көзiне жас алады. Қимастық басым. Бұл әлдебiр жақының да, немесе сезiмiңдi игерген нәркес жанар да емес, бар болғаны бiр мемлекеттiң ұйытқы болуымен өткен халықаралық спорттық бәсеке. Бiрақ адамдардың әлпетi күлiп тұрып, жанарлары неге жасаурайды?.. Әңгiменiң тиегi де осы кiлтте болса керек.

Бұл, әсiресе, әлемдiк Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында жиi белең алады. Мұның сиқыры - әнде, күллi әлемнiң алдында орындаған құдыреттi Олимпиада әнiнде жатыр.

Мәскеу Олимпиадасы Александра Пахмутова мен Николай Добронравовтың әнiмен тарих қатпарына кеттi. Сол Олимпиадаға АҚШ-тың бойкот жариялап қатыспай қалғаны кейбiр саясаттанушылар мен тарихшылардың жадында жүрген шығар, бiрақ қарапайым бұқараның есiнде Мәскеудiң стадионынан алып қонжықпен (Мишка) бiрге барқыт аспанға әуелеген Олимпиада әнi қалды.  Қандай ностальгия десеңiзшi! Бiздiң кеңестiк буын, жасырары жоқ, бұл әнге әлi тамсанады. Әрине, әнде, шынайы өнерде саясат болмайды.

Сонымен 2011 жылы елiмiзде өтетiн Қысқы Азиада ойындарының әнұраны қандай болуы тиiс? Осы сауал бiздi қаншалықты толғандырады? Бiзге мұндай құрлықтық дода өткiзу мүмкiндiгi қайта айналып қашан келетiнi белгiсiз. Сондықтан Ақ Олимпиаданы тиiстi деңгейде өткiзуге елдiң ынтасы жеткiлiктi болуы керек.

Қазiргi уақытта Азиада ойындарын ұйымдастыру комитетi Ақ Азиаданың логотиптерiн, түрлi белгiлерiн бекiту үстiнде. Мәселен, барыстың күшiгi арқылы бейнелеу көпшiлiкке ұнағаны байқалды. Соңғы кезде осы қар барысының күшiгi асыр салатын қысқаметражды мультипликациялық түсiрiлiмдер дайындалып жатыр. Бұл да шетжұрттық азаматтардың назарын аударуы мүмкiн.

 

Ал Азиада әнұраны шетелдiктердiң iлтипатына бөлене ала ма?

 

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты:

Әндi ер адамның орындауы керек деген ойдамын

- Егер Азиада ойындарының әнұранына байқау жариялайтын болсақ, оның мерзiмi тым ұзаққа созылып кетуi мүмкiн. Бiреуi былай тартады, бiреуi олай тартады дегендей. Музыканы таңдап алу жолы болса, оны кiм таңдап алуы мүмкiн деген сауал ойға келедi. Мәселе сонда. Азиаданы ұйымдастыру төңiрегiнде жүргендердiң iшiнде музыкаға қабiлетi бар адамдар болса, бiр сәрi... Осы ән Азиада әнұраны болады деген шешушi ұсынысты кiм айтады? Елбасы айта ма, әлде Композиторлар одағы айта ма? Осыған көп мәселенiң тiрелiп тұрғаны анық.

Ал, менiң ойымша, Азиада әнұраны алдымен қазақтың рухын көтеруi қажет. Өйткенi, мұндай ауқымы кең жарысты бiз алғаш рет ұйымдастырғалы отырмыз. Бiрақ, қандай сазгерге тапсырыс беруге болады? Мұны да бiлмедiм. Ұлттық колоритi басым сазгерлерiмiз бұл үдеден шығатын ән жаза ала ма? Бiрiншi ұсынысым, осы мәселелердi шешу үшiн алдымен байқау жариялау керек. Екiншi ұсынысым, қазақтың халықтық музыкаларынан өзi ырғақты, әрi ойлы саз таңдап алынса дегiм келедi. Әрине, «Сарыарқадан» басқасы. Бұл көп айтылып жүр. Яғни халықтық музыкадан лайықты бiр композицияны алып, оны заманауи өңдеуден (аранжировка) өткiзiп, ұлттық рухы мен бояуы жеткiлiктi музыканы таңдағанымыз жөн.

Егер байқасаңыз, қазақтың халық әндерiнiң бәрi жұртқа ұнайды. Немесе ұлтына жаны ашитын, жауапкершiлiгi бар сазгерлермен жұмыс iстеу керек.  Құрманғазының жiгерлi күйлерiнiң бiрiн алу да дұрыс болады. Әрине, Қазанғаптың да әдемi күйлерi бар. Бiрақ ойлы болып келедi. Бұл спорттың табиғатына сай келмейдi. Сондықтан Құрманғазыдан, Тәттiмбеттен немесе Түркештен, яғни үшеуiнен iздеп көрген жөн болар.

