Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3365 0 пікір 1 Қараша, 2009 сағат 10:51

Жолдарда ерекше мәртебелілер болмауы тиіс – премьер

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ішкі істер министрлігінің оперативті басқару орталығына (ОБО) барғанда жол полициясының жұмысын қалалардағы жол қозғалысына бақылаудың нашарлығы үшін сынға алып, ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырды.

«Бәрін жақсылап бір сілкіп алыңыз. Жалпы айтқанда халық, ІІМ мен жол полициясы қатарында жүргізілген ол сілкінуді жақсы қабылдады. Тағы да сілкілеп алу керек. Іштегі жемқорлық – бір деңіз. Жолдағы қозғалысқа қатысушыларға бақылау – екі деңіз. Қол тигізуге болмайтын ерекше мәртебелілер жоқ. Түсінікті ме?», - деп ол ІІМ басшысы Серік Баймағамбетовке қаратып.

«Жол қозғалысына қатысушыларға бақылау жүгенсіз кеті: белбеулер, мас күйінде көлік айдау, ұялы телефон (автокөлік айдап келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу – ҚазТАГ). Сондықтан оны күшейту керек. Бәрін сілкілеңіздер, әсіресе Алматыны. Белгілі бір кесімді бағаға құтылатыны ешкімге де құпия емес: мас күйінде көлік айдағаны үшін – 3 мың доллар, белдігі тағылмағаны үшін т.б. болып кете береді», - деді ол.

ІІМ мәліметтерінше, орталық 1999 жылдан бері ішкі істердің облыстық департамент кезекші бөлімшелерінің базасында жұмыс істеуді бастады. Республика бойынша мұндай орталықтардың саны 16. Орталыққа тек патрулдік нарядтан, телефоннан түсетін ақпараттар ғана емес, бейнебақылау камераларынан да ақпараттар келіп түсіп тұрады.

Бүгінге республика бойынша 960 бейне камера орнатылған, деді ОБО бастығы Айтпай Ахметов.

«Күн сайын бейнебақылау камералары арқылы 1000-нан астам әкімшілік бұзушылықтар анықталса, олардың 700-дейі жол ережесіне қатысты», - деді ол.

Ведомство баспасөз парақшасында көрсетілгендей, ағымдағы жылдың 9 айында ел жолдары мен адамдар көп шоғырланатын жерлердегі, аулалардағы бейнебақылау камераларының арқасында жол жүру ережесін бұзудың 360 мың оқиғасы, 250 мың құқық бұзушылық тіркеліп, 2800 қылмыс ашылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1068
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 803
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 928