Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3744 0 пікір 5 Қараша, 2009 сағат 07:48

Король Абдалла II Назарбаевқа Иорданияның ӘӨК қуатын пайдаланып, әскери техниканы бірлесе жетілдіруді ұсынды

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Амман Астанаға әскери-техникалық ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды, деп жазады «Казахстанская правда» газеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Иорданияға жасаған сапарына арнаған мақаласында.

«Біздің мемлекет басшысымен сұхбаты барысында король Абдалла II Иорданияның әскери-өнеркәсіп кешенінің (ӘӨК) мүмкіндігін пайдаланып, екі елдің қарулы күштеріндегі әскери техниканы бірлесе жетілдіруді ұсынып, әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту туралы пікір білдірді», - деп жазады басылым. 

Сәрсенбі күні президент Н. Назарбаевтың Иорданияға ресми сапарының екінші күні корольдіктің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарын аралаумен жалғасты. Олардың арасында Абдалла II-нің атындағы кең танылған әскери техника саласында мамандандырылған жобалық-конструкторлық бюро, жеңіл көліктерді жетілдіретін зауыт болды. Бюро 1999 жылы тамызда Иордания королінің жарлығымен заманауи қару мен әскери техника жасау үшін құрылып, осы уақытта әлемдік әскери-өнеркәсіптік кешен лидерлерімен бірлескен жобаларды іске асырып, танымал болды. Кәсіпорын былтыр Мәскеуде өткен қару және әскери техниканың III-ші «МВСВ-2008» халықаралық салонының «Ұлттық қауіпсіздік» байқауының лауреаты атанды.

Газет екі елдің қорғаныс министрліктері мен арнайы қызметтерінің деңгейінде байланыс орныға бастағанын хабарлайды. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Иорданияның жалпы барлау қызмет арасында қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. 2008 жылы арнайы қызмет желісіндегі мемлекетаралық ынтымақтастық іс жүзіне асырылып, лаңкестік пен экстремизм және ұйымдасқан қылмыспен күрес саласында бірлескен амалдарды үйлестіру үшін Иорданияға ҚР ҰҚК-нің арнайы өкілі жіберілді.

2008 жылдың наурыз-сәуірінде корольдікте мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін сақтау мен лаңкестікке қарсы күресте арнайы амалдарды іске асыруға қажет қару мен әскери техниканың кезекті халықаралық «SOFEX 2008» көрмесі өтті. Оған Қазақстан тарапынан қорғаныс министрлігінің делегациясы қатысты.

Сол жылғы қазан айында Астанада иорданиялық «Global Shieid» құрылымы мен «Қазақстан Инжиниринг» компаниясының арасында иорданиялық әскери техниканы жетілдіру саласында ынтымақтастық туралы келіссөздер өтті.

Мемлекет басшылары жобалық-конструкторлық бюроны аралап көрген соң, жеңіл автокөліктерді жетілдіретін зауытпен танысты. Осымен Қазақстан президентінің Иорданияға жасаған ресми сапары аяқталды. Н. Назарбаев сәрсенбі күні кешкісін Римге ұшып кетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1962
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2288
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1875
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1552