- Әнұранның тiлi үштiлдi болады деген әңгiме де шығып жатыр. Бұған қалай қарайсыз?

- Болса, болатын шығар. Одан қаша алмаймыз. Бiр ұшақтың iшiнде де үш тiлде сөйлеп жүрмiз ғой қазiр. Сондықтан бұл қазiргi қажеттiлiкке айналып тұрған сияқты. Егер орыс тiлiнiң керегi жоқ деп тапсақ, ағылшын мен қазақ тiлдерiн қалдыру керек. Әйтпесе,  «арамызда өзге де ұлт өкiлдерi бар» дейтiн әдетiмiз бар ғой біздің. Сондықтан бiр тiлде ғана айтамыз деген болмайды. Өмiрдiң талабы сондай болып тұр. Қазақ тiлдi көбiрек бiлген сайын ұтылмайды ғой.

Түйiндей айтқанда, күйден гөрi ер адамның орындауындағы әнi мен сөзi әдемi бiр әннiң керегi басымдау болар деген ойдамын.

 

Кеңес ДҮЙСЕКЕЕВ, сазгер, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi:

Азиада әнұранын қазақ елiн мадақтау тұрғысында жазар едiм

- Менiң ойымша, Алматы мен Астана қалаларында 2011 жылы өтетiн Қысқы Азия ойындарының әнұранына байқау жариялануы тиiс. Бұл байқаудың кәдуiлгiдей қомақты жүлде қорын белгiлеп, ұтыс тiгу қажет. Сонда сазгерлер осы тарапта қуана-қуана жұмыс iстейтiн болады. Бұрыннан айтылып жүрген кез-келген бiр әндi алып, орындай салудың керегi шамалы. Яғни, Қысқы Азиада әнұранын жаңадан жазу керек. Себебi, мұндай бақыт тағы да қай уақытта айналып келерiн бiр Құдайдың өзi бiледi?!..

Азиада әнұранының үш тiлде орындалуы туралы естiгенмiн. Орыс тiлiн бiлмеймiн, бiрақ, шынын айтқанда, ағылшын тiлiнде орындалуы керек. Яғни қазақ және ағылшын тiлiнде айтылса, қолдауымды бiлдiремiн.

Бұл әнұранның жанры гимн болуы тиiс. «Гимнская музыка» деген бар. Менiң түсiнiгiмде, осы Азиада туралы әнде гимннiң музыкасы болуы керек. Гимн - өзi жеке жанр. Осыны ұмытпаған абзал.

- Осы жобаға шақырса, әнұран сазын жазуға қатысар ма едiңiз?

- Әрине, араласамын. Неге араласпасқа?.. «Әлi тiрiмiн!» дептi ғой бiр қазақ. Сол айтқандай, тiрi жүргенiмде менiң неге қатыспауым керек? Былайша айтқанда, бiраз композиторлар алдымен менiң деңгейiме жақындап алсын.

Мен Азиада әнұранын гимн ретiнде жазар едiм. Қазақ елiн мадақтау, бүкiл дүниежүзiлiк бейбiтшiлiктi насихаттау тұрғысында жазар едiм.

Шынына келгенде, бiзге Мәскеу Олимпиадасы жақын болды. Сол 1980 жылғы Олимпиаданың жабылу кезiндегi қонжық ұшып бара жатқан сәтте айтылған Пахмутованың әнi қандай керемет! Әрине, барлық жерде, мәселен, Қытайда өткен Олимпиаданың да әнұраны жақсы болды. Бұл әндердiң бәрi гимн жанрымен жазылған. Осыны түсiнуiмiз керек. Гимн жанры - бейбiтшiлiктi, адамгершiлiктi алға ту ететiн жанр. Сондықтан бiзге ең жақын әсер қалдырғаны - Мәскеу Олимпиадасының әнұраны болатын.

 

Болат АТАБАЕВ, театр режиссерi:

Азиада ойындарын «Қаражорға» биiмен ашу керек

- Америка құрлығында Әдiл Бестiбаев деген қазақ сазгерi бар. Қазiр Канадада тұрады. Сол жақта өмiр сүрiп жатқанына көп жыл болды. АҚШ-та өткен «Солт-Лейк-Сити» Қысқы Олимпиада ойындарының әнұранын жазған осы өзiмiздiң қазақ сазгерi Әдiл Бестiбаев болатын.

Негiзi, бұл мәселенi ел арасында айтылып жүрген танымал, құлаққа сiңiстi әндер арасынан таңдаудан гөрi Үкiметтiң арнайы қаулы бекiтiп, тапсырыспен жаздырғаны жөн сияқты.

