Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3019 0 пікір 5 Қараша, 2009 сағат 07:51

Қазақстан президентінің Италия мен Ватиканға ресми сапары басталды

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Италия мен Ватиканға ресми сапары басталды.

«Кеше Астана уақытымен кешкісін Нұрсұлтан Назарбаев Римге келді», - деп хабарлайды бейсенбі күнгі «Казахстанская правда» газеті.

Газет мемлекет басшысы келе салысымен италиялық «Финмекканика» компаниясының басқарма төрағасы П. Гуаргуалинимен кездесті деп хабарлайды.

Бұрын хабарланғандай, Италияға сапары аясында Н. Назарбаев өзінің әріптесі Джорджио Наполитаномен, министрлер кеңесінің төрағасы Сильвио Берлусконимен кездесіп, қорытындысында тараптар әр саланы қамтитын екі жақты үкіметаралық және коммерциялық келісімшарттарға қол қоймақшы.

Ватиканға сапары барысында Қазақстан президентінің Рим Папасы Бенедикт XVI-мен оңаша кездесуі және Қасиетті тақтың мемлекеттік хатшысы  Тарчизио Бертонемен кездесуі жоспарланған. 

Одан басқа, Италияда екі елдің белді іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1950
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2215
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1824
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1543