Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3001 0 пікір 3 Қараша, 2009 сағат 06:48

Бәрекелді, "Нұр Отан!"

Астанада қоқысқа тасталып, күресін күзетіп қалған хандар мен қазақ батырларының ескерткіштері бойындағы қазақы намысы қалғымаған жастарды қатты ашындырған болатын. Аталған оқиғаға қашанғыдағыдай үлкендеріміз үн қатпай отырып алды. Әншейінде алаулатып жалаулатып жоқты барды сөз қылатын саяси партияларда жақ ашпады. Жуырда қайта қосылып жатқан партиялар бұл жайттан тәп-тәуір саяси ұпай жинап қалар деп те күткенбіз. Алайда олай болмай шықты. Бұл жолы зиялы қауымның да, саясат аренасындағы бәсекелестерінің де алдын орап "Нұр Отан" партиясы алдыға шықты.   
- Тәуелсіздік сарайының жанында сақталып тұрған Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші «Нұр Отан» ХДП-ның басты назарында,- деді партияның орталық аппаратында қарашаның 2-сі күні өткен баспасөз мәслихатында ресми өкіл Оксана Петерс.

ҚазТАГ тілшісінің хабарлауына сүйенсек, ресми өкіл осы мәселеге қатысты бұқаралық ақпарат құралдары екі аптадан бері мәселе көтеріп келе жатқанын, сондай-ақ тақырыпқа қатысты материалдар шықпастан бұрын «Нұр Отан» партиясы жастарды алаңдатқан жайтқа баса назар аударғанын атап өткен көрінеді.

«Қазақ хандарының ескерткіштерінің тағдыры болашақта қандай болады, нақты қай жерде және қашан орнатылатындығына алаңдаушылық білдіріп, партия басшылығы атынан қалалық әкімшілікке арнайы хат жіберген болатынбыз. Өздеріңіз білесіздер, ресми хаттың шектеулі жауап беретін уақыты бар. Біз осы жауапты күтеміз. Жауап келісімен сіздер хабардар боласыздар», деді О.Петерс.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1919
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2028
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1698
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1515