Әнұран Азиаданың әнұраны болатындықтан оның жанры салтанатты болуы қажет. Бiрақ марш бұған онша келiңкiремеуi мүмкiн. Адамның рухын көтеретiн, халықтарды бiрiктiретiн салтанатты ән жазылуы тиiс. Не болмаса, әйгiлi Бетховеннiң «Ода крадости» музыкасын алу керек. Бұл музыка халықаралық форумдарда көп орындалып жүр.

- Жалпы, қазақтың күйлерiн алса қалай болады? Мәселен, «Сарыарқа» күйi...

- «Сарыарқа»... Келетiн сияқты... Қазақтың көптеген күйлерi әнұран болуға жарайды. Мысалы, «Кiсенашқан» күйi. «Серпер» қандай жақсы күй! Бұл күйде сондай керемет энергия бар, отты музыка. Ұлттық реңк керек болса, Құрманғазы күйлерiнен алған да жөн болар деген ойдамын.

Негiзi, Азиада ойындарын «Қаражорға» биiмен ашу керек. Мың адамды стадионға шығарып, «Қаражорғаны» билету керек. Қазiр бұл бидi қытайдiкi деушiлер де табылып жатыр, өкiнiшке орай. Бұл - қазақтың биi! Өткенде Қытай елiндегi қазақтар осы бидi билеп, рекордтар кiтабына енiптi. Яғни, бекер би емес.

Әлем Олимпиадаларынан ұнайтын әнұрандар қазiр есiмде жоқ.

Қысқы Азиада ойындары Қазақстанда болып жатқандықтан қазақы дәстүрлi көзқарасты енгiзе отырып, ұлттық бояуда салтанатты түрде ашқанымыз дұрыс болады. Яғни ұлттық бояу беру керек.

- Жалпы, осы жобаға қатысуға мүмкiндiк туса, қатысар ма едiңiз? Мәселен, осы Азиада әнiнiң төңiрегiнде театрландырылған қойылым қою керек болатын болса...

- Қатысар едiм, әрине...

 

Қыдырәлi БОЛМАНОВ, продюссер, әншi:

Әнұранның тiлi сөзсiз қазақша болуы керек

- Әрине, бiрiншiден, әнұранның тiлi сөзсiз қазақша болуы керек. Мен мұны қолдаймын.

Бiздiң бұрынғы гимнiмiз композициялық жағынан болса да, бiтiмi жағынан болса да, қанша жерден күштi ән болғанымен, Шәмшiнiң бүгiнде ел әнұранына айналған «Менiң Қазақстаным» әнi секiлдi халық жүрегiнен орын таба алған жоқ. «Менiң Қазақстаным» әнiмен «АБК» тобынан бастап Рахат Тұрлыхановқа дейiн елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде өткен концерттердi аяқтап келемiз. Республика сарайында өткен концерттер де осы әнмен мәреге жетедi. Өйткенi, бұл ән халықтың жүрегiне қозғау салатын, рухын көтеретiн, намысын жанитын ән.

Азиаданың әнұраны да осы үдеден табылуы үшiн өте жан-жақты ойластырылуы керек. Ең бастысы, елдiң жадында сақталып, еңсесiн көтере алатын, спортшысының рухына рух қосатын, жiгерiн жинақтаған ән болуы тиiс. Азиада ойындары басталған сәтте жәй айтылып өте шығатын емес, кәдуiлгiдей жүрек жылытатын, сезiм иiрiмiне түсетiн ән болу керек деп есептеймiн.

Мен әлем Олимпиадаларында орындалған әндердi жiктемей-ақ қояйын. Бiрақ көбiне-көп әлемдiк Олимпиада ойындарындағы әндер, бiрiншiден, табиғи дауыспен орындалады, екiншiден, классикалық сарында болады. Сондықтан олардың бiреуiн тап басып, мынау керемет деп айта алмайсың. Бiр-бiрiне классикалық сарында болғандықтан ұқсас келедi. Бiрақ әнұран орындалғанда сол халықтың менталитетiне сай жұртының орнынан көтерiлiп, спортшыларының көздерiнiң оты жарқылдауына қарағанда, өздерiне тиесiлi рухани бай ән болуы мүмкiн деген ойдамын.

Бiздiң менталитетiмiз бөлек. Олардың тамсанып отырған дүниесiне бiз оянбауымыз мүмкiн. Олардан да артық, керемет дүниеге баруымызға болады. Жалпы, қазақтың табиғаты бөлек болғандықтан қазiргi тәжiрибеге керек кезеңдi iздеп табу өте қажет.

(«Алматы Ақшамы», №117, 8-қазан, 2009 жыл)

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1928
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2081
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1729
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1524