Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3509 0 пікір 23 Қазан, 2009 сағат 13:10

Алматы мен Стамбул мэрлері қоғамдық көлікті дамытудағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен Стамбулдың мэрі Кадыр Топбаш қалалардың арасындағы мәдени-экономикалық байланыты нығайту перспективасын талқылады. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі жұма күні осындай ақпарат таратты.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, «кездесуде талқыланған маңызды тақырыптардың бірі – қоғамдық көлікті ұйымдастыру, метрополитен құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту» болды.

«Біздің халықтардың тарихы, мәдениеті, тілі мен діні ортақ. Мен, осының өзі тек біздің мемлекеттер арасында ғана емес, барша түркі әлемінің өзара қарым-қатынасының дамуының негізі болып табылатынына сенімдімін», - деді Алматы әкімі.

Президент Н. Назарбаевтың Түркияға ресми сапары аясында Стамбулда Алматының күндері өтті.

Алматы мен Стамбул бауырлас қалалар болып табылады. Бұл туралы тиісті келісімге 2002 жылы 15-ші қазанда қол қойылған.

0 пікір